Материалдар / Қысқы аяздың өрнектері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқы аяздың өрнектері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру, негізгі белгілерін таныту. Балалардың адамдарға, қоршаған ортаға сүйіспеншіліктерін ояту. Қыс мезгіліндегі табиғаттың сұлулығына назар аударту арқылы көркемдік танымдарын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3046
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқы аяздың өрнектері

Білім беру салалары: Таным, Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, сурет, жапсыру.

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру, негізгі белгілерін таныту. Балалардың адамдарға, қоршаған ортаға сүйіспеншіліктерін ояту. Қыс мезгіліндегі табиғаттың сұлулығына назар аударту арқылы көркемдік танымдарын қалыптастыру.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Қысқы табиғаткөрінісінің суреттері, аяздың өрнектері, бейнелеу және жапсыру оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтар.

Сөздік жұмыс: Аяз, өрнек, шебер.

Шаттық шеңбері

Күн шуағы жарқырап,

Бізге жылу береді.

Жылынамыз бой жазып,

Күлімдесіп төс қағып,

Бір-бірімізге иіліп,

Сәлемдесіп қол созып.

-Балалар, мен сендерге жұмбақ-өлең оқимын. Сендер өлеңнің жауабын табасыңдар.

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарда омбығып,

Бет домбығып,

Балалар сырғанақ ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?(Қыста).

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сонымен балалар қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? (Балалардың жауабы).

-Сендер қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар ,

Жауса жаусын ақша қар.

-Балалар, менің сендерге тағы бір жұмбақ жасырғымкеліп тұр.

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

-Өте жақсы балалар,аяз өте шебер. Сендер қыста терезе әйнегіне салынған суреттерді көрдіңдер ме? (Иә)

-Сендер сол суреттерді кімнің салатынын білесіңдер ме? Ал мен ол өрнектерді кімнің салатынын білемін.Терезе әйнектеріне өрнектерді қыста аяз салады. Аяздың суреттері өте әдемі. Суреттерге анықтап қарасаңдар әр-түрлі заттардың бейнесін көруге болады. Біреуі гүлге ұқсаса, енді бірі жануарлардың бейнесіне ұқсайды. Барлығың мына аяз өрнектері бейнеленген суретке қараңдаршы. Неге ұқсайды? (Балалардың жауабы).

Тосын сәт.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма,мен кіммін? (Балалардың жауабы).

-Дұрыс айтасыңдар, мен суретшімін. Сендер сурет патшалығына келдіңдер. Сендер сурет салғанды жақсы көресіңдер ме? Менде сендер секілді кішкентай кезімде сурет салғанды жақсы көретінмін. Мен өз патшалығымда әртүрлі суреттер саламын. Міне, қараңдар. Мына суреттердің барлығын мен өз қолыммен салдым. Балалар ,айтпақшы мен жаңа сурет салған кезімде аяқ астынан қатты боран соғып, менің суреттерімді ұшырып әкетті.Мен қандай сурет салғанымды есіме түсіре алмай қойдым. Мүмкін сендер маған көмектесерсіңдер. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соның шешуін тапсаңдар менсуретімді есіме түсірермін.

1.Мамықтай жұмсақ болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

2. Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін әр үйдің. (шырша).

-Балалар, рахмет сендерге. Мен ненің суретін салып жатқанымды есіме түсірдім, алақай, алақай! Сендердің сурет салғыларың келе ме? Олай болса, сендерді ата-аналарың күтіп отыр. Қазір сендер үш топқа бөлініп, атааналарыңмен бірге жұмыс жасайсыңдар. Бірінші топ алдыларында тұрған табиғи және жарамсыз заттарды пайдаланып қысқы табиғат көрінісін бейнелейді. Ал екінші топ қыс көрінісін сұлбаларды пайдалана отырып жасайды. Үшінші топ жапсыру және сурет салу арқылы қысқы табиғат көрінісін бейнелейді. Ал сендер аналарыңа көмектесіңдер. (Балалар ата-аналармен бірге қысқы табиғат көрінісін бейнелейді. Салған, жасаған жұмыстары туралы айтады. )

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қысқы табиғаттың ерекшеліктерін, қыс мезгілінің негізгі белгілерін, қысқы аяздың өрнектері қандай болатынын біледі.

Түсінуі керек: Аяздың өрнектерінің сан алуан болатынын түсінеді.

