Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:
8.1С Металдар белсенділігін
салыстыру
|
Мектеп: «Мойнақ ауылындағы МДШО бар
№23 орта мектеп» КММ
|
Күні: 16.10.18
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Жапар.Ш
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар
саны:
Қатыспағандар
саны:
|
|
Сабақ
тақырыбы:
|
Металдардың белсенділік
қатары. № 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін
салыстыру»
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.2.4.6 -металдардың тұз
ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және
жүргізу
|
Сабақ
мақсаты
|
Оқушылардың барлығы мынаны
орындай алады: алдыңғы алынған білімді
пайдаланып, химиялық эксперименттерді орындау дағдылары мен
біліктерін дамытады.
;
|
Бағалау критерийлері
|
Егер оқушы, тәжірибе нәтижесі
бойынша металдардың белсенділік
қатарын құрса, оны
анықтамалықта берілген нәтижемен
салыстырса,
металдардың белсенділік
қатарын қолдана отырып металдардың
жүруі мүмкін орынбасу
реакцияларына болжам жасаса оқу мақсатына
жетеді.
|
|
Пәнаралық
байланыстар
|
математика пәнінен алған
білімін пайдалану.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация. Қажетті сілтемелер: интернет
ресурстар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1-3
минут
|
Тараудың қорытынды сабағы
болғандықтан сабақтың басында оқушылар суреттер арқылы 4-5 оқушыдан
тұратын шағын топтарға бөлінеді. Оқушыларға әртүрлі суреттер
таратылады немесе элементтердің топта орналасуы бойынша бөлуге
болады. Мысалы, литий, натрий, калий және т.б. Немесе реакция
теңдеуінің реагентері мен өнімдерін жинау арқылы топтарды
құрастыруға болады. Бұл әдіс оқушылардың ойын белсендіруге және
зейінін сабаққа шоғырландыруға мүмкіндік
береді.
|
Суреттер
|
Сабақтың
ортасы
4-15
минут
16-30
минут
31-35
минут
|
Сыныппен
жұмыс
Алдымен тараудың алдыңғы
сабақтарда қарастырылған оқу мақсаттарына шолу жасалынады және
металдардың белсенділік қатарына сипаттама
беріледі.
Топтық
жұмыс
Оқушылар аялдамаларда берілген
тапсырмаларды сағат тілімен ауысып отырып орындайды. Әр топқа бір
аялдамада тұруға 3 минут уақыт беріледі. Барлығы 5 аялдама
ұйымдастыруға болады. Топтар аялдамада 3 минуттан аз уақыт тұра
алады.
1-аялдама
А сынауығындағы көгілдір
сұйықтыққа темур шегені салғанда шегенің бетінде қою кірпіш қызыл
түсті қабат пайда болған және ерітінді түссізденген. Сынауықта
жүрген реакцияға қандай заттар қатысқан? Реакция теңдеуін жазыңдар
және тенеңестіріңдер.
2-аялдама
Оқушы зертханада cынауыққа
сұйылтылған тұз қышқылын құйған және әрбір сынауыққа натрий,
магний, мырыш, темір және мыс металдарын салған. Суреттегі
ақпаратты қолданып, қай сынауықта қандай металл бар екендігін
анықтаңдар. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар және
теңестіріңдер.
1 2 3 4
5
3-аялдама
Суретте берілген металдардың
коррозия тудырушы факторларына сипаттама беріңдер? Қай сынауықта
коррозия үдерісі жүреді және неліктен? Себебін
түсіндіріңдер.
4-аялдама
Металдардың ауамен және сумен
әрекеттесу реакцияларының жалпы теңдеулерін жазып мысал
келтіріңдер. Реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер. Реакция
нәтижесінде бөлінетін газға сапалық реакция қалай
жасалады?
5-аялдама
Берілген реакция теңдеулерімен
танысыңдар. Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып жүретін
реакцияларға болжам жасаңдар. Жүзеге асырылатын реакция теңдеулерін
жазыңдар және теңестіріңдер.
алюминий + мырыш
оксиді
натрий хлориді +
алюминий
мырыш сульфаты +
мыс
кальций хлориді +
темір
магний + күміс
нитраты
Бағалау
Топтарға тапсырма жауаптары
таратылып беріледі немесе тақтаға шығарылады. Топтар тапсырманың
жауаптарын сағат тілімен алмастырып тексереді және берілген балл
негізінле бірін-бірі бағалайды.
|
Аялдама
тапсырмалары
Тапсырмалар
жауаптары
|
Сабақтың
соңы
36-40
минут
|
Кері байланыс қол шапалақтау
арқылы жүзеге асырылады.
Үй
тапсырмасы.
Металдардың белсенділік
қатарын пайдалану жайлы хабарлама
жазу.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру
деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір
оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу
материалдарымен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке
ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы
мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды
есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде
қолдана алады
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында
үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді
жазасыз
|
Денсаулық сақтау
технологиялары.
Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет
түрлері.
Осы
сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің
тармақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс
қойылғанба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол
жеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді
ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді
білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол
жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі
аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту
туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы
немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені
білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
|
Қосымша
-1
Металдардың қышқылдармен
әрекеттесуі
Керекті құрал-жабдықтар,
реактивтер: сынауық, мырыш, темір үгіндісі, мыс,
алюминий, сұйытылған тұз қышқылы
Тапсырма: Төрт сынауыққа
әртүрлі металл үлгілерін салыңдар. Бірінші-мырыш, екінші-темір
үгіндісі, үшіншіге -мыс, төртіншіге- алюминий. Барлық сынауықтарға
сұйытылған тұз қышқылынан 1-2 мл құйындар. Не байқадыңдар? Қайсы
сынауықта газ бөлінгені байқалды? Қайсы сынауықта өзгеріс
болмады?
