Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар жаратылыстану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауырлық күші дегеніміз не? 3 сынып қысқа мерзімді жоспар жаратылыстану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
294
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5- БӨЛІМ Табиғат физикасы.

Күш пен қозғалыс.


Мектеп: № 172 Мектеп-гимназия




Сынып: 3 «Д»

Практикант: Мақсат Санагүл

Пәні: Әдебиеттік оқу

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар:





Ортақ тақырып

Табиғат физикасы.



Сабақ тақырыбы

Ауырлық күші дегеніміз не?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.1.2 - ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

Сабақ мақсаттары

Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:

  • Ауырлық күші қайда кездесетінін біледі, және анықтама бере алады

Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды:

  • ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды:

  • экспериментті жоспарлау және жүргізу.

Бағалау критерилері

  • Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді

Тілдік мақсаттар

ауырлық күші, тірек

Ойлау дағдысының деңгейі

Қолдану

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс барысында өзара достық, жауапкершілік құндылықтары қалыптасады.

Пән аралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Серпімділік күші дегеніміздің не екенін, серпімділік күшінің қайда пайда болатынын біледі.

Акт қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентациялар

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтажоспарланғаніс-әрекет




Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал:

Оңжақтағы көршімен қол алысайық,

Сол жақтағы көршімен қол алысайық,

Осылайша бәріміз бірге дос болайық.

Топқа бөлу:

  1. Топ Кәсіпкерлер

  2. Топ Ғалымдар

  3. Топ Еріктілер

  4. Топ Физиктер

Үй тапсырмасын сұрау:

«YOUTUBE» ӘДӘСІ

Үйге берілген тапсырма бойынша видео түсіріп келіп, оны youtubeтан көреміз.


Сабақтың ортасы




















Оқулықпен жұмыс



























































Дәптермен жұмыс

Жаңа сабақ:

Жер планетасының формасы қандай? Оқушыларға үрленген шардың үстіне өшіргішті қойып, шарды айналдырып көрулерін өтіну.

-Өшіргішке не болады? Жер планетасы шар тәріздес, ал онда адамдар неге Жерден құлап түспейді сұрағы бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау. Тартылыс құбылысы жайлы ақпарат беру.

Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады. Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон бұл кұбылысты зерттеген, Денелердің жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды. Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлык күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған. Ол Жердің центріне бағытталады. Суретке, сызбаға салғанда оны төмен бағытталған бағдармен көрсетеді.

Ауырлық күші дегеніміз – Жердің өзінің маңайындағы не үстіндегі барлық денелерді, яғни адамдарды, ағаштарды, суді, үйлерді, Айды және т.б. өзіне тарту күші.

Топтық жұмыс: «COCO - COLA» әдісі.

Топ басшылары Кәсіпкелер тобынан COCO – COLA сатып алады. Оның ішінде арнайы сұрақтар болады. Ал кәсіпкерлер мұғаліммен келісім шартқа отырады.



  1. Топ Кәсіпкерлер

«Доп ойындары». Оқушыларға суреттерді қарап, сипаттауды тапсыру. Содан кейін суреттерде ортақ не бар деп сұрау.

-Әрсуретте допқа не болды? (Олар өз жылдамдықтарын өзгертіп, соңында жерге құлайды.)

-Не себепті денелер Жерге құлайды? (Күштің әсерінен.) Дененің Жерге құлауының себебіне болжам жасауды тапсыру. (Жер оларды өзіне тартады.) Оқушылар жауап беруге қиналған жағдайда, денелер Жердің тартылыс күшінің әсерінен құлайтынын айтып беру.

Ауырлық күшіне анықтама беріңіз: ауырлық күші дегеніміз – Жердің денелерді өзіне тарту күші.


  1. Топ Ғалымдар

Табиғат құбылыстары. Оқушыларға табиғи құбылыстарды атап шығуды тапсыру (Жаңбыр, қар, жел, тұман, бұршақ және т.б.). Олардың ішінде қайсысы ауырлық күшінің әсерінен болатынын айтуды және өз жауабын түсіндіруді тапсыру. (Қар, жаңбыр, бұршақ, өйткені, қар ұшқындары, жаңбыр тамшылары мен бұршақтар Жерге тамады).

Ауырлық күшінің әсерінен болатын маусымдық өзгерістерді талқылау. (Күзде жемістер мен жапырақтар жерге түседі; жел екпінімен көтерілген жапырақтар мен ұсақ бұтақтар жерге қайта түседі). Осы кезде Ньютонның тартылыс күшін ашуы туралы аңызды айтып беруге болады.


