Материалдар / қысқа мерзімді жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыска мерзімді жоспар 3-сынып. Үйрен білім жастықта. педколледж әдіскерімен бірге жасалынған. Қатесіз жасалыеған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ээээ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

«Бекітемін»___________

Колледж әдіскері: Сахариева.З.Д

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Жексембаева Б.Б.

Сабақ жоспары



Тақырыбы: «Үйрен білім жастықта!»

Өтетін орыны: «№4 ЖОББМ» КММ

Сынып: 3 «А»

Мерзімі: 02.12.21ж

Тобы: 401

Машықкер: Сагадиева Арайлым

Баға: «___» __________________













Семей 2021 жыл

Қысқа мерзімді жоспар     


Бөлім

Уақыт

Машаықкердің аты-жөні

Сагадиева Арайлым

Күні:

02.12.2021.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үйрен білім жастықта!

ОҚУ

МАҚСАТЫ:

3.3.2.1 – шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны,көргені бойынша) жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтінді талдай алады, өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Көптеген оқушылар: шығарманың бөліктерін табады, негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар: кейіпкерге хат жаза алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Үй тапсырмасы: Күн тәртібі мәтінінің мазмұнын сұрау.

Тақырыпты болжау:

Оқу мақсатымен таныстыру: Кейіпкерге хат жазасың.


Оқушылар амандасады.





Балалар тақтада ілініп тұрған суретке қарап не туралы екенін айтып, суреттегі ойды анықтап, бүгінгі тақырыпты болжайды: - Кішкентай балалар кітап оқып отыр.
















Сурет

Сабақтың ортасы

20 мин















Шығармашылық жұмыс.

Айтылым

1. Бақыт құсы деген сөзді естідің бе? Ол

қандай болады? Сипаттап айт.


2.Ертегіні түсініп оқы.

Бақыт құсы. Ыбырай Алтынсарин.

Мен бірінші өзім оқып беремін.

-Балалар, ертегі ұнады ма? Ертегі не туралы?

Енді сендер бөлікке бөліп оқисыңдар.

  • Әмзе әкесіне не деп өтінді?

  • Әкесі мақұлдады ма?

  • Әкесі қанша уақыттан кейін оралды?

  • Бақыт құсын тапты ма?

  • Әмзе не деді?

  • Әмзе қандай еді?

  • Жол қанша уақытқа созылды?

  • Әмзе бақыт құсын қай уақытқа дейін іздеді?

  • Шашына қырау түсе бастаған кезде кімді кезіктірді?

  • Қария одан не сұрады?

  • Әмзе не деді?

  • Қария не деп өкінді?

  • Әмзе не деп иланды?

  • Қария не деді?

  • Сонда Әмзе не деп жауап берді?

  • Қария Әмзеге қандай ақыл айтты?

  • Әмзе неге бармағын тістеді?








































3.Ертегіден көкейіңе не түйдің?





4. Бақыт құсын қайтару үшін Әмзеге қандай кеңес бересің?


Ыбырай Алтынсарин туралы ақпарат беру.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Қазіргі Қостанай облысы,Қостанай ауданында дүниеге келген. Оның «Кел,балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері балаларды оқуға, білімге шақырады. Балаларға арнап әңгімелер, өлеңдер жазған.


Сергіту Сәті:

Кел,балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Бас аяқпен топ-топ,

Шапалақпен хоп-хоп,

Бір оңға, бір солға

Өзімді өзім айнала.



Тыңдалым.

5. Балалық шақтың қадірі туралы ақын сөзіне зер сала тыңда. Өзім бірінші оқимын.

Балалық шақ.

Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта
!
Білмесең, жанға қастық та!


1-ші бөлікте ақын не туралы айтты?


Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!


2-ші бөліктің мазмұны қандай?


Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның - үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!

3-ші бөліктің мазмұны қандай?


6. Түсініп оқы. Өлеңнің авторы туралы әңгімеле.


