Материалдар / Қыстырма сөздер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыстырма сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаттығу орындау барысында, қарамен жазылған қыстырма сөздердің сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтайды және сол сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтындығын меңгереді. Сызба арқылы қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын және қандай тыныс белгісі қойылатындығын тұжырымдайды.Сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
1022
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: .11.2018ж.


Сынып 4 «Ә»

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Қыстырма сөз

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Жаттығу орындау барысында, қарамен жазылған қыстырма сөздердің сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау және сол сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтындығын меңгерту.

Оқушылардың басым бөлігі:Сызба арқылы қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын және қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

Кейбір оқушылар: сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыру.

Бағалау критерийлері

Жаттығу орындау барысында, қарамен жазылған қыстырма сөздердің сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтайды және сол сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтындығын меңгереді.

Сызба арқылы қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын және қандай тыныс белгісі қойылатындығын тұжырымдайды.Сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Мүмкін, әрине,жаңылыспасам, амал қанша, меніңше, демек , оның пікірінше, біріншіден, бәсе, сөз жоқ, бағымызға қарай т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

*Қыстырма сөздер деген не ?

*Қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылады?

*Қыстырма сөздер мағынасына қарай қалай айтылады?

Құндылықтарды дарыту

Көркем жазу сауаттылықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім


Сабаққа жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

1.Ұйымдастыру кезеңі

-сабаққа қажетті құрал жабдықтарын түгендеу,

-назарларын сабаққа аударуын қадағалау.

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
















Сабақтың ортасы (25 мин)

57-жаттығу. ҰЖ.Сөйлемдерді оқы.

Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз? Осының бәрі, әрине, бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес. Мүмкін, бұл сіздің оған көмегіңіз болар. Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсың.

Дескриптор:

1.Сөйлемдерді оқиды.

2.Қарамен жазылған сөздерге назар аударады және сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтайды.

3.Сөйлемдерді қарамен жазылған сөздерсіз айтып , олардың сөйлем мүшелері болатындығын немесе болмайтындығын анықтайды.

Қорытынды:

Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшелері болмайтын сөздер бар.Ондай сөздерді қыстырма сөздер дейміз.

58-жаттығу. ЖЖ. «Ойлан, жұптас,бөліс» Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздерді тап.

Болашақта дәрігер болармын , бәлкім. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес.

*Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын айт. Соған қарап қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылатынын тұжырымда.

***Сергіту сәті***

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

59-жаттығу.ӨЖ

Дескриптор:

1.Сөйлемдерді көшіріп жазады.

2.Қыстырма сөздерді тауып,астын сызады.

3.Олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын сызба бойынша түсіндіреді.



60-жаттығу. ТЖ. Қыстырма сөздерді пайдаланып, суретпен әңгіме құрастырады.

Рисунок 2

Оқулық













Оқулық

















Оқулық

















Жұмыс дәптерлері







Сызба







Моноблок











Суреттер оқулық














Сабақтың соңы

(10 мин)

Қорытынды:

*Қыстырма сөздер деген не ?

*Қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылады?

*Қыстырма сөздер мағынасына қарай қалай айтылады?

Үйге тапсырма: «Ойын алаңында» Құрамында қыстырма сөздері бар мәтін құрастырып жаз.

Бағалау .



Оқулық

Кесте

Сызба

Сабақ бойынша рефлексия






Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау: Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


-Қандай екі нәрсе табысты болды?



-Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?



-Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?


1.



2.



1.



2.



1.



2.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!