Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың сулы ерітінділердегі электролиттік диссоциациялануы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың сулы ерітінділердегі электролиттік диссоциациялануы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 класта өткізілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың сулы ерітінділердегі электролиттік диссоциациялануы

Жалпы мақсаттар:

ЭД теориясы тұрғысынан қышқылдардың , негіздердің және тұздардың қасиеттері туралы оқушылар білімін жинақтау және тереңдету, оқушылардың иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру

Күтілетін нәтиже

Электролиттік диссоциация теориясы арқылы заттардың қасиеттері туралы түсініктері, әртүрлі класс заттарының генетикалық туыстығы туралы білім қалыптасады.

Сабақтың әдісі

Топтық тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі

Әк суы, натрий гидроксидінің ерітіндісі, қышқыл ерітіндісі, тамшуыр, лакмус, фенолфталеин, стақандар,

«Қатты заттардың еру механизмі» кинофрагменті, «Қышқылдар, негіздер және тұздардың ерігіштігі» кестесі.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген §7Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер.Электролиттік диссоциациялану дәрежесін сұрау, жаттығу жұмысын тексеру.

2. Берілген реакциялардың қайсылары қайтымсыз? Оларды аяқтап, аяғына дейін жүру себебін анықтаңдар.

1.KNO3 + HCl = KCl + HNO3

2. NaHS + HCl = NaCl + H2S↑

3. AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3

4. Na2CO3 +2 HCl = 2NaCl + H2O + CO2

Жаңа сабақ




Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс

Қышқылдар.Қышқылдар суда ерігенде Н3О+ оксоний ионын түзетінін білесіңдер.Мысалы, азот қышқылының диссоциацияла-нуын былай көрсетеді:

HNO3 + H2O = H3O+ + NO3-

Көпнегізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады.Мысалы, күкірт қышқылының диссоциациялануы екі сатыда жүреді:

H2SO4 ↔ H+ + HSO4-

HSO4- ↔ H+ + SO42-

Қышқылдар диссоциацияланғанда, судағы ерітіндіде Н+ иондары мен қышқыл қалдықтарының иондары түзіледі. Сондықтан қышқылдардың жалпы ортақ қасиеттері Н+ ионы арқылы сипатталады. Осы Н+ 3О+) ионы индикатордың түсін өзгертеді.

Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдарға мынадай анықтама беріледі:

Қышқылдар дегеніміз – сулы ерітіндіде диссоциацияланған кезде катион ретінде тек сутек иондарын түзетін күрделі заттар.

Қышқыл анионын қышқыл қалдығы деп те атайды.

Негіздер.Ерімтал негіздер суда ерігенде де гидроксид иондары ОН- түзіледі.Мысалы:

NaOH ↔ Na+ + OH-

Құрамында гидроксид иондары екі не одан да көп болса, негіздер сатылап диссоциацияланады:

Ca(OH)2 ↔ (CaOH)+ + OH-

(CaOH)+ ↔ Ca2+ + OH-

Барлық негіздерге тән ортақ қасиет ОН- анионына байланысты болады.Осы ОН- иондары индикатордың түсін өзгертеді.

Сілтілер дегеніміз – сулы ерітіндіде диссоциацияланған кезде анион ретінде тек қана гидроксид иондарын бөліп шығаратын күрделі заттар.

Орта, қышқыл және негіздік тұздардың диссоциациясы.

Ерімтал орта тұздардың бәрі бірден металл катиондарына және қышқыл қалдықтарының аниондарына ыдырайды:

Ca(NO3)2 ↔ Ca2+ + 2NO3-

Na2SO4 ↔ 2Na+ + SO42-

CaCl ↔ Ca2+ + 2Cl-

Орта тұздар – сулы ерітіндіде оң зарядталған металл катиондарын және теріс зарядталған қышқыл қалдықтарының аниондарын бөле диссоциацияланатын күрделі заттар.

Қышқыл тұздардың диссоциациялануы сатылап жүреді:

KHSO4 ↔ K+ + HSO4-

HSO4- ↔ H+ + SO42-

Қышқыл тұздар – сулы ерітіндіде оң зарядталған металл мен сутек катиондарын және теріс зарядталған қышқыл қалдықтарының аниондарын бөле диссоциацияланатын күрделі заттар.