Мағжан Жұмабаев - ақын,жазушы,педагог.

(1893-1938) Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданында туған. Өлеңдерімен қазақ жастарын оқуға, білімге, өнерлі болуға шақырған.

Жұптық жұмыс.

7. Өлеңде ақын не туралы айтқан? Нені өсиет етеді? Постер құр.

Өлеңдегі ақын өсиеті: үйрен білім жастықта, білімге жүгір,жастық шақтың дәмін татып қал, уақытты босқа өткізбе, өнер қу,үйрен, надандықтан жирен.

Жазылым.

Әңгіме кейіпкеріне бақыт құсын қайтаруға көмектес. Оған хат жаз. Хатыңда ақын өсиетін пайдалан.



Бақыт құсы туралы ертегі көргені туралы айтады





Иә, ұнады. Ертегі Әмзенің бақыт құсын іздеуі туралы.

Мәтінді бөлікке бөліп оқиды.

  • Бақыт құсын алып беруін өтінді.

  • Иә, мақұлдады.

  • Жоқ, таппады.

  • Ендеше, өзім іздеймін деді.

  • Ол жұмысқа қырсыз еді, жастайынан ерке өскен, өзі айтқанынан қайтпайтын.

  • Жол ұзаққа созылды. Артта талай көл, талай ел қалды.

  • Шашына қырау түсе бастаған уақытқа дейін.

  • Бір қария шалға кезікті.

  • Не шаруамен жүргенін сұрады.

  • Бақыт құсын іздеп шыққанын айтты.

  • Қап! Бақыт құсын қолыңнан қшырып алыпсың-ау, деп өкінді.

  • Жо-жоқ, мен бақыт құсын кезіктіре алмай жүрмін деп иланды.

  • Жолықтың, бірақ танымадың дедің.

  • Қашан қалай байқамай қалдым?

  • Сен бақыт құсын босқа іздеп шаршадың. Ол адамды өзі іздеп келеді. Жас кезіңде еңбек істесең бақытты содан табар едің. Енді кеш. Өйткені сен өміріңнің жартысынан көбін адасып жүріп өткіздің. Енді ерінбей еңбек етуге үйрене алар ма екенсің? Бақыт құсы тек еңбекқұмарларға ғана қонады. Сондықтан бақыт құсы сенен ұзап кеткен.

  • Өкініш өзегін өртегені үшін.


-Жалқау,ерке болмай, еңбекқұмар болу керек. Уақытты босқа өткізбей еңбек ету керек.

-Қалған уақытыңды бос өткізбей, еңбек етіп, білім үйренуің керек. Сонда ғана бақыт құсы саған келеді.

Ыбырай Алтынсарин туралы ақпаратты қайталайды.





















Балалар сергіту сәтін жасайды











«Балалық шақ» өлеңін тыңдайды, бөлікке бөліп оқиды.66



-Балалық шағың- патшаның тағы екенін, оны бағалауға тіл жепейтінін, тек жүрмей жастық шағыңда білім алу керектігі туралы айтты.





-жоқ ойдан түңіліп,білімге жүгіріп,уақытты бос өткізбей қайтпас уақыттың дәмін татып қалу туралы.



-Жастық деген-бағасыз, оның қадірін санасыз адам ғана білмейді. Жастық-алтын, жастықтың салты-үйрену, өнер қу,белді бекем буып, надандықтан жирену.

Мағжан Жұмабаев туралы ақпаратты оқиды.



















Таратпа материалмен жұп бойынша постер құрады.



Әмзе, сен енді қалған өміріңде еңбектеніп, білім үйренуің керек. Надандықтан жиреніп, уақытты босқа өткізбе. Сонда ғана бақыт құсы саған қайтып келеді.









оқулық



























оқулық











































































Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы: «Бақыт құсы» ертегісін оқып,мазмұндап келу.

Рефлексия




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Бағбан еңбегіне қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді.

Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау


Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)




Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқы тутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!