Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқаша көбейту формулалары 7-cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін түрлі әдіс қолданады: ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану. Кейде көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін бірнеше әдістерді бірінен кейін бірін қолдану керек. Түрлендіруді мүмкін және тиімді болған жағдайда ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарудан бастаған жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1



Беккулиева Гавхар Имамбаевна Shape2

Математика пәні мұғалімі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

"Ынтымақ" жалпы орта мектебі

Санаты: Педагог-сарапшы



Сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:

Беккулиева Гавхар

Пән/Сынып:

7 А сынып

Күні:

08.02.2023 ж

Тарау немесе бөлім атауы:

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақтың тақырыбы:

Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу. 

Оқу мақсаты:

7. 1.2.14

тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

Бағалау критериі:

  • алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану жолы;

  • алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару,

  • топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану сияқты түрлі әдістің комбинацияларын қолдану жолы

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 минут


Ұйым

дастыру

Ұйымдастыру кезені

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Сәлеметсіздерме!

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында

«Миға шабуыл» әдісі арқылы алған білімдерін жүйелеу.

- Қандай өрнек бүтін өрнек деп аталады?

- Бүтін өрнекке және бүтін емес өрнекке мысал келтіріңдер.

- Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

- Екі өрнектің қосындысының кубы формуласын жазыңдар.

- Екі өрнектің қосындысының кубын табу ережесін айтыңдар.

- Екі өрнектің айырмасының кубы формуласын жазыңдар.

- Екі өрнектің айырмасының кубын табу ережесін айтыңдар.


Үйге берілген тапсырма тексеріледі:


Үй тапсырмасын тексеру. №5.136.

Мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіреді.


Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу:

  • «Түйінді сөздер» әдісі арқылы ашамын

(көпмүше; қысқаша көбейту формулалары; екі өрнектің кубтарының қосындысы; көбейткіштерге жіктеу; өрнекті ықшамдау; көбейтінді түрінде жазу; бүтін өрнектерді түрлендіру)


Бүгін, Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қарастырамыз. Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану жолы;

  • алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару,

топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану сияқты түрлі әдістің комбинацияларын қолдану жолы

Амандасады, сабаққа

дайындалады.



Сұрақтарға жауап береді












Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау









Тапсырмаларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын. Толық орындаса, жасыл түсті жоғары көтереді. Қателер болса, қызыл түсті ұстайды.


Презентация

Слайд






10 мин

Жаңа сабақ


Тыңдалым: Видеоролик арқылы тыңдалым жүргіземін.





Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін түрлі әдіс қолданады: ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану. Кейде көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін бірнеше әдістерді бірінен кейін бірін қолдану керек. Түрлендіруді мүмкін және тиімді болған жағдайда ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарудан бастаған жөн.

⠀⠀

1-мысал.

Көпмүшесні көбейткіштерге жікте: 16x2 – 100y2.

Шешуі.

16x2 = (4x)2, 100y2 = (10y)2 түрінде жаз. Бұл өрнекті көбейткіштерге жіктеу үшін квадраттардың айырмасы формуласын қолдан:

16x2 – 100y2 = (4x – 10y)(4x + 10y).

⠀⠀

2-мысал.

Көпмүшені көбейткіштерге жікте: 20x3 – 5x.

Шешуі.

Бұл көпмүшенің мүшелерінде 5x ортақ көбейткіші бар. Осы көбейткішті жақша сыртына шығар:

20x3 – 5x = 5x (4x2 – 1).

4x2 – 1 өрнегіне квадраттардың айырмасы формуласын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктеуді жалғастыруға болады. Нәтижесінде көбейткіштер ретінде неғұрлым төмен дәрежелі көпмүшелер шығады:

20x3 – 5x = 5x (4x2 – 1) = 5x (2x – 1)(2x + 1).

⠀⠀

3-мысал.

Үшмүшені көбейткіштерге жікте: 9a2 – 12ab + 4b2.

Шешуі.

9a2 – 12ab + 4b2 үшмүшесін екі өрнектің айырмасының квадраты түрінде жазуға болады. Демек: 9a2 – 12ab + 4b2 = (3a – 2b)2.

⠀⠀

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады


⠀⠀






⠀⠀









«Бағдаршам» 

арқылы қалыптастырушы бағалау




https://onlinemektep.net/schedule/08.02.2021/lesson/291a80f8-e1c4-433a-9be7-14ddfcfb75c3


Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков

Алматы «Атамұра» баспасы 2017 жыл


5

минут





























5 минут








5 минут

Жалпы сыныптық жұмыс



























Жұптық жұмыс

Ойлан – жұптас, бөліс” әдісі арқылы орындау

Тапсырмалар.

1. Ықшамдаңыз (3a – 2b) (3a + 2b).

а) 9a2 – 12ab + 4b2; в) 9a2 – 4b2;

б) (3a – 2b)2; г) (3a + 2b)2.

2. Көбейткіштерге жіктеңіз 16k2 – 49п2.

а) (4k – 7n)2; в) (4k – 7n)(4k + 7n);

б) (16k – 49n)2; г) (4k + 7n)2.

3. Көбейткіштерге жіктеңіз .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2024
265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12