Материалдар / Қытай өркениеті

Қытай өркениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2018
4224
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІТАРИХ КАФЕДРАСЫ

















«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050114 тарих мамандығына арналған















































Семей, 2013Құрастырушы: Тарих магистрі, Керейбаева А.С.

Кафедра отырысында бекітілді.«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхамеджанова Н.А.

Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.

«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М. Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________

Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.

















































Мазмұны

  • Пән бойынша глоссарий ……………………………………………… 4-6


  • Пән бойынша жұмыс бағдарламасы………………………………….. 6-8


  • Дәріс сабақтарының тезистері …………………………………………8-58


  • Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау……………………….......... 58-67


  • ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………67-71


  • СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………. 71-75


  • Бақылау тапсырмалары ...............................……………………………75-87


























































  • ГЛОССАРИЙ


АГРЕССИЯ - Басқанын жерiне әскер күшiмен шабуыл жасау, басып алуАДМИНИСТРАЦИЯ - мемлекеттiк басқарудың реттеушi атқарушы органыАЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - Қоғамдағы экономикалық рухани адамгершiлiк дiни, ұлттық қатынастардың жиынтығыАЙ- уақыт есебінің бірлігі, айдың жерді айналу периодына теңАЛФАВИТ- қандай да бір тілдің жазбаша түрде қабылданған әріптердің жиынтығы Белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан әліпбиАРХЕОГРАФИЯ- қолданбалы тарихи пән. Тарихи деректерждің басылымдарының ережесі мен әріптерін қарастырады БУЫНДЫҚ ЖАЗУ- б.з.д 10-11 ғ кезінде турікшілерде буындық жазу қолданды.ВЯЗЬ- декаративтік жазуГЕНЕОЛОГИЯ – ру, шығу тегін зерттейтін ғылымГЕРАЛЬДИКА – елтаңбаларды зерттейтін ғылымГРИГОРИАН КАЛЕНДАРЫ-осы күнгі халықтардың көпшілігінде қолданылатын санау жуйесіГРИГОРИАН КҮНТІЗБЕСІ - 1582 ж Рим папасы Григорий 13 бастамасымен реформаланған күнтізбе. Оның уақыты 365 тәулік 5 сағат 49 минут 12 секундДӘУІР - уақыт өлшемі, кезең, Дәуір кезеңдері: политикалық, діни, фиктивтік, және нақтыДИКТАТУРА - антогенистiк топтар бар, қоғамдағы, бiр топтың саяси билiк жүргiзу жүйесiДИПЛОМАТИКА - актілерді зерттейдіДИПЛОМАТИЯ- екі ел арасындағы қарым-қатынасЕРЕТИК - Рим коталик шiркеуiнiң докладтарын жоққа шығырушы және мойындамайтын адамдар осылай аталған.ЖАЗ - Көне Русьтегі мезгіл ауысымының толық айналымыЖАРТЫЛАЙ УСТАВ- 14 ғ бастап 15 ғ дейін тұрақтаған Кирилл алфавитінің бір түріЖЕДЕЛ ЖАЗУ-15 ғ пайда болған жазу түріЖЫЛ-уақыт бірлігі, жердің кунді айлану периодына теңКАЛЕНДАРЬ- әр айдың біріншісі куні деген сөзден шыққан , бірақ таб-ң кезеңінде құб-ң негізінен уақыт санау жүйесінің өзі ертеде шыққанКАЛЛИГРАФАЛОГИЯ- Кытайлық жазу үлгісіне тән. Бейнеленіп жазылған жазудың ерекше зерттелуіКИНОВАРЬ - көне жазбашылар қолданған сарғылт түсті краскаКИРИЛЛ МЕН МЕФОДИЙ - еж славяндардың жазу өнерінің дамуына улес қосқан ғалымдарКИРИЛЛИЦА- славян жазу графикасыКОНСТИТУЦИЯ - қоғамдық және