Игеруі тиіс: Жұмбақтардың жауабын табады, өз аналарымен бірлесе отырып қысқы көріністі бейнелейді.







































Аққала және қар


Білім беру саласы: Шығармашылық, Қатынас, Әлеуметтік орта.

Оқу іс-әрекеті:Жапсыру.

Мақсаты: жыл мезгіліне тән ерекшеліктерді түсіндіру. Қыста ойналатын ойындарды атау және ойнау. Қар туралы түсініктерін молайту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Аққаланың суреті, доп, геометриялық пішіндер.

Сөздік жұмыс: Жапалақ-жұмсақ, жеңіл, қиыршық – қатты, түйіршік.

Билингвальды компонент: Бөкебай –шарф.

Шаттық шеңбері.

-Балалар, бүгін мен ертемен топқа келсем, Қүлдірген отыр. Ол бізден көп нәрсе үйренгісі келеді екен. Оған үйретеміз бе? (Иә)

-Балалар, қыста жердің бетін не басады? (Қар басады.)

-қар жауғанда күн қандай болады? (суық болады).

-Күн суытқанда біз қандай киімдер киеміз ? (Жылы киімдер киеміз).

-Жылы киімдерді атап беріңдерші? (Малақай, тон, бөкебай, колғап, жемпір).

-Балалар қар қалай жауады? ( Жапалақтап және қиыршық болып жауады).

-Жапалақтап жауған қар қандай болады? (Жеңіл, ұлпа).

-Қиыршық қар қандай болады? (Түйіршік, қатты).

-Қыста қандай ойын ойнауға болады? ( Қар лақтырып, шана теуіп, аққала жасап ойнауға болады).

Қыс мезгілінде неше ай бар, олар қандай айлар? (Желтоқсан, қаңтар, ақпан).

-Қыс мезгілі туралы тақпақ,жұмбақ білесіңдер ме?

Торғай, торғай, торғайсың.

Таяу келіп қонғайсың,

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

-Жарайсыңдар!

-Енді сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту жаттығуы:

-Күлдірген, саған балалардың қыс мезгілдері туралыайтқандары ұнады ма?

Қүлдірген: Әрине ұнады.Балалар, мына қапшықтағы заттарды құрастыра алмадым.Сендер маған көмектесесіңдер ме? (Иә)

-Енді балалар, жұмысымыз жақсы, әдемі, көркем болу үшін саусақтарымызды қыздырып алайық.

Басбармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы.

Ортан терек атасы,

Шылдыршүмек балапан,

Бәріне ортақ алақан.

-Көрдің бе, Күлдірген, сен әкелген пішіндерден балалар аққала құрастырды.

Сергіту сәті: (Балалар жаттығуды кішкентай доптармен жасайды).

-Балалар, енді аққаламызды жапсырайық. (Балалардың жұмысы).

Күлдірген: Балалар, енді маған далада қардан аққала соғуды үйретіңдерші.

-Балалар, үйретеміз бе? (Иә).

-Олай болса, Күлдіргенге аққала соғып берейік.

Қорытынды.































Балабақшада бейнелі және логикалық ойлауды дамыту.


Қазіргі білім мен өркениеттің дамыған ғасырында ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуде балабақшаның атқарар қызметі айрықша екендігі белгілі. Балаларды мектепке сапалы дайындау ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және олардың білімді меңгеруі үшін дер кезінде қажетті мүмкіндіктерді қоя білу маңызды болып табылады. Осы орайда, балабақшаға оқыту және тәрбиелеу жұмыстарында, күнделікті іс-әрекет кезінде де бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуға ерекше мән беру қажет.

Баланың ақыл-ойының дамуы – тек қана белгілі бір мөлшердегі білім алу ғана емес, сонымен қоса есте сақтау қабілетінің дамуы, көз алдында бейнені елестетіп, түрлендіре шығармашылыққа бейімдеп жан-жақты танымдылықтың арқасында ойлаған ойын тиімді және ыңғайлы істер шешу нәтижесінде пайдалана білудегі оңай жол болады. Ойлаудың және есте сақтау қабілетінің жас ерекшелегіне сай жоғарғы деңгейде дамуы бала өміріндегі орасан зор орын алады. Соның ішінде, ойын – баланың дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы , сөйлеуі сол ойын үстінде қалыптасады. Олай болса, халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді» деп тегін айтпаған.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық және педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын-баланың даму құралы, таным көзі, ол тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өміріндегі ойынның маңызы зор, ересек адамүшін еңбектің, жұмыстың қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың іс- әрекетінің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс әрекеттерді жай ғана пайдаланып қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Балалар саздың ылғалдылығының арқасында оны жапсыруға ыңғайлылығын құрылым формасымен оның орнықтылығын, допты соұұанда күшпен, оның еденнен жоғары секіретін дәрежесіндегі күшті тағы басқа байланыстарын тауып оны пайдаланады. Дамып отыратын ойлау балаларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижелерін алдын ала көріп, жоспарлауға мүмкіндік береді. Ойлаудың әуестілігі (ойлап табуға әуес болу) , танымдық ынталары дамыған сайын балалар өздерінің практикалық іс-әрекетінен шығатынміндеттердің аумағынан аспайтын қоршаған дүниені тану үшін кеңірек пайдаланады. Мектепке даярлық шақта ойлау іс-әрекетінің игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игерумен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттердің қандай және оларды бойға дарытудың қалай өтетіндігіне байланысты баланың қалыптасып келе жатқан ойлау іс-әрекеттеріне бейнелер іс-әрекеттер формасын не сөзбен сан сияқты белгілер іс-әрекеттер формасын қабылдайды.

Ойша бейнелермен іс-әрекеттер жасай отырып бала заттармен жасалатын нақты іс-әрекет пен оның нәтижесін көз алдында елестетеді және осы жолмен өзінің алдында тұрған мәселені шешеді.

Көрнекі бейнелі және логикалық ойлау арасындағы айырмашылық түрлі ахуаларды ойлаудың осы екі түрінің басты қасиеттерді бөле білуге мүмкіндік беретіндігіне және сол арқылы басты қасиеттерді әр ауқымдағы мәселелерге дұрыс шешім таба білу. Бейнелі ойлау назар аудару арқылы басты қасиеттерді,көзге елестетерлік мәселелерді шешкенде жетерліктей әсерлі болып шығады. Мысалы: Бала қардың суға айналуы, доптың асфальт жолмен және шөп өскен алаңмен қозғалу жылдамдылығындағы айырмашылықты сараптай білуі көз алдында елестетеді, бірақ көбінесе мәселені шешуде басты орын алатын қасиеттер жасырын болады. Оларды елестетуге болмайды, мұндай жағдайда мәселе тек дерексіз логикалық ойлау жолыменғана шешілуі мүмкін.Тек логикалық ойлау ғана денелердің су бетіндегі қалқуын шынайы себептермен анықтай алады. Ағаш бөрененің, бос шелектің қалқып жүретінін көз алдына дерек ретінде елестетуге болады. Сонымен бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының негізгі түрі. Ол қарапайым формалар сәбилік шақтан-ақ көріне бастайды, баланың заттық іс-әрекетінде қарапайым заттарды қолданумен байланысты. Шағын ауқымды практикалық мәселелерді шешуде байқалады.

Психикалық дамудың жалпы «баспалдағында» логикалық ойлаудың бейнелі ойлаудан жоғары тұруының мәнін былайша түсінуге болады. Логикалық ойлау кейінірек бейнелі ойлаудың негізінде қалыптасалы. Ауқымды кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өз ойлауының жетілген бейнелі формалары ретінде толықтай берік негізінде игермейінше толыққұнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі сұлбалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Бала бес жасқа келгенде көрнекілік іс-әрекетпен ойлау түрімен, бейнелі ойлау түріне ауысады, алты жасқа қарай бала өз ойын бейнелі ойлаған ойын іс-әрекетін сөзбен жеткізе түсіндіруге үйрене бастауы керек. Көрнекілік көзіне шынайызаттармен пайдаланылады. Бала әр түрлі заттарды пайдаланғанда, адамдармен қарым-қатынас жасағанда, жан-жануарларды танып білгенде өзіне тәжірибемен қоса олар туралы көп мәлімет білім жинайды.Ал бейнелі ойлаумен қатарласа жүретін көрнекі сұлбалық ойлаудың күрделенуі бала алдындағы тұрған есепті, мәселені шешу үшін көз алдындағы заттарды пайдалана алмайды. Олардың бейнесін көз алдына елестете отырып ойланады. Конструкторлардықұрастыру ккзінде қолындағы ойыншықты көріп ұстап тұрып қолданып құрастырса, енді оларды ой елесінде ұстап тұрып бейнелі көз алдына елестете отырып орындарын ауыстыруда өз күрделілігін байқатады. 6-7 жаста бала сөйлеу арқылы түсіну, ойлау кезінде сөздің мәні арқылы түсінуге келеді. Осы жаста бала айналаны, қоршаған орта туралы, ондағы ауаның алатын орнымен атқаратын рөлі туралы кеңінен тереңдете түсіне бастайды.


















Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды ойынның педагогикалық маңызы

Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл –ойын дамыту, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғышқы күннен бастап дамытудың құралы – ойын әрекеті. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Психологтардың пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздылық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын баланы тек қана қызықтырып қана қоймай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Біздің негізгі міндетіміз – оқыту мен тәрбие жұмысын бағдарламаға сәйкес ойын ретінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау. Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау жағдайларына мүмкіндік туғызылса, бала еркін ойды, өзіне сенімді, сөйлеуьтілі жақсы дамыған, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тестік тапсырмалар,ертегі негізіндегі тапсырмалар, т.б.) түрлендіре қолдану; б) балалардың талаптану, өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойын еркін жеткізуге бейімдеу; в) көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу; г) психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау.

Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда ойын арқылы математикалық диктант жазудың, заттарды әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көзбен көру арқылы салыстырудың , жұмбақ жасыру мен шешудің маңызы зор. Өйткені, жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу бүлдіршіндердің логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Мен өз тәжірибемде мынандай ойын түрлерін қолданамын:

«Жұп заттарды тап», «Пішіндерге қарап өз сыңарыңды тап», бұл ойынды пайдаланудағы мақсатым: логикалық ойын тапсырмалар арқылы жұп, тақ таңбаларды қолданып, мысалдар шығару, жұптасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. «Көршісін ата», «Сиқырлы тақия», «Үшінші орында қандай сан болу керек», «Көршіңді тап та, тұра қал», «Затты әрі қарай сал», «Фигураларды түрлендір» т.б. ойындарды пайдаланудағы мақсатым: түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып, қызықты ұйымдастырып, балаларға математикалық ұғымдарды жеткізу. Зейін, байқау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін жаттықтыру. Логикалық ойлау операцияларын меңгерген бала зерек бола бастайды. Анық және нақты ойлауды үйренеді. Уақытында ойын жинақтап, тез арада шешім қабылдап және басқаларды өз ойының дұрыстығына сендіре алады. Математика сабағында баланың ойлау белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды логикалық ойындарды қолданудың маңызы зор. Баланың ой-өрісін дамытуда логикалық ойлау оң әсерін береді. Сонымен бірге логикалық тапсырмаларды орындаған кездеойлау қабілеттері арта түсіп, сабақта баланың зерікпеуіне көмектеседі. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «ойынсыз, логикасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәтіндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Логикалық ойлау өз бетінше шешім қабылдауға, түрлі тапсырмаларды орындауға үйретеді. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін ойыннан маңызы зор. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеру керек. Сабақ барысындағы ойын балаларды шабыттандырады. Қиын әдістемелік бөгеттерден өту оңай болады. Мен өз тәжірибемде балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда ойынның педагогикалық маңызы зор екеніне көз жеткіздім. Әринеол үшін баланың жас ерекшеліктерін, білім деңгейін ескере отырып жоспарлау керек. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытатын логикалық ойындар:

  • Қоршаудың артында 4 құлағы көрініп тұр. Қоршаудың артында неше қоян тұр?

  • Ақ қайыңда 3 алма пісіп тұр, ал еменде 2 алма пісіп тұр. Барлығы неше алма пісіп тұр?

  • Мен тастап кеткен санды ата: 1,2,3,5,6,7,8,9,10 (4)

  • Мен тастап кеткен апта күнін ата: дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі (бейсенбі)

  • Артық сөзді ата : а) қыс, көктем, сәрсенбі, жаз, күз; б)таңертең, түс, қыс, түн, кеш;1,2, шеңбер, 3,4,5; г) алу, қосу, жұма,тең; д) шеңбер, үшбұрыш, желтоқсан, сопақша.





«Әжемнің үйі – ақ жайлау»

Мақсаты: Бүлдіршін өыз балаларды қазақ халқының ежелгі өнері-тұрмысқа қажетті төсеніштің бір түрі киіз басумен таныстыру. Заманауи технологияларға және санитарлық нормаларға сай киіз бастыру өнерін тұмаржасау арқылы үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрнекіліктермен жұмыс.

