Материалдар / «Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаның мақсаты:Қытырлақ картоптың адам өміріне үлкен қауіп әкелетіндігін анықтап, оны қолданбауға ғылыми ізденіс арқылы дәлелдеу. Ғылыми жобаның міндеттері : • Қытырлақ картоптың шығу тарихын анықтау. • Қытырлақ картоптың құрамын анықтау. • Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны қандай екені туралы мәлімет жинау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
723
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы

1 мектеп-гимназиясы

Ізденуші:Хаджимурат Аяулым Нұрғалиқызы

4 в сынып оқушысы

«Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны»


Бағыты:Жаратылыстану

Секция: Адам денсаулығы және қоршаған орта

Ғылыми жетекшісі: Исмайлова Айжан Махсутқызы

бастауыш сынып мұғалімі

АННОТАЦИЯ


Ғылыми жобаның мақсаты:Қытырлақ картоптың адам өміріне үлкен қауіп әкелетіндігін анықтап, оны қолданбауға ғылыми ізденіс арқылы дәлелдеу.

Ғылыми жобаның міндеттері :

  • Қытырлақ картоптың шығу тарихын анықтау.

  • Қытырлақ картоптың құрамын анықтау.

  • Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зияны қандай екені туралы мәлімет жинау.

 Зерттеу болжамы:

Егер біз қытырлақ картоптың адам денсаулығына ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, сөрелерден алып тасталама ...

Зерттеу жүйесі: 

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

-Интернет мәліметтерімен танысу, іріктеу

- Тәжірибелер жүргізу;

- Зерттеу жұмысын жинақтау, қорытындылау

Зерттеу әдістері:

 іздену, зерттеу, бақылау, жүйелеу, тәжірбие жасау, ой қорыту.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

- Қытырлақ картоп адам денсаулығына зияны туралы мәліметтер жиналып жан – жақты сипаттама берілді;

- Қытырлақ картоп адам денсаулығына зиянын тигізбейтін үй жағдайында түрлі қоспасыз жасап тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қытырлақ картоп адам денсаулығына зиянындығы зерттеліп күнделікті өмірде көп мөлшерде пайдаланбау керектігі дәлелдеген.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

  • ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы чипси өнімдеріне жан – жақты зерттеу және зиянын айту жұмыстың -теориялық мәні болып табылады.

  • тәжірибе барысында чипсидің ағзаға зиянын көрсету жұмыстың -практикалык мәні болып табылады.

І. Кіріспе

Әрбір адам ағзаның дұрыс әрекет етуі үшін тағамның маңызды екенін біледі.  Адам ағзасында өмір бойы үздіксіз зат айналысы мен қуат айналысы жүреді. Ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен қуат көзі болып сыртқы ортадан негізінен тағам түрінде келіп түсетін нәрлі заттар табылады. Егер ағзаға тағам түспесе, адамның қарны ашады. Өкінішке орай аштық адамға қандай және қанша көлемде нәрлі заттар қажет екендігін білдіре алмайды. Біз көбінесе тәтті, тез дайындауға болатын тағамдарды пайдаланамыз да, сол пайдаланып жатқан азық-түліктің пайдалылығы мен сапалылығына мән бере бермейміз.

Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс сапалы тамақтану – ересек ағзаның денсаулығы мен жоғары жұмысқабілеттігін сақтауға мүмкіндік берсе, балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді. Ағзаның дұрыс өсуі, дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды тұздар қажет.

Дұрыс тамақтанбау жүрек, ас қорыту органдарының, зат айналысының бұзылуымен байланысты аурулардың пайда болуының басты себепшісі болып табылады.

Чипсылар мен қытырлақ нандарға дәмдік қасиет беру үшін әртүрлі хош иістендіргіштер қолданылады. Сондықтан да тұтынушының таңдауына қарай чипсылар мен қытырлақ нандардың түр-түрі жетіп жатыр.Ешқандай қоспасыз табиғи чипсылар да болады, бірақ статистика бойынша көбі қоспасы барын: ірімшік, бекон, саңырауқұлақ, уылдырық қосылғанын таңдайды.  

Қазіргі таңда қытырлақ картопта расында ешқандай уылдырық жоқ,  оның дәмі мен иісіне хош иістендіргіштер арқылы қол жеткізгенін айтудың да қажеті жоқ шығар. Көбінесе қытырлақ картоптардың дәмі жасанды болып келеді. Бұған көз жеткізу үшін  чипсилар мен қытырлақ нандардың құрамында кездесетін өзіңізге таныс «Е» әрпінен байқауға болады. Ал егер де чипсыды өртеп көрсеңіз, оның құрамында көп мөлшерде май болатынына көз жеткізесіз.

Мен де өз зерттеуім және  тәжірбием арқылы, осы қытырлақ картоптың зиянын  анықтаймын да, пікірімді  жазып, нәтиже   шығарамын деген ойдамын.

       ІІ.Зерттеу бөлімі

2.1. Қытырлақ картоптың шығу тарихы

Алғашында қытырлақ картоп (автор:бұдан әрі қарай чипсы) тек элиталық мейрамханаларда ғана сатылатын. Кейіннен қытырлақ картоп азық-түлік дүкендерінінің сөрелерін де жаулап, біртіндеп фастфуд қатарына енді. Бүгінде диетологтар мұны балалар жеуге болмайтын тағамдардың тізіміне қосып отыр. Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсыдың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен. «Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Ал Ресейде алғаш чипсы Ленинград блокадасында пайда болыпты. Мұнда балаларға картопты жұқа етіп кесіп, пешке қақтап берген екен. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады. Мамандар чипсыға адам тез үйір болады дейді. Алайда бұл тағамның ағзаға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтып, мамандар дабыл қағуда.

Қазіргі таңда қолдарынан келгенше мамандар ол нәрселердің құрамын тексереді. Талап сай емес болса сатуға тыйым салады. Қазіргі таңда екінің бірі сухарикиге әуес. Оның зиянын білмейді. Және оны алғанда құрамымен танысып, жарамдылық мерзімін қарамайды. Сондықтан осындай жайттарға ұшырайды.

"Кириешки" атымен танылған қытырлақ нанның адам денсаулығына пайдасы болмаса да, оны көп тұтыну зиян екені дәлелденген. Қытырлақ нанның негізгі құрамы арнайы сұрыпты ұннан жасалғанымен, түрлі дәмдеуіштер мен көп мөлшердегі тұздар ұнның барлық дәрумендерін жояды екен. Ал үй жағдайында оның құрамындағы май мен тұзды қалай анықтауға болады .Конец формы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!