Көліктер.
3.Жүргізуші еңбегі.
4.Қауіпсіздік кеңестері.
Сабақтың
барысы: Біз үйде, көшеде, мектепте, ойын ойнағанда үнемі
қауіпсіздікті сақтауымыз керек.Жүргізушіге қауіпсіздікті
сақтап,болысуымыз керек.
* Жұмбақ
шешу. Әкемнің тор
тайы,
Май жалап, су ішсе,
Тоқтамай тартады. (Машина)
Машина-көліктің түрі. Көліктер жолаушылар мен жүк
тасиды.Көліктер аспанда ұшатын, суда жүзетін, жерде жүретін болып
бөлінеді.Қалада трамвай,троллейбус, поезд, ұшақ, тікұшақ бар.Ауылда
жылқы мен түйе де көлік ретінде қолданылады.Қалада көліктердің көше
тәртібін сақтауларына бағдаршам көмек береді.Көліктердің кейбір
түрлері шұғыл оқиғаға байланысты өте тез жүреді.Басқа көліктер
оларды тез өткізіп жіберулері керек.
1.Жедел жәрдем машиналары ауру адамдарды
ауруханаға тез жеткізеді.
2.Өрт сөндіру машиналары өртті тез сөндіруге
асығады.
3.Милиция машиналары тәртіпті сақтауға
асығады.
* Жүргізушілер жұмысқа ерте шығады, көліктерді
жөндейді,жанармай құяды, машиналардың жылдамдығын бақылайды.Олар
сендердің қауіпсіздіктеріңе жауап береді.Олардың еңбектерін
бағалауымыз керек.
Бірде қырға барады,
Бірде мектепке барады.
Жүргізуші дамыл таппай,
Қашан демін
алады?
Түн
демейді түнді де,
Күн
демейді күнді де.
Шаршадым деп айтпайды,
Жүргізуші білдің бе?
Шалғын өссе сайларда,
Суытса да әр кезде.
Машинамен біздерді,
Апарады мектепке.
(Ж.Қыдыров)
Апам шықса сапарға, Осы сөзді
байқадым,
-Жолың болсын!-дейді атам. Қуат барын, күш
барын,
Атам шықса сапарға, -Жолың
болсын!-айтамын,
-Жолың болсын!-дейді апам. Алыс жолға шықса
кім.
(Н.Айтов)
Дидактикалық ойын.
«Жақсы-жаман»
*Машинаның алдынан жүгірме.
*Үлкендердің айтқанын тыңдама.
*Автобустың терезесін ашпа.
*Жолдың ортасында ойна.
*Автобустың ішінде қатты айқайлап,жүргізушіге
кедергі жасама.
Үлкен болдым десем де, Үлкенбіз ғой,міне,
біз,
Ешкім маған сенбейді. Жол ережесін
сақтаймыз.
«Жалғыз жүрме көшеде, Автобусқа
отырып,
Кішкентайсың сен»- дейді. Тыныштықты
сақтаймыз!
Көрініс
«Автобуста». (Автобусқа кірген атаға балалардың
амандасып, орын берулері).
|