Қолданылатын көрнекіліктер: Сазды әуен, әжелердің суреті, слайдпен жұмыс, киіз басуға арналған жүн, сүлгі,ши.

Барысы: Балалар «Еркем-ай» әнін айтып әжелерінің ауылына қонаққа келеді.

-Балалар, қазақ халқы қонақтарға қандай құрмет көрсеткен? (Балалардың жауабы). Балалар, әжелермен, келген қонақтармен амандасады.

-Сәлеметсіз бе, әже! Хош келдіңіз, қайырлы таң!

Әже: Ой, айналайындарым, келдіңдер ме? Жоғары шығындар, сендер келеді деп мынандай әдемі көпшіктер тігіп қойған едім, соған отырыңдар. Қазақтың қыздары қалай отыру керек? (Көйлектің етегімен тізені жауып отырады).

Әже: Қарақтарым, өздерің бәрін біледі екенсіңдер.

Қарақат: Әже, біз сізге өзіміз салған суретімізді сыйлыққа алып келдік. (Әжеге суретін береді).

Әже:Суреттерің қандай әдемі, мен бұл суреттеріңді мына жерге іліп қояйын. Кішкентай немерелерім суреттіжақсы салады деп, қонақтарыма, көршілеріме көрсетіп мақтанайын. Ал,сендердің әжелерің бар ма? (Иә, бар).

-Күміс әжелеріңе өз әжелерің туралы айтып беріңдер. (Экранға назар аудару).

-Мына суретте кімнің әжесі?

Елай: Мынау менің әжем.

-Әжең саған не үйретеді?

Елай: Ол, ауылда тұрады, маған құрт жасауды үйретті.

-Өте жақсы, ал мынау кімнің әжесі?

Аделья: Менің әжем, ол маған әдемі көйлек тігіп берді.

Қарақат: Әжем маған төлдер туралы ән үйретті, айтып берейін.

Ән. «Қошақаным».

-Бүгін біз Күміс әжеге қонаққа келдік. Бұл жер қалай аталады? (Балалардың жауабы).

-Дұрыс айтасыңдар, «Әжемнің үйі-ақ жайлау» этностудиясы деп аталады. Студияда не үйретеді?

-Онда әжелер бізге ұлттық бұйымдар жасауды үйретеді.

Әже: Ой, айналайындар, мен сендер сияқты басқа балаларға жүн түтуді, киіз басуды, құрт жасауды, құрақ құрауды үйреткен едім. (Слайд көрсету).

Әже: Бүгін сендерге де киіз басуды, киіз басуды, киізден тұмар жасауды үйретемін. Кәне, балаларым столға барып отырайық.

-Балалар, әжелерің киізден тұмар жасауға болатынын айтып отыр, менің қолымдағы тұмарларға назараударыңдаршы. Тұмар кеудегетағып жүретін жұмсақ теріден, киізден, матадан жасалатын кішігірім қалта. Тұмарды «балам ауырмасын, көз тимесін» деп әжелері, апалары, аналары арнайы әзірлейді. Ал,мына менің мойынымдағы тұмарды менің әжем берген болатын. Сендер осындай тұмар жасап үйренгілерің келе ме? (Иә).

Әже: Ой, айналайындарым, ендеше тұмар жасамас бұрын киіз басуды үйреніп алайық, сендер мұқият қарап отырыңдар. (Әжей әдіс-тәсілін көрсетеді. Әуен қосылады).

Әже: Алдарыңдағы алқызыл жүнді алып түту арқылы төрт бұрышты жылтыр затқа көлденеңінен қоямыз. Дәл осылай жүнді түте отырып тігінен қойып шығамыз. Ыдыстағы жылы сабынды суды жүннің үстіне себеміз. Үстіне жылтыр жауып , қолымызбен уқалаймыз.Дайын жүнді шиға орап, қатты баса отырып домалатамыз. Оралған шиларымызды ашып алқызыл жүнін үстіне күлгін түсті жүннен өрнек саламыз. Қайтадан шиды орап домалата отырып басамыз. Дайын бұйымды кептіреміз , кепкен соң тұмарға ұқсатып, оған бау тағып, ішіне әдемі тілек сөздерімізді жазып қоямыз.

