Материалдар / Қыз аруы - 2018
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыз аруы - 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың шығармашылық қабілетін,эстетикадық талғамын, шеберлігін дамыту. Оларды әдемілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қызылорда қаласы №101 мектеп лицейі

Технология пәні мұғалімі: Бәйділдақызы Мақсат



Қыз аруы-2018

атты сайыс

Міндеттері: сайыс кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту. Оларды ұлтжандылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ұлттық өнерді бағалап, үнемі жадында ұстауға, дамытуға жұмыс жасауға үйрету.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін,эстетикадық талғамын, шеберлігін дамыту. Оларды әдемілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған баньерлер,сурет, қолөнер бұйымдарынан көрме.

Жоспары

1.Ұйымдастыру бөлімі

-Сайыстың тақырыбымен таныстыру

-Сайысқа қатысушылармен таныстыру

-Әділқазы алқалармен таныстыру

2.Сайыстың барысы

3. Сайыс қорытындысы

Сайыс барысы

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер, білімге икемді болсын деп.

Бәйтеректей бойшаң болсын деп

Өрен-өршіл өркенді болсын деп.

Жақсы жолды таңдайық,

Жамандық тәлім алмайық

Дарынды мектеп дәстурін

Жаңалайық, жалғайык.

Ары адал, жаны жаз

Арулар жолын таңдайық,- деп «Қыз аруы-2018» атты сайысымызды бастайық.

Армысыздар қадірлі көрермен қауым.

Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнерін тамашалауға баршаңызға қош келдіңіздер

Енді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1шарт Таныстыру - 2-3 мин.

Қатысушы өзінің аты –жөнін, сыныбын, мақсатын, өмірлік ұстанымын айтады.

2 шарт Ұлттық киімді дәріптеу.

Қазіргі кездегі заманауи, ұлттық нақышта тігілген киімдердің маңыздылығын түсіндіру.

3 шарт Өз өнерін көрсету . 5-7 мин

1-ән немесе би.

2- өз қолымен жасаған қолөнер бұйымын көрсетеді, тусіндіреді.

3-өз қолымен дайындаған кондитерлік өнімдерін көрсетеді, түсіндіреді ,видеоролик.

4 шарт Шаш өру сайысы 5-7 мин.

Қатысушы сыныптас құрбысының шашын түрлендіріп өреді.

Музыка ойналады.

Жүргізуші

Өнер ,білім ,өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ қазы алкаларын.

Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары – Ізбасарова Гүлжахан апай

Директордың әдістемелік істері жөніндегі орынбасары- Махамбеталиева Ғалия Тұрсынбайқызы

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Осы кезде күй ойнатылады.

Қыздар ұлттық киіммен жүріп өтіп, екі жаққа бөлініп тұрады.

Жүргізуші Сайыстың бірінші шарты бойынша таныстыру сәтіне кезек

берейік.

Жүргізуші Екінші шартқа кезек берсек.

Ұлттық киімді дәріптеу.

Жүргізуші Үшінші шарт бойынша қатысушыларымыз өз өнерлерін

ортаға салады.

1.Ән немесе би.

2.Қолөнер бұйымдарын көрсету.

3.Кондитерлік өнімдерін көрсету, видеоролик.

Жүргізуші Төртінші шарт бойынша шаш өру сайысы.

Музыка тыңдалады.

Осымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік. Ал қазір ұпай сандарын білу үшін сөз кезегін қазылар алқасына берейік.

Қорытынды

Жүргізуші Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы.Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау –басты міндет.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!