Материалдар / Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тақырыбы: Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тақырыбы: Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
5568
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:___________З.Жұманазарова

Күні:___________

Бөлім: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: № 133 негізгі мектебі КММ

Күні: 5.03.2020 ж

Пәні: Биология

Мұғалімнің аты – жөні: Қожантаев Жасұлан Ғабитұлы

Сыныбы: 9

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары.

Өнімділігі жоғары ауылшаруашы-лықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.4.11 -мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологияларды қолданылуын зерттеу

Сабақ мақсаттары:

  • Барлық оқушылар:

  • Селекцияның міндеттері мен әдістерін меңгереді.

  • Оқушылардың басым бөлігі

  • Мәдени өсімдіктердің шықан орталықтарын ажыратады

  • Кейбір оқушылар:

  • Селекцияның заманауи жетістіктерімен танысады.

Тілдік мақсаттар


Селекция,(Айтылым)

Мәдени өсімдіктер, сұрыптау, будандастыру,(Оқылым) Мутациялық селекция,(Жазылым)

Гетерозис, полиплоидия(Тыңдалым)

Құндылықтарды дарыту

Дұрыс әрекет: жауапкершілік, инабаттылық, еңбекқорлық, қамқорлық

Пәнаралық байланыстар

География, жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың таралу ерекшеліктері.

Ағылшын тілі. Биологиялық терминдер

АКТ қолдану дағдылары

Презентация жұмысы

Бастапқы білім


Генетика. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік


Сабақтың технологиясы мен әдістері:

АКТ, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, ДЖИГСО, постер қорғау, блиц турнир, графикалық диктант, тазалық стратегиясы, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, салыстыру, талдау, ақпарат беру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1.Амандасу.

Кезекші мәліметімен танысу, журналға белгі соғу.

5-Т сақтау керектігін айтып өту.

Тыныштық.

Тазалық.

Тәртіп.

Татулық.

Талап.



Сабақтың ортасы

Үй жұмысын тексеру

1. Блиц – турнир

Сұрақтар:
1. Организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым дегеніміз не?

2. ХХІ ғасырда ашылған ең соңғы жаңалықтардың бірі?

3. Саусақтардың артық болуының биологиялық тілде атауы?

4. Цитогенетикалық әдісті медицинада қандай мақсатта қолданады?

5. Бір жұмыртқа клетканың бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы дегеніміз не?

6. Хромосомалар жиынтығын графиктік бейнелеуін қалай атайды?

7. Адам генетикасын зерттеудің қанша әдісі бар?
8. ДНҚ - ға талдау жасау қай әдіспен байланысты?
9. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігін алдын ала анықтауға қай әдіс көмектеседі?
10. Бір жұмыртқа клеткасының бір сперматозоидпен ұрықтануынан бір зиготаның дамуы дегеніміз не?
Жауаптары:
1. Генетика

2. Генетикалық кодтың ашылуы

3. Полидактилия

4. Диагностикалық

5. Бір жұмыртқалық егіздер

6. Идиограмма

7. 6

8. Биохимиялық әдіс

9. Егіздік әдіс

10. Әр жұмыртқалық егіздер
2. Әріптерді ретімен орналастырып, тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін тап.
УЯЦЫҚИПЯПЛОЛ ДІСӘ - Популяциялық әдіс
ТЕЛИГОНТКЫНЕОҚА СӘДІ - Онтогенетикалық әдіс

Жаңа сабақ:

(дәріс материалдары ұсынылады)

Жоспар:

  1. Селекция ғылымы және негізгі әдістері;

  2. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі

  3. Селекцияның заманауи жетістіктері

5.Топпен жұмыс

Тақырыпты өз беттерімен оқып шығып, постер қорғау.

1 топ – Селекция ғылымы;

2 топ – Селекцияның негізгі әдістері, саналы сұрыптау, будандастыру әдісі;

Екі жұлдыз, бір ұсыныс.




Мәдени өсімдіктердіц шығу орталықтары

1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық

Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%).