-Балалар,Гаухар апайларыңмен бірге әжемізге арнап «Әжем менің қандай?» деген әдемі әнімізді айтып берейікші. (Ән орындалады).

Сергіту сәті: (қимыл жаттығуы).

Қандай жақсы қызбала,

Бүрмелі көлек кигені.

Желеткесі оюлы, тақиясы қоюлы.

Ояды екен мынандай, мынандай оюды,

Гүл, толқын, құсқанаты, қошқар мүйіз, ботакөз.

Қандай жақсы қызбала.

Әже: Ой, айналайындар, қандай өнерлі менің немерелерім. Келесі келгенде бүгін жасаған тұмарларыңды бауымен мойындарыңа тағып кетесіңдер. Мен қонақтарға арнап тұмарлар жасап қойған едім. Соны қонақтарға «Орамал тон болмайды, жол болады» деп, сыйлаңдар.

-Әже, біздің кішкентай бүлдіршін қыздарымыз сізден көп нәрсе үйренді, біз енді қайтайық, келесі жолы тұмарымызды аяқтап кетуге келеміз, сау болыңыз!

Қорытынды.
















Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» Ақтөбе филиалы








Жобаның тақырыбы:

Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның рөлі







Жобаны дайындағандар: Жумагалиева Л.У.

Абдешова Т.З.

Уалиева Ж.Қ.

Қоспанова Г.Қ.

Жанұзаққызы А.


Топ жетекшісі: Кенжегалиева Д.К.







Ақтөбе – 2014



Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның рөлі.

Жоспары


Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары.

    2. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логикалық ойындардың рөлі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.







Кіріспе

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық- физиологиялық,педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызынжоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса , өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалын лайықталған ойын есептерін алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және оларды қоданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымын алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын,айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жоба мақсаты – Мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның рөлін сипаттау.

Жоба міндеттері:

  • Балалардың логикалық ойлауының заңдылықтарын талдау.

  • Мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның рөлін анықтау.


    1. Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары.


Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары. Білім беру жүйесінің барлық салаларыныңалдында тұрған көкей тесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жасұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, логикалық ойлауын дамыту болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар-тәрбиеленушінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдениеттілігі мен дамуын қамтамасыз ететін ізгілендірілген, демократияланған білім сатысы болуы шарт деп есептейміз. Мұнда тәрбие мен білім беру тығыз байланыстырылып, олардың мазмұны және сапалары бойынша біртұтас кіріктірілген кешенді жүйеде жүргізіледі. Кешенді оқыту туралы Ж.Аймауытов: «кешенді оқыту дегеніміз – бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрселерді бір пікірдің төңірегінде жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту» - деп атап көрсеткен. Балабақшада біз, қашан да тәрбие мен білім беруді кешенді тұрғадан егіз ұғым түрінде қарастырамыз. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Мұндай асқарлы міндеттерді жүзеге асырасыуда баланың алған білімінің жүйелігіғ оны тәжірибеде пайдалана білуі, әрі есте сақтауы қамтамасыз етілгенде ғана баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Осы мақсатты жүзеге асыруда, әсіресе, баланың ойлау қабілетін дамыту маңызды мәселе болып отыр.

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтанда баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиеленудің негізін қалыптастырудың құралы ойын әрекеті, яғни, ойын-баланың жетекшісі әрекеті. Бірақ ,ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын езінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшелерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді,ерік-жігерлі, дүние танымды кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған даратұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір көлемін ғана емес, жалпы тәлімдік-тәрбиелілік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Ойы саяздың, тілі саяз деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізгі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Белгілі психолог Л.С.Выготский: Қандайда бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Оларды жоғары, төмен талапқа ауытқу,яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысына қолайсыз әсерін тигізеді деген. Осы орайда, балаларды мектепке дайындау, оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару – деп, білімдік, тәрбиелік үрдістерді дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жақсы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлілігін қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға жақын, олардың танымдық, білімдік, іскерлік әрекеттерді жетекші әрекет-ойын болғандықтан,ойынтүрінде ойландыра отырып оқыту, тәрбиелеудің тиімді жолдарын айқындау бүгінгі күндегіөзекті мәселенің бірі деп біліп, баланың ойлау қабілеттерін арттыру негізінде балаларды жан-жақты жолдарын қарастыруда алдымызға біздің «Қарлығаш» балабақшасының ұжымы төмендегідей мақсат, міндеттер қойдық.

