Сабақ: қазақ
әдебиеті
Тақырыбы: «Қыз Жібек»
жыры
|
Мектеп:
«Қ.Мұңайтпасов
атындағы ОР РММИК» РММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Смагулова Г.К.
|
СЫНЫП:
7
|
Қатысқан оқушылар
саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
0
|
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар:
|
А/И4. Шығармадағы оқиға
желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып
ашу;
А/И1. Шығармадағы
эпизодтар мен бейнелерді
салғастыру.
|
Жетістік
критерийлері:
|
.оқиға желісін өз болжамы
бойынша өрбітіп жаза алады;
.кейіпкер бейнесін танытатын
эпизодтарды таба алады;
.кейіпкерлерге мінездеме бере
отырып, салыстыра алады.
|
Сабақтың
барысы
|
Уақыт
|
Блум
таксономиясы
|
Мұғалімнің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Қызығушылықты
ояту
|
|
Білу
|
Балалар, қазақ
халқының лиро – эпостық жырларындағы қандай ару қыздарды
білесіңдер?Мына суреттерде кімдер бейнеленген? Олар туралы естіп -
көргендерің бар ма? Суреттерді сөйлетіп
көрейікші.
|
Оқушылар суреттерге
қарап, қазақ тарихындағы өздері білетін ару, батыр қыздар туралы
ақпаратпен бөліседі.Суретте бейнеленген қыздар лиро – эпостық
жырлардың кейіпкерлері екенін айта келе,сабақтың тақырыбын
анықтайды.
|
Мағынаны
тану
|
|
Түсіну
|
Тыңдалым.Қазақ халқының тамаша
ғашықтық жырларының бірі «Қыз Жібек» жырынан үзінді
тыңдайық!
Тыңдалым
тапсырмалары:
1.Өзіміз тыңдаған
үзіндідегі оқиғаны анықтайтын 4 тірек сөзді
жазайық.
2.
«Көршінің
сұрағына жауап» әдісі бойынша тыңдалым
мәтінінің мазмұнына қатысты төмендегідей сұрақтар жазып, сағат
тілімен парталас көршімізге жауап алу үшін
ұсынайық.
.Оқиға қай жерде
өтеді?
.Төлеген сапарға не үшін
шықпақ болады?
|
Оқушылар жырдан үзінді
тыңдайды.Үзіндіге байланысты берілген тыңдалым тапсырмаларын
орындайды:
.
оқиғаға қатысты тірек сөздер
жазады.
.мәтін мазмұны бойынша сұрақтар
жазып, оларға жауап береді
( жұппен жұмыс
жасайды).
|
|
Қолдану
|
Тыңдалым
«Базарбайдың
Төлеген,
Қаршығадай
ақынның
Бұл сөзін мақұл
көреді.
Қаршығамен
ілесіп,
Ақжайыққа
жөнелді» деген жолдармен
аяқталады.
Балалар, жыр әрі қарай
қалай жалғасады?Қалай ойлайсыңдар?
Келтірілген болжамдарымызды жырдың нұсқасымен салыстырайық.
Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары
бар?
|
Бағалау
критерийі
|
Дескрипторлар
|
Оқиға желісін
дамытып, жаза алады.
|
1.Мәтін бойынша сұрақтар
құрастырып, жауап береді;
2.Өз болжамдары бойынша
оқиғаның жалғасын жазады;
3.Түпнұсқамен
салыстырып ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтайды.
|
Оқушылар
оқиға желісін өз болжамдары бойынша өрбітіп
айтады. |
|
Талдау
|
Тобымыздағы оқушылармен ақылдаса отырып, оқылымның 2, 3, 6
– тапсырмаларын орындайық.Ол үшін берілген бейнероликке назар
аударайық (түс көру:https.//kaztube.
kz):
.жырдың негізгі идеясын
анықтайық;
.жырды үш бөлімге бөліп,
ат қояйық;
.жырдағы Жібектің түс
көру эпизоды туралы не ойлайсыңдар?Ол жырда қаншалықты маңызға
ие?Сендердің ойларыңша, түске сенуге бола ма? Қазақтың түс жоруға
қатысты ырым – тыйымдары жөнінде білетінімізді ортаға
салайықшы.
|
Бағалау
критерийі
|
Дескрипторлар
|
Кейіпкерлерге
салыстырмалы талдау жасай
алады.
|
1.Кейіпкер бейнесі айқын
танылатын эпизодтарды
анықтайды;
2.Кесте көмегімен
кейіпкерлерді салыстыра
сипаттайды;
3Өзіндік бағасын
береді.
|
|
|
Сергіту
сәті
|
Мұғалім мен оқушылар
«Әгугәй» әнін тыңдайды.
|
Ойтолғаныс
|
|
Жинақтау
|
.Жырда Жібектің бейнесі
қалай көрінеді?Мысалдар арқылы
дәлелдейік.
.Төлеген,Бекежан,Сансызбай,Шеге,Қаршыға,Қореннің бейнелері
айқын танылатын эпизодтарды
жинақтайық.
|
Оқушылар Жібек және
басқа да кейіпкерлердің бейнесі танылатын эпизодтарды, үзінділерді
тауып оқиды.
|
|
Бағалау
|
Диагностикалық
картаны пайдаланып, кейіпкерлерге мінездеме беріп,салыстырайық. Өз
көзқарасымыз тұрғысынан баға
берейік.
|
Дәптермен
жұмыс.