2. Шығыс Азиялық

Соя, тары, қытай алмасы, құрма, алмұрт, алхоры, қарақұмық және т.б. (20%)

3.Онтүстік – Батыс Азиялык орталық

Жұмсақ бидай, аласа бидай, домалақ дәнді бидай, асбұршақ, жасымық, зығыр, кендір, сәбіз, сарымсақ, жүзім, алхоры, атбұршақ (чина), ноқат, мақта, алмұрт (14%).

4. Жерорта тенізі

Орамжапырақ, зәйтүн, қызылша, бақша дақылдары (11%).

5. Абиссиния (Эфиопия)

Қатты бидай, арпа, кофе ағашы, зығыр, пияз, кырыққабат, сәбіз, жүзім, қызылша, тарна, банан (1%).

6. Орталық Америка

Жүгері, Америка үрмебүршағы, асқабақ, бұрыш, какао, темекі, батат, күнбағыс (3%).

7. Оңтүстік Америка (Анд) орталығы

Картоп, темекі, ананас, жержаңғақ (арахис), қызанақ (помидор), какао, жүгері, мақта, хина ағашы (1%).

Графикалық диктант

Егер төмендегі оқылған сөйлемдер дұрыс болса тұсына “/\” белгісі, ал бұрыс болса “-” белгісі қойылады.

Тапсырма:

1.Селекция – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

2.Мәдени өсімдіктерді зерттеп олардың шығу орталықтарын анықтаған орыс ғалымы Н.И.Вавилов.

3. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтау барысында өсімдіктер өзінің түр ретінде түзілген орталықтарынан алыстаған сайын олардың түсінің өзгеретінін көрген.

4.Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция.

5.Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан сұрыптау деп атайды.

6.Жаппай сұрыптау деп генотипі бойынша сұрыптауды айтады.

7.Жеке сұрыптау кезінде организмдердің фенотиптерін зерттейді.

8.Таза сорттар дегеніміз – бір жұп ата-анадан тараған белгілері бойынша гомозиготалы ұрпақтар.

9.Туыстық будандастыру аутбридинг деп аталады.

10. Туыстық емес будандастыру инбридинг деп аталады.

11.Гетерозис кезінде ата-анасымен салыстырғанда буданның тіршілік қабілеті артып, мол өнім алады.

12.Әр түрге және туысқа жататын организмдерді будандастыруды әріден будандастыру дейді.

13.Штамм дегеніміз – морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей бір түрге жататын жануарлар түрі.

14. Полиплоидия жасушаның хромосомалар санының өзгеруінен туындайтын геномды мутацияларға жатады

Қалыптастырушы бағалау жасыл қалам


Дұрыс жауабы: _ /\ /\ /\ /\_ _/\_ _/\/\_/\

9. Сөздікпен жұмыс

Биологиялық терминдердің ағылшын тіліндегі аудармасын жазу:

Селекция - selection

Генетика - genetics

Сорт - sort

Будандастыру - crossing

Сұрыптау - screening

Мутация - mutation

Гетерозис - heterosis

Полиплоидия - polyploidy

Ген - gene

Хромосома - chromosome

Организм – organism


Сартаев А., Гильманов М. Жалпы биология: 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2014. -183-190 бет











































Интербелсенді тақта, презентация






А4 парақтары, маркерлер
























Интербелсенді тақта





















Сабақтың соңы

1.Селекция ғылымы нені зерттейді?

2.Неге генетиканы селекцияның ғылыми негізі деп есептейді?

3.Селекцияның негізгі әдістері:

4.Қолдан сұрыптаудың түрлері:

5.Мутациялар неге организмдердің тіршілігін төмендетеді?

Қорытындылау.

- Бүгінгі тақырып бойынша түсінбеген жерлері болса сұрау;

- Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау;

Үйге тапсырма беру:

1.Дәрісті оқу

2.Жаңа тақырып бойынша тест құрастыру

3. Селекцияның заманауи жетістіктері

4.Сөздік жаттау

13. Рефлексия.

«Тазалық» стратегиясы

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар)


Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).

Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)













Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты стандарты оқу мақсатына негізделіп алынды, дұрыс қойылды. Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.

Саралу жұмыстары дұрыс жүргізілді себебі сыныпты топқа бөлгенде мүдделері ұқсас оқушылардан топ құрадым. Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2

Сабақты жақсартуға не ықпал етеа

лады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!