Материалдар / "Қысқы олимпиада - 2022"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қысқы олимпиада - 2022"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қысқы спорттық ойын-сауығы. Білім беру саласы: Денсаулық Қатысатын топтар: «Айгөлек» ересек тобы. Тақырыбы: Қысқы олимпиада– 2022 Мақсаты: Балалар қысқы спорт жарысы жайында түсінік алады. Спортқа деген сүйіспеншілігі артады. Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, спорттық ойындар Көрнекіліктер: күй табақ, ту, шаңғы, шана, жалаушалар. Сөздік жұмыс: ирби, коньки, хоккей, биатлон, шорт – трек, фристайл. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Кіріктірілген сабақ: “Қатынас”, “Таным”, “Денсаулық” білім беру салалары. Сабақтың барысы: Балаларды екі қатарға бөліп отырғызу. Амандасу. Армысың қайырымды Аспан ата! Армысың шұғылалы Алтын күн! Армысың мейірімді Жер ана» Армысыздар, қадірменді қонақтар!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2022
1214
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Денсаулық

Қатысатын топтар: «Айгөлек» ересек тобы.

Тақырыбы: Қысқы олимпиада– 2022

Мақсаты: Балалар қысқы спорт жарысы жайында түсінік алады. Спортқа деген сүйіспеншілігі артады.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, спорттық ойындар

Көрнекіліктер: күй табақ, ту, шаңғы, шана, жалаушалар.

Сөздік жұмыс: ирби, коньки, хоккей, биатлон, шорт – трек, фристайл.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Кіріктірілген сабақ: “Қатынас”, “Таным”, “Денсаулық” білім беру салалары.

Сабақтың барысы:

Балаларды екі қатарға бөліп отырғызу. Амандасу.

Армысың қайырымды Аспан ата!

Армысың шұғылалы Алтын күн!

Армысың мейірімді Жер ана»

Армысыздар, қадірменді қонақтар!

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс.

  • Биылғы жыл қай жануардың жылы?

  • Барыс.

  • Ендеше мен сендерге бір ертегі айтып берейін.

Аңыз бойынша Қазақ деген елдегі биік бір таудың басында Ирби атты қар барысы тұрады екен. Ирбидің күштілігі сондай, оны алып жығуға ешқандай мақұлықтың шамасы жетпепті. Тау барысы шыңнан – шыңға секіріп, қардан – қарды қарпа жүріп жалғыз қалыпты. Жалғыздықтан жалығып, Ирби тау тастарында секеңдеген арқарлар мен көкте қалықтаған бүркіттермен достасқысы келеді. Сөйтіп жүргенде, Қазақ елінің астана мен Алматы деген қалаларында Қысқы азия ойындары деп аталатын думанды той болып, ол жерге әлемнің әр елінен барыс сынды төзімді де батыл адамдардың жиналатының естиді. Қуанышы қойнына симаған Ирби: «Мен бұл жерден жақсы достар табамын» - деп жолға шығып, біздің еліміздің төріне шығыпты.

Сонымен балалар, аңызда аты аталған Ирби барысы – 2011 жылы біздің елімізде өткен қысқы олимпиаданың бойтұмары болған екен. Бұл барысты олимпиада бойтұмары ретінде таңдаған өзіндік себебі бар. Біздіңше барыс – еліміздің күш – беделін, батылдылықпен төзімділігін, тектілік пен толағай күш көрінісін білдіретін белгі. Былайша айтқанда, 2030 жылғы арман күнге жетелейтін асыл брендіміз.

Сергіту сәті. Жалпы дамыту жаттығулары (жалаушамен):

1. Екі қолды жалауша ұстап, алдыға созып кезек – кезек айқастыру (4р.).

2. екі қолды созып алдыға, артқа айналдыру (4р.).

3. Қолды алдыға, жоғарыға, екі жақ жанға созу, түсіру (4р.).

4. Қолды алдыға созып отырып, тұру (4р.).

5. Бір орында жүгіру.

- Балалар сендер олимпиада ойындарының қандай түрлерін білесіңдер?

  • ........................................................................................................................

  • Олимпиада ойындарының мынадай түрлері бар.

  1. Конькимен сырғанау.

  2. Шайбалы хоккей.

  3. Мәнерлеп сырғанау.

  4. Шаңғы жарысы.

  5. Биатлон.

  6. Шорт – трек.

  7. Тау шаңғысы.

  8. Фристайл.

  • Қазір біз олимпиада ойындарының мына түрінен жарысып көрейік:

Шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, жүйрік шаналар, биатлон, фристайл

  • 1.«Шаңғы жарысы».

Мақсаты: Балаларды шапшаң қимылдай алады.

Мазмұны: Ойынға әр топтан 1 баладан қатысады. Ойын эстафета түрінде өтеді. Ойын бастаушы бала белгіленген жерге дейін жарыса сырғанай келіп, екінші ойыншыға қолын тигізеді, осылайша барлығы бірінен кейін бірі белгіленген жерге дейін жүріп шағады. Көмбеге бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді.

2.«Шайбалы хоккей».

Мақсаты: Қозғалыс координациясын сақтай алады.

Мазмұны: 2 метр қашықтықтағы қақпаға хоккей таяқшасымен әр бала бір рет шайба салу керек. Қай топ көп гол салса, сол топ жеңіске жетеді.

3.«Жүйрік шаналар».

Мақсаты: Бүкіл дененің қимыл – қозғалысын басқара алады.

Мазмұны: Балалар кезек – кезек белгіленген жерге дейін бірін бірі итеру арқылы жарысады. Қай топ бірінші болып көмбеге жетсе, сол топ жеңіске жетеді.

4. «Биатлон»

Мақсаты: дәлдікпен көздей алады.

Мазмұны: Балалар жүгіріп келіп, қар кесектерін көздеген жерге дәлдеп түсіру керек.

5. «Фристайл»

Мақсаты: қимылды ойындардың ережелерін сақтай алады.

Мазмұны: Қолдарына қар қалақ алып бір жерден екінші жерге қар тасып, шелекті толтыру керек.

Қорытынды бөлім:

Балалар, спорттық жарыстардың ең соңында жүлделілерді мақтау – марапаттау кезінде жеңіске жеткен елдің Ән ұраны орындалып, туы көтеріледі. Бізде бүгін сол спорттық мерекенің заңына байланысты Ән ұранымызды шырқап, туымызды көкке көтерейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!