Материалдар / Қыс қызығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс қызығы аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2022
317
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға

Қызығушылықтарын қолдап, дамыту.Балаларды бейнелі рөлде ересек адам қолындағы ойыншық орындайтын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.

Әдіс- тәсілі: Сайыс, әңгіме, ырғақты-қимылдар.

Көрнекілігі:Аққала, эмблема, плакат.

Оқу іс-әрекетінің барысы: Шаттық шеңбер:

Үлкенге де «Сіз»

Кішеге де «Сіз»

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз Біз!


Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Ал енді орнымызға жайғасып бүгінгі оқу іс- әрекетімізді бастайық. Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Қыс қызығы» .

Алдымен балалар, ойын ойнайық. «Ойыншықтың атын табу».

Балалар ойын ойнайды.

Тәрбиеші: Ал енді жұмбақ шешейік.

Ойлаңдар да ойнаңдар

Сәбіз мұрын кімде бар?

Шелек киген басына,

Айтыңдаршы балалар?

Балалардың жауабы: Айтамыз,айтамыз,

Аппақ қардан жасаймыз

Шыдайды ол аязда

Көңілді ол аққала.

Ғажайып сәт: Бөлмеге Аққала кіріп келеді.

Тәрбиеші: Амансың ба , Аққала.

Аққала: Мені осы балалар кеше ғана тұрғызып еді ,жалғыз қалдырып –қашып кетті. Енді еріп бара жатыр едім дауыстарыңды естіп келдім. Мүмкін мен бұларға керек емес шығармын?

Балалар: Керексің , керексің.

Тәрбиеші: Саған арнап біздің балалар Аққала әнін айтып береді.

Аққала: Балалар мен сендермен ойнағым келіп тұр. Көңілім көтеріліп қалды.

Тәрбиеші: Ойнаймыз ба балалар?

Балалар:Ойнаймыз,ойнаймыз

Ойынға біз тоймаймыз.

Аққаланы құрастыру ойыны ойналады. Суретін үшке бөліп магниттік тақтаға рет-ретімен жапсыру керек. Балалар екіге бөлініп жарысады. Топтарға аттар беріледі: Қыран тобы, Балдырған тобы.

Тәрбиеші: Балалар сендер ойын ойнап шаршаған боларсыңдар, боймызды бір сергітіп алайық.

Қыр үстінде қар-қар

Шырша үстінде қар-қар

Қыр астында ақ аю

Ұйықтайды екен ай-ай

Тыныш-тыныш балақай

Шуламаймыз біз бұлай.

Аққала: Балалар мен еріп бара жатырмын, көмектесіңдерші.

Балалар үрлейді,желпиді.

Тәрбиеші : балалар бұл Аққалаға жеткіліксіз оданда біз оған өнерімізді көрсетейік. «Үнді» биін билеп берейік.

Аққала: Бәріңе ризамын ,балалар. Қош сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар біз қыз мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Немен ойнаймыз? Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Балалардың жауабы.

Шаттық шеңбері:

Бәріміз дос бауырмыз

Сау болыңыз дейміз біз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!