Мақсаты: Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқыбілім беру, кезеңіндегі жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Аталған мақсатты жүзеге асырудағы міндеттеріміз:

-танымдық, білімділік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік,ерікті –жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына – мектепке дайындау;

-баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту- тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру.

-баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілген жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талартары негіздерінде ұйымдастыру;

-балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды әуенді ойын жаттығулар, қимылды жаттығу барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар т. б.);

-логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тестік тапсырмалар, ертегі негізіндегі тапсырмалар т.б.) түрінде қолдану;

-балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;

-көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

-психологиялық ойындар,жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро-ахуал туғызу;

-ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік шараларға, тестік байқауларға, ойын-сауықтарға т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қалыптастыру;

- балаларды мектепке дейінгі педагогикалық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздары мен қарым-қатынаста болу;

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамытудағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады деп ой түйіндейміз.

Балаларды ойлау қабілеттері артып, олардың сөйлеу тілі жақсарады; іскерлік дағдылары қалыптасып, өз күштеріне сенімділіктері артты; ерік-жігері қалыптысып, баланың ашылуына себебін тигізеді. Жалпы алғанда өзіндік құндылық қасиеттері дамып, жалпы дамушылығы, баланың мектеп дайындығы қамтамасыз етіледі. Оның нәтижесі ата-аналардың балабақша өміріне қатыса отырып қызығушылықтары, белсенділіктері артты; балабақшадағы тәлімдік жұмыстар жағдайынан хабардар болып, бағдарламалық талаптар негізінде өз балаларының мүмкіндіктерін біледі; педагогикалық жұмыстар жайында түсініп, балабақшадағы талаптарға сәйкес жүйеленген бағытта көмек көрсете алатындай жағдайға келді.

Жүргізілген жұмыс негізіндегі қолданған дидактикалық материалдардың жинақталғанынан тәрбиешілердің өзіндік іс-тәжірибесі молайып, педагогикалық шеберліктері арта түскендігі байқалады.

Сондай-ақ, ұжымдық бірлігі, біртұтастығы, жалпы психологиялық жалпы жай-күйін, қарым-қатынас тәсілі, балалардың өзін еркін сезінуі, әлеуметтік

Қорғалуы, дамытушы ортаның жақсы жабдықталуы мен қолайлы болуы да өзіндік үлес қосады. Баланың өзін қоршаған ортаға бейімделуі, білім-білік дағдыларын меңгеруі, жеке тұлға ретінде дамуы, Отанның, елін, жерін сүйе білуі, үлкендермен, құрбыластармен қарым-қатынас мәдениеттілігі де баланың ойлау қабілетін дамытуға ықпал етері сөзсіз. Баланың логикасын дамыту.

Бала тәрбиесі - өте ерте заманнан бастап адамзатты толғандырып жүрген өмірдің өзекті мәселелердің бірі. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата-анасының аялы алақанына, мейірім шапағатына бөленеді, ата-ананың мейірімді жүзі, жылы жүрегі, ыстық құшағына балаға дүниеге есігі ашыладығ оның дүниетанымы өмірді білуі міне осыдан басталады. Осы бала тәрбиесі туралы айтқан педагог Сухомолинский өзінің Павыш мектебі атты еңбегінде отбасы барлығының басы, баланың жеке басының жан-жақты дамуының негізі болып табылатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал,әке мен шеше, ата мен әже , апа мен ағалар сәбидің ең алғашқы ұясы болғандықтан оны нығайту,оның тәрбиелік мәдениетін арттыру осы қоғамның басты назарында болу керек. Баланы болашақ өмірге,белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда – балаға құрметпен қарау қажет. Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу ата-ананың, тәрбиешінің басты міндеті.

Балабақшаның басты міндеттерінің бірі – бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс қимылын жан-жақты дамыту. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады десек қателеспейміз. Өйткені бала сөйлей бастасымен өзінің мекен жайын, телефонын жаттай бастайды. Міне, сан санау осыдан басталады. Оны жүйелі түрде шыңдау ата-анамен тәрбиешінің, баланы қоршаған адамдардың басты міндеті.

