Материалдар / "Қыстап қалатын құстар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыстап қалатын құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2020
305
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Ортаңғы «Еркетай» тобы Мерзімі: 15.01.2020ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Қыстап қалатын құстар»

Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру.

Білімділік: Логикалық тапсырма беру арқылы, балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қанатты құстарға деген сүйіспеншілікке, қызығушылыққа, құстарға қамқорлық жасауға, күтіп баптауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: құстарың суреті

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, жаттықтыру, сұрақ-жауап, ойын.

Қостілділік компонент: қыс-зима, құс - птица

Оқу қызметі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушы күш














Қыстап қалатын құстар жайында әңгіме жүргізу.

Қыс келді, Күн қатты аяз. Жердің бәрін аппақ қар басып кетті. Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Ал қыстап қалатын құстардан-торғай, тоқылдақ, қарға, көгершіндер қалды. Оларды суықтан мамығы мен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын, сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұмытпау керек. Құстардың табиғатқа пайдасы зор. Олар бау-бақшаларды, егінді, ағаштарды  қорғайды. Сондықтан  құстарды қорғап, қамқорлап  жүрейік.



Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-іздестіру

Балалардың алдына қыстап қалатын (сауысқан, суықторғай, сары шымшық, қарға, торғай, тоқылдақ) және ұшып келетін құстың суретін көрсету.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
- Қандай құстар қыстап қалады?
— Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.

Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты .

Мүмкін ол біздің құстарға келген Қыс апамыз шығар.
Есік ашылып, Қыс кіреді.
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сонау орманнан келдім, құстарымды іздеп келдім.
— Біз сіздің құстарыңызға қамқорлық жасадық.
— Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар.
(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)

Сергіту сәті:

Қарға біздің қар, қар,
Сауысқан саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.

Дидактикалық ойын: «Сипап сезу арқылы санау» 
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.

Балалар алдарындағы суреттерге қарайды және қандай құстар екенін айтып береді.



Олар жем іздеп келеді.



сауысқан, суықторғай, сары шымшық, қарға, торғай, тоқылдақ

Бір бала тұрып құстың атын атайды. Құстарға жем шашады.



Бір бала тұрып есікті ашады.




Балалар амандасады.

Балалар қыстарға қалай қамқорлық жасағандарын айтып береді.

Балалар қатты қуанады.

Балалар қолдарымен сипап сезу арқылы не бар екенін айтып береді.




Сергіт сәтін орындайды







Балалар ойынға белсене қатысады.


Рефлекстік-түзетушілік

Ол үшін ойын ойнайық.
Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар.
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды

Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.

Балалар ойынға белсене қатысады.

Жұмбақтың шешуін табады.





Қарға

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру.

Түсінеді: Қандай құстар қыстап қалатын құстар екенін.

Қолданады: Қанатты құстарға деген сүйіспеншілікке, қызығушылыққа, құстарға қамқорлық жасауға, күтіп баптауын









































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

7 ортаңғы топ. Мерзімі: 24.03.2016ж.

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: Қарпайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Қай жерде тұр? Кеңістікті бағдарлау.

Мақсаты: Балалардың ойлауын дамыту.

Білімділік: : Балалардың логикалық ойын ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Математикаға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттықтыру, ойын

Қостілдік компонент: Сан-цифр, ойын-игра.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Тәрбиеші үстелге 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды қояды. Содан соң балалардың бірін шақырып, бір цифрды алдырады және сол туралы өленді оқып беруін сұрайды.

Балалар цифр туралы өленді еске түсіреді.

Бұл-1 цифры...

Бұл-2 цифры...

Бұл-3 цифры...

Бұл- 4 цифры...

Бұл-5 цифры...

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға суреттерді мұқият қарап шығып, цифрларды сәйкес келетін суретпен қосуды тапсырады.

Тәрбиеші балаларға суретті көрсетеді және сұрайды:

-Мұнда неше бала бар?

-Неше машина бар?

-Балалардың бәріне машина жете ме?

-Неге?

-Машиналар мен балалардың саны туралы не айтар едіңдер?

-Балаларға машина жету үшін, неше машинаның суретін салуымыз керек?


Тәрбиеші балалардан үй мен жұлдызшаның арасында, қолшатырдың үстінде, жұлдыздың астында, саңырауқұлақтың үстіне не тұрғанын сұрайды.


Тәрбиеші суреттерді бояуды ұсынады:

жоғары оң жақ бұрыштағы суретті сары түспен, төменгі сол жақ бұрыштағысын қызылмен, ал төменгі оң жақ бұрыштағысын көк түспен бояу керек.


Тәрбиеші балалардың суретін көрсетеді. Бір-біріне өте ұқсас болғанымен, олардың айырмашылығы да бар. Балалар қанша айырмашылық тапса, сонша дөңгелекті бояуы тиіс.

-Сендер мына суреттерден қандай айырмашылықтар таптыңдар?

Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, бес дөңгелек боялуы тиіс.





Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.

Төрт.

Үш.

Жоқ.

Өйткені машинаға қарағанда балалар артық, ал машина балалардан кем.

Бір машинаның суретін саламыз.




Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды:

жұлдызды сарымен, қолшатырды қызылмен, баскиімді көк түспен бояйды.


Балалар айырмашылықтарын табады: суреттің бірінде күннің суреті бар, екіншісінде жоқ, сол жақтағы баланың жейдесінің қалтасы бар, ал оң жақтағыда жоқ, сол жақтағы баланың шұлығының жолағы бар, оң жақта жоқ, оң жақтағы баланың шалбарында жолақ бар және қасында машина тұр, ал оң жақта олай емес.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Балалар, сендер бүгін қандай цифрлар туралы тақпақ айттыңдар?

-Суреттердің арасында неше айырмашылық бар екен?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

1,2,3,4, 5 цифрлары туралы.



Бес.


Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-ден 5- ке дейінгі реттік санауды.

Игереді: 1,2,3,4,5 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;

меңгереді: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!