мемлекеттiк құрылыстың негiзiн мемлекеттiк органдар жүйесiн олардың құрылуы және қызметiн азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтап беретiн мемлекеттiң негiзгi заңыКОНЦОВКА - тараудың немесе беттің соңындағы текст астындағы суретКРИПТОГРАММА - ерекше маңыздығы бар адамдарға ғана түсінікті жазба таңбаларыКРИПТОГРАФИЯ- құпия жазуҚАҒАЗ - өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен матастыра байланысу арқылы жұқа парақ түрінде жасалған материалҚОЛЖАЗБА - 1 қолмен жазылған немесе жазу машинасымен басылған жазба шығарма 2 баспаға ұсынылған немесе терімге жіберілген материалдың түп нұсқасыЛИТРОЛОГИЯ - өлшемдер және ақша системасын зерттейдіМАГИСТР - ежелгi Римде кейбiр қызмет адамдардың лауазымы, шенiМЕЗГІЛ - жыл уақытыМЕТОН ЦИКЛІ - уақыт кезеңі, 19 жылға немесе 6940 тәулікке тең Мұны көне грек астрономы және математигі метон орнатқан оның йиклі көнерек күнтізбесінің негізі болды.МИНИЯТЮРА- көне қолжазбалар мен кітаптардағы сырмен жазылған кішігірім суретНЕРГРАФИКА- қазіргі кездегі жаңа заманның қолжазбасының сыртқы жақтарын зерттейдіНУМИЗМАТИКА – мәнеттерді зерттейтін ғылымОНОМАСТИКА - жеке атауларды оқытатын ғылым саласыОХРА - сары түсті краскаОЮ - геометриялық, өсімдік пен жануарлар элементтерінің үйлестірілген графикалық өрнекПАЕРОК - сөз болетін белгі. Жарғылық жазбаларда қолданылған «ерь» белгілерінің орнын айырбастағанПАНТЮЗО - қағазға сым терімен вертикальді линиямен қалдырылған су белгісіПЕРГАМЕНТ- төл терісінен өңделіп жасалған кітаптың бір түрі ПОЛИМПИСТЕР - пергаменттің қымбаттылығынан бір кезе жазылған тексті қырып тастап орнына жаңа текст жазуПОПИРАЛОГИЯ - папирустағы жазу-сызуды оқытатын ғылымПУНИКАЛЫҚ ЖАЗУ - Орзон-Енисей , Талас өзені бойынан табылған байырғы түркі жазуыРЕГЕСТ- құжатты оның тілі мен құрылымын сақтай отырып баяндаудың ерекше белгісі РЕДУКЦИЯ-жцыл санаудың бір жуйесін басқа бір жүйесіне аударылған датасы.СОБОР - 1/ ел басқаратын қызмет иелерiнiң немесе халық өкiлдерiнiң жиналысы.2/ СОБОР- қалалық үлкен шiркеуСОСЛОВИЯ - мемлекетiндегi заң жүзiнде жағдайы бiрдей адамдарды бiрiктiретiн қоғамдық топ сословия бөлiну қоғамның таптық жiктелуi негiзiнде туды, әр бiр сословияның заңда баянды етiлген белгiлi правалары мен мiндеттерi боладыСТЕНОГРАФИЯ- текті бейнелеудің жаңа тәсілі СТИГМА - ертедегi Грецияда құлдардың қылмыстылырдың денесiне салынатын таңба, 2/дененiң әр түрлi бұзылулардың жалпы аты.СФИНКС - ежелгi Египеттегi басшы адам денесi арыстан бейнесiндегi алыптас мүсiн 2/ фараон күшiнiң символы,3/ түсiнiксiз жұмбақ жан иесi, құпия адамСФРАГИСТИКА – мөрлерді зерттейтін ғылымСФРАГИТИКА- мөрлерді оқытатын ғылымТЕРОТОЛОГИЯЛЫҚ ОЮ-фантастикалық түрде бейнеленген қорқынышты аңдық өрнектерТИРАНИЯ - Ежелгi Греция Римде және орта ғасырлардағы мемлекеттерде өкiметтi күштеп басып алушы, және билеушi адам 2/ басқаруды зорлық-зомбылық арқылы жүргiзушiТИТУЛ - лауазым феодалдың және буржуазиялық қоғамдарда адамдарға берiлетiн құрметтi атақ Мысалы граф, баронУАҚЫТ ЕСЕБІНІҢ ЖҮЙЕСІ- календарьУСТАВ- 14 ғ дейін ү стемдік еткен Кириллл жазуының түріШТЕМПЕЛЬ-қағазды тауарлық маркілеу, қағазға фабрикалық белгі соғуЭПИГРАФИЯ- тас плиталардың , суйектің металдың , саз балшықтың бетіндегі жазуларды зерттейдіЮЛИАН КУНТІЗБЕСІ- бэд 46 ж Ю. Цезарьдың реформасфның нәтижесінде құрылғанкүнтізбе

  • ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Курстың қысқаша сипаттамасы

Ежелгі дүние тарихы курсы екі бөлімнен тұрады: Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен Рим тарихынан. Бұл курс университеттің гуманитарлық факультеті «тарих» мамандығы студенттеріне екінші семестрде оқытылады. Ежелгі дүние тарихы курсы арнасында Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен Римнің ортақ белгілері, әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы, саяси институттарындағы, діни-мәдени өрістеріндегі жалпы негіздері және әрқайсысының өзіне ғана тән қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы ерекшеліктері де қарастырылады.

Пәннің мақсаты: Ежелгі дүние тарихы курсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамының алғашқы қарапайым қауымдық қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту тарихының басты белгілерін және мемлекеттік институттарының пайда болу тарихын, адамзат дамуындағы жаңа қоғам- өркениеттік қоғамның даму тарихын жан-жақты талдап оқыту, үйрету және игерту болып табылады. Сонымен қатар, Ежелгі дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамының дамуының барлық өрістеріне, яғни қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрістерінің өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі мен орасан зор ықпалын студенттерге жете түсіндіру болып табылады.

Пәннің міндеттері:
  • Пән мазмұнын студенттерге жан-жақты таныстыра отыра, тереңдете оқыту.
  • Студенттердің тарихи деректермен, құжаттармен жұмыстар жасауына басшылық беру, ұйымдастыру, қадағалау.
  • Монографиялық еңбектерге, әрбір жеке тарихи оқиғаларға пікірлер беруге, баяндамалар, рефераттар әзірлеуге үйрету, баулу т.б.
  • Студенттердің аталынған пәннен алған білімдерін болашақта ұстаздық қызметтері барысында дүниежүзілік тарихты оқу кездерінде дұрыс пайдалана білуге бағыттар беру, жұмыстары барысында қолдануға үйрету.


Курстың тақырыптық жоспары:
Тақырып атыБарлық сабақ




ДәрісСеминарСОӨЖСӨЖ
1.Ежелгі Шығыс өркениеті2 125
2Ежелгі Египет тарихы2125
3Ежелгі Месопотамия елдері2125
4 Ертедегі Кіші Азия мен Закавказье2125
5Ассирия державасы2125
6Ежелгі Иран. Ахеменидтер тұсындағы парсы державасы.2125
7Ежелгі Қытай өркениеті.1125
8Ежелгі Үнді өркениеті1125
9Ежелгі Грекия тарихы1114
10Ежелгі Крит және Ахейлік Греция2114
11Б.з.д. ҮІІІ-ҮІ ғғ. Архаикалық Греция2114
12Классикалық дәуірдегі Греция. Б.з.д. Ү-ІҮ ғғ.2114
13Македонияның көтерілуі және Грецияда македониялық үстемдіктің орнауы.2114
14Ежелгі Рим тарихы.1114
15.Б.з.д. ҮІІІ-ІІІ ғғ. Рим тарихы. Италияның ерте құлиеленушілік қоғамы мен мемлекеттілігі.211,54,5
16.Ертеректегі Рим республикасы. (Б.з.д. ҮІ ғ. ІІ- жартысы. Б.з.д. ІІІ ғ. ІІ-жартысы ).111,54,5
17.Кейініректегі Рим республикасы. (Б.з.д. ІІІ-І ғғ).111,54,5
18.Ертеректегі Рим империясы.111,54,5
19.Кейініректегі Рим империясы.111,54,5


  • Дәріс сабақтарының тезистері.
Қысқаша дәрістер жинағы.