Сезім тәрбиесі – түйсікпен қабылдаудың бірдей дамуы. Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып білу үшін бүлдіршіннің оның түр-түсіне мән бермейді, заттың құрылымына формасына көңіл бөледі. Сондықтан бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін шыңдау үшін олармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде біздер тәрбиешілер бір-біріне киелетін ойыншықтарды және геометриялық пішіндерді қолданамыз. Мысалы: матрешкалар, бір-біріне келетін ойыншықтар, баланың логикалық қабілетін дамытуға арналған дамытушы ойындар. Бұлар бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесінің, сезім мүшесінің дамуына айналадағы болмысты танып түсінуде әрекет жасап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге үлкен үлес қосты.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ-баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек, адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойы, логикалық және басқа да, қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңіболып табылады.Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртыстарының жұмысын шыңдайды. Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Мектеп жасына диін балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше.Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек.Сұрақтар қою білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибелер өз бетінше іс жүзіне асырады. Сондақтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен маңызды. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды.Бұл қазіргі заманға өте қажет. Өйткені, бұл компьютер ғасыры.

Сезім дәлелді болу үшін баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған бірнеше мысал келтіре кетейін:

  1. Ойнап жүріп ойласақ

а) қызыл, жасыл, сары, көк

алуан, алуан кубиктер.

Үшбұрыш төбесі, төртбұрыш денесі

Ұзыншақ егісі, мынау болар терезе, деп жаттай жүріп құрастырса, баланың қиялдауы дамиды, түр-түсін анықтайды, пішіндердің айырмашылығын ажырата біледі.

б) Біз бесеуміз, бесеуміз,

Бес тармақты жұлдықбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз,

Ынтымақты ұл-қызбыз.

Бұл жаттамақты үшбұрыштың сиқырын ұғып біледі, ынтымаққа, достыққа бір-бірін шақырады, үшбұрыштарды жұлдызша жасау арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдайды.

2.Жұмбақ есептер.

а) Бәрі нешеу

Түйе, түйе маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ, құлақ, бес ешкі

Қос қозысы, екі қой

Бәрі нешеу айта ғой.

Т.Әлімқұлов

б)Дүкеннен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрін,

Қанша болды қолда барым.

Н.Хасенов

«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса – балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

А.С.Макаренко


Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті.Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту – тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндетү Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуекелдікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту, жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан –жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т. б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

Жобаның мақсаты:


  • Баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, қзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жобаның тапсырмалары:

Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар.

Сабақтың түрлері:

Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында

Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.

Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.

Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жететінін байқау

Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.

Сахналау сабақ – оқуылар шығармашылығын дамыту.

Ертегі сабақ – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ.

Сабақтың бұл түрі – баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой-өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты тыңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді.Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезіндегі оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтармен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.

Жұмбақтар

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жылтылдап.

«Б» әрпінен басталады,

Сол жәндіктің атын тап (.............)

Отыз екі мықты,

Қаз-қатар боп шықты

Он алтысы үсті

Он алтысы асты (..............)

Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

Логикалық есеп

  • Айгүлдің алдында 3 зат тұр:шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

  • Үстел үстінде төрт алма тұр.Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалаушы қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  • Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

Ойлан, тап.

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

  • Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.

(14*6)*10=10

Математикалық тест

4+3 9,10,7 10-3 7,8,9

6+3 9,6,4 9-2 5,6,7

Логикалық ойын.

  1. Екі сиырдың мүйізі қанша?

  2. Бір мысықтың аяғы қанша?

  3. Бес қойдың басы нешеу?

  4. Үш адамның қолы нешеу?

Маймылдың не айтқысы келетінін білгің келе ме?

  • Онда әріптерді түсіне қарай таңдап, құйрығына жазып шығар.

Сергіту сәті

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық.

Біреу,екеу, үшеу, төртеу, бесеу

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Санамақтар.

Тауық, жөнін тауып,

Он жұмыртқа басты,

Өздерінше мықты

Төрт балапан шықты

Қанша қалғанын

Есептей алмай отырмын.

Он екі үйрек көріп ем,

Үшеуі ұшып кетті

Төртеуі суға түсіп кетті

Айтпауға сөз қалмады,

Қаншасы орнынан қозғалмады?

Үш алманы бақтағы

  • Кірпі алып жинады

  • Ең әдемі біреуін

  • Ақ тиінге сыйлады

  • Ыдыстағы алманың

  • Санап көрші қалғанын

Суреттегі үшбұрыштың санын табу.

Әріптердің құпиясы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!