№
|
Не
жасадың?
|
Не
байқалды?
|
Реакция
теңдеуі
|
Қорытынды
|
|
Zn
|
|
|
|
|
Fe
|
|
|
|
|
Cu
|
|
|
|
|
Al
|
|
|
|
Металдардың тұздармен
әрекеттесуі
Керекті құрал-жабдықтар,
реактивтер: сынауық, мырыш, темір шеге, қалайы, мыс
сульфаты, темір хлориді, күміс
нитраты.
Үш сынауыққа мыс сульфаты
ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш,
екінші-темір шеге, үшіншіге
-қалайы.
Екі сынауыққа темір хлориді
ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш,
екінші- қалайы ,
Үш сынауыққа күміс нитраты
ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш,
екінші-темір шеге, үшіншіге -қалайы
Не байқадыңдар? Қайсы
сынауықта өзгеріс байқалды? Қайсы сынауықта өзгеріс
болмады?
№
|
Не
жасадың?
|
Не
байқалды?
|
Реакция
теңдеуі
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Металдардың сумен
әрекеттесуі
Керекті құрал-жабдықтар,
реактивтер: сынауық, метал натрий, магний,
су.
Тапсырма: Екі сынауыққа 2 мл
су құйындар, әртүрлі металл үлгілерін салыңдар. Бірінші-натрий,
екінші-магний. Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта газ бөлінгені
байқалды? Реакция жылдамдығына назар
аудар.
№
|
Не
жасадың?
|
Не
байқалды?
|
Реакция
теңдеуі
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша
-2
1.
1.
Белсенді металл сумен
әрекеттескенде түзілетін өнім:
A
Белсенді металл
оксиді
B
Белсенді металл оксиді және
сутегі
C
Белсенді металл
гидроксиді
D
Белсенді металл гидроксиді
және сутегі
2. Металдардың химиялық
белсенділігіне назар аудара отырып кестені
толтырыңыз.
Реакция
реагенттері
|
Реакцияның жүру
шарты
|
Реакция
өнімі
|
Fe
және Н2О
|
|
FeO және H2
|
Au
және H2O
|
Қыздырған
кезде
|
|
Li
және H2O
|
|
|
3.
Оқушы тәжірибе жасады. Үш
нөмірленген сынауыққа үш түрлі металл (натрий, магний, мыс) кесегін
салды. Әр пробиркаға бөлме температурасында 3 мл дистельденген су
құйды. Тәжірибе нәтижесі 1-суретте
көрсетілген
Сурет
1
-
Қай пробиркада қандай металл
салынғанын көрсетіңіз.
Пробирка
нөмері
|
Металл
|
1
|
|
2
|
|
3
|
|
(ii) Түсіндіріңіз.
……………………………………………………………………………………….
……………………………………………………………………………………….
………………………………………………………………………………….…
(iii) Натрийдің суық сумен реакция теңдеуін
жазыңыз
………………………………………………………………………………….…
(iv) Магнийдің ыстық сумен реакция
теңдеуін жазыңыз
……………………………………………………………………………….……
4.Бөлме температурасында тұз
қышқыл ерітіндісімен әрекеттеспейтін
металдар қатарын
көрсетіңдер
A. K, Cu,
Fe
B. Cu, Au,
Hg
C.
Cu,
Fe,Zn
D.
Na, Mg,
Cu
5. Қандай заттарды өзара
әрекеттестіріп темір (ІІ) хлоридін
FeCl2
алуға
болады:
А. Темір + кальций
хлориді;
В. Темір + мыс (ІІ)
хлориді;
С. Темір + мырыш
хлориді;
D.
Темір + магний
хлориді.
6. 2-суретте әртүрлі
металдардың тұз қышқылының ерітіндісімен реакциясы көрсетілген.
Барлық реакциялар үшін қышқыл ерітіндісінің көлемі мен
концентрациясы бірдей, сондай – ақ металдардың мөлшері де бірдей
алынды.
i) қолданылған металдарды
белсенділігінің артуы реті бойынша
орналастырыңдар
________________________________________________________________________
ii) мүмкін болатын реакция
теңдеулерін аяқтаңдар :
Zn + HCl
=____________________________________________________________________
Mg + HCl
=____________________________________________________________________
Cu + HCl
=____________________________________________________________________
Fe + HCl
=__________________________________________________________________
7. Төменде берілген кестені
қолдана отырып, тапсырманы орындаңдар
Металдар
|
Тұз
ерітінділері
|
магний, мыс,
темір
|
темір (ІІІ) хлориді,
мыс (ІІ) хлориді, күміс нитраты, магний
нитраты,
|
(і) Жоғарыда көрсетілген
металдар және тұз ерітінділері арасында жүруі
мүмкін
болатын барлық реакцияларды
жазыңдар
8. Келтірілген металдардың
қайсысы: салқын
сумен,
тұз қышқылы
ерітіндісімен әрекеттеседі Cu, Ca, Ag, Zn
?
і) Салқын сумен реакция
теңдеуін жазыңдар
_________________________________________________________________________
ii) бұл реакцияның жүргендігін
қалай дәлелдеуге болады?
________________________________________________________________________
iii) тұз қышқылы ерітіндісімен
реакция теңдеуі
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
_________________________________________________________________________
v). (4 және 5 тапсырмаларда
берілген металдарды қолданып) металдардың сумен, қышқыл және тұз
ерітінділерімен реакциялары негізінде, металдар белсенділігінің
жалпылама қатарын құрастырыңдар
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------