№1 тақырып. Ежелгі Шығыс өркениеті. 2 сағатМақсаты: Ежелгі Шығыс тарихы елдерінің тарихы - алғашқы құл иеленушілік қоғамдар мен мемлекеттер тарихы. "Ежелгі Шығыс тарихы" ұғымы, оның географиялық және хронологиялық шеңбері. "Классикалық Шығыс" термині ұғымдарын жете меңгеру. 1. Ежелгі Шығыс тарихының жалпы тарих курсында алатын орны. 2. Географиялық шолу және курстың хронологиялық шеңбері.3. Ежелгі Шығыс елдерінің дамуындағы табиғи жағдайдың маңызы. 4. Ежелгі Шығыс тарихы бойынша деректер және олардың түрлері.5. Ежелгі Шығыс тарихының тарихнамасы. Ежелгі Шығыс тарихы елдерінің тарихы- бұл алғашқы таптық қоғам мен мемлекеттер тарихы. Ежелгі Шығыс тарихы Ежелгі дүние тарихы курсының құрамдас бөлігі болып табылады. Ежелгі Шығыс тарихы адамзат қоғамы тудырған алғашқы өркениеттік ошақтар тарихы. Ежелгі Шығыс тарихы Ежелгі Греция және Рим тарихымен бірге адамзат қоғамының дамуындағы жаңа тарихи дәуірді-Ежелгі дүние тарихының негізін береді. Және сол дәуір бірнеше басты деп саналатын өркениеттік белгілерді береді:
  • Өндіруші шаруашылықтың шығуы, қоғамдық бақылауға түсетін қосымша өнімді әкелетін оңтайлы ұйымдастырылған экономика;
  • Жеке меншіктің шығуы және мүліктік иелікке ие болу, соның ішінде жерді иелену мүмкіншілігі, яғни байлықтың бір қолда шоғырлануы және одан басқа біреулердің айырылып қалуы. Бұл, өз кезегінде әлеуметтік жіктелеуге және бай мен кедейлер тобының пайда болуына әкеліп соқты.
  • Әлеуметтік қатынастар мен қақтығыстарды реттейтін ерекше ұйымдардың пайда болды, нақтылап айтсақ құқықтық және мемлекеттік институттардың шығуы.
  • Аймақтық немесе облыстық шаруашылық, әкімшілік, әскери және мәдени-діни орталығы ретінде қаланың пайда болуы қала аймақтағы материалдық игіліктердің және интеллектуальдық ресустардың шоғырланған орталығына айналуы қала біртіндеп қоғамдық қарқынының ұйымдастырушысы болып қалыптаса бастады;
  • Енді туындай бастаған өркениеттердің орасан мүмкіндіктерін көрсететін алып және кешенді құрылыстардығ жүзеге асырылуы. Бұл өркениеттердің мүмкіндіктерінің қорын және еңбек ресурстарын көрсетеді;
  • Жазудың шығуы. Оның даму сатылары. Жазудың шығуы- бұл өркениеттің интеллектуальдық және материалдық облыстарында зор секіріс пен жаңа менталитеттің туғанын көрсетеді.
Қорытындылап айтар болсақ, Ежелгі Шығыс елдерінде бастау алған даму жолдарының астарында, оның қаншалықты қиыншылықты жолдардан өткенін және бүгінгі адамзат қоғамына негіз болуында.ІІ. Ежелгі Шығыс тарихы курсының басты мақсаты: студенттерге ежелгі шығыстық елдер тарихын, яғни алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттер тарихының адамзат қоғамының даму тарихындағы өркениеттік бастауына негіз болған тарихи жолын оқытып-үйрету және таныстыру болыптабылады. Сонымен қатар, Ежелгі Шығыс өркениетінің даму ерекшеліктерін ашып көрсету және оның дүниежүзілік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін ашып көрсету болып табылады. «Ежелгі Шығыс тарихы» ұғымы арнасында географиялық кең кеңістікті қамтитын елдер мен халықтардың алғашқы өркениетті дамуды қалыптастыру жолындағы тарихын қарастырамыз және оның бүкіләлемдік өркениеттік процестердің ең маңызды да негізгі бастамасы ретінде Ежелгі Шығыс тарихы курсын студенттерге оқытып-үйретудегі басты міндеттер:
  • Ежелгі Шығыс тарихы елдерінің өркениеттік дамуындағы табиғи жағдайдың әсері, яғни үш түрлі табиғи жер ерекшеліктері: а) ірі өзендердің бойындағы мемлекеттер, б) теңіз жағалауындағы мемлекеттер, в) жазық жерлерде орналасқан мемлекеттер туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы қоғамдық бірлестіктердің орны туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Ежелгі Шығыс мемлекеттердің экономикасындағы су жүйелерінің алатн маыңыздылығын түсіндіру;
  • Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси инстиуттардың пайда болуы, дамуы және қалыптасуын тарихи заңдылықтар тұрғысында түсіндіру;
  • Ежелгі Шығыс елдеріндегі құли иеленушіліктің антикалық құл иеленушіліктің ерекшелігін жете түсіндіру;
  • Ежелгі Шығыс халықтары және тіл топтары туралы тарихи мағлұмат беру;
  • Ежелгі шығыстық қауымдар жүйесі, олардың эволюция және ежелгі шығыс қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы оның ролі туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Ежелгі Шығыс халықтарының дамуындағы жалпылық және өркениелікті түсіндіру;
  • Ежелгі Шығыс мәдениетінің жасалуы және оның дүниежүзілік мәдениет тарихындағы маңызын нақтылы талдаулар арқылы түсіндіру;
  • ХІХ ғасырдың басынан бергі Ежелгі шығыс тарихын зерттеудің жалпы очеркі. Ежелгі шығыс тарихының тарихнамалық зерттелуін игеруге үйрету;
  • Ежелгі Шығыс тарихын оқытуда студенттердің оқу қабілеттерін қалыптастыру, атап айтсақ:
  • Тарихи білімді жазба деректердің негізінде толықтыру қабілетін қалыптастыру;
  • Оқулықтағы материалдарды тарихи деректермен салыстыруды және талдау жасауды үйрету;
  • Қосымша әдебиеттер мен тарихи карталарды пайдалану білуді үйретту;
  • Лекциялық конспектілер мен семинарлық жауаптар жазуды қалыптастыру;
  • Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білуді, тиісті толықтырулар жасауды және өзіндік ғылыми жауаптар беруді меңгерту;
  • Ежелгі Щығыс тарихы курсының оқу бағдарламасы курстық жалпы мәселелері және ежелгі шығыстық ерекшелігі мәселелері де жеткілікті қамтылды. Жұмыс бағдарламасы студенттерге аталған курстық кезеңнің тарихын ғылыми тұрғыда егжейлі-тегжейлі игеруге бағытталған.


Әдебиеттер:
  • История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
  • История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
  • История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
  • Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
М. 1984.
  • Хрестоматия по истории Древнего Востока (Под. ред. М.А.Коростовцева, И.С.Кацнельсона, В.И. Кузищина) Т. .1980
  • Мифы народов мира: Энциклопедия (Под. ред. С.А. Токарева) М.1991
  • Матье М.Э., В.К. Афанасьева, И.М. Дьяконов, В.Г. Луконин. Искусство Древнего Востока. М.1980.


№2 тақырып. Ежелгі Египет тарихы. 2 сағатМақсаты: Ежелгі Египеттің табиғаты және халқы, деректері мен тарихнамасы бойынша жан-жақты түсінік алу.
  • Табиғи жағдайы және халқы.
  • Ежелгі Египет тарихын кезеңдерге бөлу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