Негіздік тұздарда алғашында қышқыл қалдығы, ал одан кейін гидроксид ионы бөлінеді:

Mg(OH)Cl = MgOH+ + Cl-

MgOH+ = Mg2+ + OH-

Негіздік тұздар – сулы ерітіндіде оң зарядталған металл катиондарын және теріс зарядталған гидроксид пен қышқыл қалдығы аниондарын бөле диссоциацияланатын күрделі заттар.



Тапсырмалар

Әр топқа тапсырмалар беріледі:

І тапсырма

1-топ қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен әрекеттесуі

HCl + Me ↔ MeCl + H2

HCl + MeO ↔ MeCl + H2O

2- топ сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі

NaOH + HCl ↔ NaCl + H2O

2NaOH + CO2 ↔ Na2CO3 + H2O

3-топ қышқылдардың,сілтілердің,тұздардың диссоциациялану теңдеулері

H2SO4 ↔ H+ + SO42-

NaOH ↔ Na+ + OH-

NaCl ↔ Na+ + Cl-

ІІ тапсырма:

1-топ Мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот қышқылы, хлорлы қышқыл HСlO4 және марганец қышқылы HМnO4.Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар

HBr ↔ H+ + Br-

HNO3 H+ + NO3-

HClO4 H+ + ClO4-

HMnO4 H+ + MnO4-

2-топ Төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

Na2CO3 2Na+ + CO32-

NaNO3 Na+ + NO3-

CuSO4 Cu2+ + SO42-

K2SO4 2K+ + SO42-

3-топ Мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.

KOH ↔ K+ + OH-

Ca(OH)2 ↔ Ca2+ + 2OH-

Ba(OH)2 ↔ Ba2+ + 2OH-

Mg(OH)2 ↔ Mg2+ + 2OH-

ІІІ тапсырма

Мына заттар диссоциацияланғанда әрқайсысынан түзілетін иондар санын анықтаңдар:

1-топ CuCl2, Fe(NO3)3 , K3PO4, Al2(SO4)3

CuCl2 ↔ Cu2+ + 2Cl- = 3

Fe(NO3)3 ↔ Fe3+ + 3NO3- = 4

K3PO4 ↔ 3K+ + PO43- = 4

Al2(SO4)3 ↔ 2Al3+ + 3SO42- = 5

2 –топ Na2SiO3, K2Cr2O7, HNO3, HCl

Na2SiO3 ↔ 2Na+ + SiO32- = 3

K2Cr2O7 ↔ 2K+ +Cr2O72- = 3

HNO3 ↔ H+ + NO3- = 2

HCl ↔ H+ + Cl- = 2

3-топ MgCl2, AgNO3, Al(NO3)3, Fe2 (SO4)3

MgCl2 ↔ Mg2+ + 2Cl- = 3

AgNO3 ↔ Ag+ + NO3- = 2

Al(NO3)3 ↔ Al3+ + 3NO3- = 4

Fe2(SO4)3 ↔ 2Fe3+ + 3SO42- = 5

IV тапсырма

Мына заттардың ерітіндіде диссоциациялануының теңдеулерін жазыңдар:

1-топ натрий сульфаты, бромсутек қышқылы

Na2SO4 ↔ 2Na+ + SO42-

HBr ↔ H+ + Br-

2-топ азот қышқылы, барий гидроксиді

HNO3 ↔ H+ + NO3-

Ba(OH)2 ↔ Ba2+ + 2OH-

3-топ мырыш нитраты, калий гидрофосфаты

Zn(NO3)2 ↔ Zn2+ + 2NO3-

K3PO4 ↔ 3K+ + PO43-

Кейінгі тапсырмалар

V тапсырма

Егер электролит молекуласының әр 200 – інің 60- ы иондарға ыдыраса, сол заттың диссоциациялану дәрежесі қанша пайызға тең?

α = = 30% күшті электролит

VI тапсырма

Төменде берілген катиондар мен аниондардан тұратын тұздардың формулаларын құрастырыңдар:

1-топ

Na+ + NO3-↔ NaNO3

K+ + SO42- ↔ K2SO4

2-топ

Al3+ + Cl- ↔ AlCl3

Li+ + HSO4- ↔ LiHSO4

3-топ

Mg2+ + HSO4- ↔ MgHSO4

Ba2+ + HS- ↔ Ba(HS)2

Бағалау

Әрбір топ бағалау парақшасы арқылы өз топтарына балл жинайды.


Үйге тапсырма

§8.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі