Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар. Таза заттар және қоспалар.7-сынып. Химия

Қысқа мерзімді жоспар. Таза заттар және қоспалар.7-сынып. Химия

Материал туралы қысқаша түсінік
"Таза заттар және қоспалар" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлау жаңартылған білім мазмұны аясында дайындалған. Химия пәні мұғалімдеріне, жас мамандарға көмегі болады деп ойлаймын. Қысқа мерзімді жоспарлауда сабақтың мақсаттары кодпен қойылған. Сонымен бірге сабақ жоспарында сабақтың басында, ортасында және соңында қолданылатын әдістерді дұрыс таңдау маңызды. Сабаққа саралау жүргізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
4801
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1А

Мектеп: «М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аширова Гульжанат

Сынып: 7



Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Таза заттар және қоспалар. Қоспаларды бөлу әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;

7.1.1.2- элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;

7.1.1.3-қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген қоспалардың түрлерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: қоспалар және оларды бөлу әдістерін біледі

Кейбір оқушылар: қоспаларды ажырата алады және қоспаны бөлуде неліктен бұл әдісті қолдану қажеттігін түсінеді

Бағалау критерийлері

  • Элементтер, қоспалар және қосылыстарды ажыратады.

  • Қоспалардың түрін біледі

  • Қоспаны бөлу тәжірибесін жоспарлайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Таза зат,біртекті қоспа, әртекті қоспаларды ажырата алады.

  • Гетерогенді және гомогенді қоспаларды бөлу әдістерін ауызша түсіндіреді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гомогенді қоспа, гетерогенді қоспа, тұндыру, сүзу, буландыру, айдау

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Құрамындағы бөлшектер жай көзбен немесе микроскоппен көрінетін қоспалар .......... немесе ...... деп аталады

Құрамындағы бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспаны ..... немесе .... қоспа деп атайды

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп, іздену қабілетін арттыру

Пəнаралық байланыс

Физика, биология, жаратылыстану

Алдыңғы білім

Элемент, қоспалар , жай зат, қосылыс

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Сынып оқушыларын пазл әдісі арқылы топқа біріктіреміз. Оқушылардың зейінін шоғырландыру және үй тапсырмасын пысықтау мақсатында ширату жаттығуы

«Артығын тап» ойыны орындалады. Логикалық жүйесі бөлек ұғымды анықтайды. Неліктен бұл ұғымды артық деп есептейтіндіктерін дәлелдеу:

  1. Парта, кола, дистильденген су,сүт

  2. Люстра, шыны, көзілдірік, микроскоп

  3. Мұнай, алтын, мыс, күміс

  4. Құдық суы, ауа, оттек, алма шырыны

«Ой қозғау» (уәж туындату)

-Балалар сіздер күнделікті тұрмыста қандай су ішесіздер?

-Таза су,қайнаған су т.б жауаптар болуы мүмкін.

-Неліктен біздің ауылдың суы тұщы, ал Шардарада кермек? Оларда суды қайнатады емес пе?

-Сонда біздің ішіп жүрген суымыз таза су ма, әлде қоспа ма? Қоспа болса оны қалай бөлеміз?

Оқушылардың жауаптары түрлі болуы мүмкін. Жасаған болжамдарыңыздың қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізуге мүмкіндігіміз бар.

Олай болса, оқушылар бүгінгі сабақ таза заттар пен қоспалар жөнінде болады. Осы сабақта жоғарыдағы сұраққа нақты жауапты бере алатын боласыздар.


Сабақтың ортасы

Жаңа ақпаратпен жұмыс.

Жаңа ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру мақсатында «Денотатты граф» әдісін қолдану. Бұл әдіс бойынша оқушылар топқа берілген мәтіннен түйінді –кілтті сөзді табады. Түйінді сөзді сипаттайтын бірнеше етістікті табады, одан тағы бірнеше тармақтар шығарып, сәйкестендіреді

Топтық жұмысты қорғайды.

Сабақты бекіту тапсырламалары:

-Сабақ басында берген сауалдың жауабы қандай болды?

  1. a)Төмендегілердің қайсысы таза зат? A) Дистилденген су B) Жемісті шырын C) Қаймақты сүт D) Лимонды шай

b) Таза затқа мысал келтіріңіз. ___________________________________________________________ ____________________________


А4форматты қағаз, плакат, фломастер, маркерлер







Интерактивті тақта


Сабақтың соңы

Үйге тапсырмасын беру

§ 2. Таза заттар және қоспалар

Біліміңді тексер тапсырмасы

Бағалау

Кері байланыс








Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Қабілетті оқушылар тапсырма. «Күлбикешке көмек бер» тапсырмасы

Күлбикешті балға жібермеу үшін өгей шешесі шекерді құмға төгіп, темір шегелерді онымен араластырып тастап, әр затты бөлек жинауды бұйырды. Күлбикештің жұмысын қалай жеңілдетуге болады?

Бағалау сіз оқушылардың материалды

игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап

отырсыз?

«Бағдаршам», «Бас бармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргіземін

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы өзара бағалауды қолданамын

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы). Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде үйренгендерін бағалау үшін

тапсырмалар берілді. Тапсырмалар , ақпараттар бейнелік, таңбалық болып берілді. Белсенді әдістерді «Артығын тап» «Денотатты граф»

«Суретті тесттер» арқылы оқушылардың тек білімді меңгеріп қана қоймай адамгершілік, бірлесіп ұжымда жұмыс істеуі,топтағы белсенділігі анықталады.

Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!