Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар "Географиялық дерек көздері" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар "Географиялық дерек көздері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1718
27 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҰМЖ тарауы: Зерттеу және зерттеушілер

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Зерттеу және зерттеушілер

Сабақтың тақырыбы:

Географиялық дерек көздері

Оқу мақсаты:

7.1.1.3 -Географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар

Сабақ мақсаты:

Жалпы мақсат: Географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдармен

Барлығы: Географиялық білім көздерін біледі, карта, атлас, оқулық, әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керек екенін түсінеді

Басым көпшілігі: Карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдармен жұмыс істей алады.

Кейбіреуі: Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін диаграмма, профиль, график түрде көрсете алады

Бағалау критериилері:


Карта арқылы зерттеу нысандарын түсіндіреді;

Зерттеушілердің зерттеген нысандарын анықтап түсіндіреді;

Зерттеу әдістерін қолданып, жинақтайды және талдайды

Тілдік мақсаттар:

Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: оқушы географиялық дерек көздерін оқиды, талдайды.

Сөйлеу дағдыларын дамыту:

Мазмұны бойынша толық жауаптар береді.

Қолданылатын тақырыптық сөздер: зерттеушілер, саяхатшылар, әдістер, құралдар, дерек көздер, зерттеу қорытындылары.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер:

Географиялық дерек көздеріне жатады.......

Геграфиялық зерттеулердің басты мақсаты.......болып табылады

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:Оқушылардың бүкіләлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Зияткерлік мектептердің құндылығы:Оқушылар бойындағы жауапкершілік, коллаборативті орта құру.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, дүнинжүзі тарихы сабақтарымен байланыстыруға болады

Алдыңғы білім:

5 сынып .Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері

6 сынып .Географиялық карта

Кезең

Сабақтағы жоспар жаттығу түрлері


Дерексөздер, ресурстар


Сабақтың басы

Уақыты

5 мин


Психологиялық ахуал туғызу: Сергіту сәті, дене қимыл жаттығуларды орындайды. Оқушылар 4 арқа құрып тұрады және осылайша топқа бөлінеді.

Тақырыпқа шығу: «Визуалды айғақтар» әдісі

Оқушыға географиялық білім алу үшін қандай құралдар қажет?- деген сұрақ қойылады. Ретсіз жатқан сөздердің арасынан,тек географиядан білім алуға болатын құралдарды тізіп жазып алады.Тақырыпқа осылайша өздері шығады.

Сөздер: грамматика, глобус, алфавит, карта, ара, ғаламтор, номенклатура, дереккөздер, суреттер, графикалық материалдар, аквариум.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау, жетелеу сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу

Бағалау:

Жарайсың!», «Бәрекелді

Интернет-ресурс









Сабақтың ортасы

Қолдану

(10 мин)

Мақсаты: Алған және жаңа білімді жұмыс барысында қолдану


«Еркін әңгіме» – әдісі бойынша мәтінмен жұмыс (оқушыларға оқулықтағы мәтіннен мәлімет жинақтайды. Топтарында талқылап, сөздердің мағынасын келесі топтарға түсіндіреді. Әр топ өздерінің түсінгенін айтады

Бағалау критерий:

Дескриптор

Балл

Мәтінді нақты айтады

1

Зерттеу кезеңдеріне шолу жасайды

1

Нақты дәлелдер келтіреді

2

Картадан зерттеушілердің жүрген жолдарын көрсетеді

2

Дескриптор:

  • Мәтінді нақты айтады

  • Зерттеу кезеңдеріне шолу жасайды

  • Нақты дәлелдер келтіреді

  • Картадан зерттеушілердің жүрген жолдарын көрсетеді

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі


Оқулық,кесте


Талдау

Оқу мақсаты:

Тақырыпты оқып, мағынасын түсіну

Уақыты

8 мин


«Мозайка» әдісі:

Тапсырма: төмендегі әр мәтінде не туралы жазылғанын анықтаңыз және маңызы мен қолданылуын айтыңыз.

I-топ

*Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі. (карта)

II-топ

*Фотосезгіш материалдарда кескінді алудың жәнефизикалық немесе басқа процестер кезіндегі сәулеленулерді тіркеудің тәсілдері.Ақпарат пен құжат дайындауда,кино өнерінде, полиграфияда және ғылым мен техниканың көптеген саласында фотография негізгі құрал ретінде пайдаланылады. (Фотосурет)

III-топ

*Картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Ең бірінші неміссаяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492жылы) деп саналады(Глобус)

Бағалау критерийлері:

-Мәтіндегі маңызы мен қолданылуын сипаттайды

Дискрипторлар:

-Мәтінді оқиды, ұғымды түсінеді

- Өткен білімдерін қолданады

Бағалау:

Түрткі сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын түсінеді.

Бағалау: Блоб ағашы



Жинақтау

(12 мин)

Мақсаты Оқу материалының маңызын анықта, ол туралы өзіндік пікір келтір, ойынды білдір

«Синквейн» әдісі бойынша оқушылар проблемалық сұрақ дайындап, қарсы топтарға береді. Олар сұраққа жауап беріп, қорытындыларына талдау жасайды.



Бағалау

мақсаты:

Оқушының білім деңгейін анықтау, келесі қадамын анықтау


Уақыты

5 мин

«Чемодан, себет, еттартқыш»

Мақсат: Кері байланыс жасай отырып, өзін-өзі бағалау

Чемодан-Сізге не ұнады?

Өзіңізге не алдыңыз?

Себет- Сізге әлі де не түсініксіз?

Тағы неге оралу керек?

Еттартқыш-Сізге не ұнаған жоқ?

Сізге не түсініксіз?

Кері байланыс: «Қоржын,Еттартқыш,Қоқыс шелегі» әдісі

«­Өзіммен бірге алып кетемін…»

«есте сақтаймын......»

«қоқысқа ластырамын ....»



«Чемодан, себет, еттартқыш»

плакат



Саралау – Сіз оқушыларға

қандай тəсілмен көмектесесіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Пəнаралық байланыстар.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардықолдану

Оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты

тапсырмалардың орындалу алгоритмі (тапсырманы орындау нұсқауы) берілді.


SWOT – шешімдері , дәптер алмасу

«Адамдар» әдісі

Жаратылыстану, дүниежүзі тарихы













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!