  1. Топ Еріктілер

-Зілтемір неге ауыр? Оқушыларға бір қолымен оқулықты, екінші қолымен – қарындашты көтеруді тапсыру. Олар заттарды көтеруге бірдей күш жұмсады ма деп сұрау.

-Біз денелерді көтерген кезде қандай күшті жеңеміз? (Ауырлық күшін, өйткені біз дененің құлауына жол бермейміз.)

-Біздің күшіміз және сәйкесінше ауырлық күші неге байланысты? (Дененің массасына.)

-Ауырлық күші дененің массасына қалай байланысты? (Дене массасы ауыр болған сайын, оған әсер ететін ауырлық күші де көп болады.


  1. Топ Физиктер

Тірек. Парта үстінде жатқан немесе сыныпта орналасқан заттарға қарауды өтіну.

-Олардың барлығына ауырлық күші әсер етеді ме? Талқылау ұйымдастыру. Ниет білдіргендердің жауабын тыңдау, қалған оқушыларға дауысқа салуды өтіну.

-Ауырлық күші қалай пайда болады? (Заттар Жерге құлайды.)

-Неге парта үстіндегі заттар құламайды, оларға қандай күш кедергі болып тұр? (Заттар тіректің үстінде жатыр, оларға серпімділік күші әсер етіп тұр.)

-Ал денелердің астындағы тіректі алып тастаса, не болар еді? Қорытынды жасау. (Денелер құлайды, яғни, оларға ауырлық күші әсер етеді.)

Дескриптор:

  • Берілген тапсырма бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

  • Жұмыс қортындысы бойынша дәлелдейді.

  • Тапсырма бойынша түсініктерін жеткізеді.

Бағалау: «Теңге»

Жұптық жұмыс: «Зерттейміз» әдісі

Оқушылар жұп арға бөлінеді. Әр жұп қажет ресурстар дайындау: бөтелкелерді түрлі мөлшерде сумен толтыру.

Зерттеу жұмысы:

-Қалай ойлайсың, қай бөтелке еденге бірінші болып құлайды? (ең ауыр).

-Оны қалай тексеруге болады?

Әр топқа эксперимент жоспарын құруды тапсыру.

Бір оқушы орындықтың үстіне шығып, созылған қолдарымен екі бөтелкені көтеріп тұрады.

Бір мезгілде бөтелкелерді қолынан босатып жібереді.

Екінші оқушы бөтелкелердің еденге тиген сәтін бақылайды.

Экспериментті басқа бөтелкелермен жалғастыру керек.

Қорытынды жасап, оның суретін қойын дәптерге салады.

Эксперименттің жоспарын оның іске асырылуымен салыстыру қажет.

Зерттеу жүргізу барысында оқушылардың мұқият болуын, бөтелкелердің бір уақытта жіберілуін қадағалау. Оқушылар массасы әртүрлі денелердің құлау уақытының бірдей болуы туралы өз пікірлерін негіздей немесе жоққа шығара алады. Бұл тапсырма эксперимент жоспарын құру және жүргізу, қорытынды жасау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

  • Құрал жабдықтарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

  • Сұраққа жауап береді.

  • Дәлеледейді.

Бағалау: Доллар, рубль арқылы

Жеке жұмыс:

Тапсырма. Сурет бойынша қандай күшті анықтауға болады?

  • Ол күш неге байланысты?

  • Осы күштің байқалуына бірнеше мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы:

- сурет бойынша ауырлық күшін анықтайды;

- ауырлық күшіне мысалдар келтіреді.

Бағалау: Юуан арқылы


Сабақ

тыңсоңы

Рефлексия: «Қазақ үй» әдісі

  • Оқушылар қазақүй қандай болады?

  • Ал біздің қазақ үйіміз қандай, боялмаған көріксіздеу болып тұр. Ал оған сіздердің көмектеріңіз қажет.

Тақтада ілініп тұрған қазақ үйге бүгінгі сабақтан не үйренгенін, білгенін, түсінгенін стикерге жазып жабыстырады.



Үй тапсырмасын түсіндіру.

Оқулық: Ауырлық күші дегеніміз не? 38-39-бб.

Жұмыс дәптері:. 86-жұмыс парағы. «Ауырлық күшінің әсері», 30-б.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз

туралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

1.Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

2.Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!