Оқушылар диагностикалық
картаны пайдаланып, кейіпкерлер бейнесін салыстырып,өзіндік баға
береді.
Мінездеме мазмұны
|
Төлеген
|
Бекежан
|
Сансызбай
|
Қорен
|
Сырт келбеті, мінез-
құлқы, жас шамасы
|
|
|
|
|
Өмірлік
мұраты
|
|
|
|
|
Есте қалған ерекше
әрекеті
|
|
|
|
|
Менің
бағам
|
|
|
|
|
|
Қосымша
мәліметтер
|
Өткізілген сабақ
бойынша мұғалім жазбасы
Сабақ барысында
қолданылған әдіс – тәсілдердің
тиімділігі:
Жүргізілген жұмыс
түрлері қаншалықты тиімді:
Оқушылардың
белсенділігі:
Сабақтың мақсатына
жету жолындағы қадамдардың
маңызы:
Кездескен кедергілер
мен оны еңсеру жолдары:
|
Сабақ: қазақ
әдебиеті
Тақырыбы:
«Қыз
Жібек» жырындағы
Төлеген мен Жібек
бейнелері
|
Мектеп:
«Қ.Мұңайтпасов
атындағы ОР РММИК» РММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Смагулова Г.К.
|
СЫНЫП:
7
|
Қатысқан оқушылар
саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
0
|
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар:
|
А/И4.
Жырдың тақырыбын,
идеясын анықтай отырып, басты кейіпкерлер Төлеген мен Жібек
бейнесін жан - жақты ашу.;
А/И1.
Кейіпкерледің жан
дүниесін ашатын сөз оралымдарын тауып
айту. Шығармадағы эпизодтар мен
бейнелерді салғастыру.
|
Жетістік
критерийлері:
|
.
Жеке, жұптық, топтық
тапсырмаларды орындай алады;
.Сабақ барысында тыңдаушының
назарын өзіне аудара алады;
.кейіпкер бейнесін танытатын
эпизодтарды таба алады;
.кейіпкерлерге мінездеме бере
отырып, салыстыра алады.
|
Сабақтың
барысы
|
Уақыт
|
Блум
таксономиясы
|
Мұғалімнің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Қызығушылықты
ояту
|
|
Білу
|
Балалар,
сіздерге зымыран сұрақтар
қоямын. 1. Жырдың тақырыбы
не? Махаббат
тақырыбы. 2. Неше бөлімнен тұрады?
2
бөлім.
1. Төлегеннің Жібекке
үйленуі.
2. Жібектің Сансызбаймен
қосылуы. 3. Жібектің Төлегенге мінгізген тұлпары қалай
аталады? (Ақбозат)
4. Кейіпкерлерін атаңыздар? Төлеген, Жібек, Бекежан, Шеге, Қаршыға,
Базарбай, Сырлыбай, Сансызбай, Қамқа, Кербез, тағы
басқа. 5. Жырдың түйіні не? Махаббатқа адалдық, салт
- дәстүрді, әдет - ғұрыпты
сақтау. 6. Қыз Жібекті қалай суреттейді? Жырдан
үзінді жатқа айту.
|
Топтық жұмысты
бірлесе орындайды. Сұрақтарға жауап
береді.
|
Мағынаны
тану
|
|
Түсіну
|
Тыңдалым. Халық әні «Әгугай» әнін
тыңдайық!
Тыңдалым тапсырмалары:
Балалар, өлең сөздерінде «Даяр етіп қояйық,
салдырып сарай өзгеше»,- деген жолдар бар. Бүгінгі сабағымызда
Төлеген мен Жібек бейнесін ашу арқылы, қос ғашықтың «өзгеше
сарайда» тұратындай жандар екеніне көз жеткізуіміз
керек.
|
Оқушылар
Халық әні «Әгугай» әнін
тыңдайды. Үзіндіге байланысты
берілген тыңдалым тапсырмаларын
орындайды:
.мәтін мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді.
Бағалау
критерийі
|
Дескрипторлар
|
Оқиға желісін
анықтай алады.
|
1.Мәтін бойынша сұрақтар
құрастырып, жауап береді;
2.Өз болжамдары бойынша
оқиғаның жалғасын анықтайды;
|
|
|
Қолдану
|
Айтылым
1.Жырдағы қосалқы кейіпкерлерді анықтап, олардың бейнесі
ашылған эпизодтарды мәнерлеп оқиық.
2.Төлеген
мен Қыз Жібектің қандай қасиеттерін өз бойларыңда болғанын
қалайсыңдар? Неге? (Әр оқушы бір - бір қасиетін айта отырып,
түсіндіріп береді)
|
Оқушылар оқиға желісін өз болжамдары бойынша өрбітіп
оқиды.Сыныптағы оқушылар кезектесіп, жырдың жалғасын оқиды. Өздері
салыстырып табады.
|
|
Талдау
|
Жыр мазмұны бойынша «6 неліктен?» стратегиясы бойынша
сұрақтар қоямын.
1.Шығарма неліктен «Қыз Жібек» деп
аталды?
(Өйткені шығарманың басты кейіпкері – Жібек атты сұлу
қыз)
.2.Неліктен Жібекті сұлу қыз деп ойлайсыздар?(Себебі жырда
оны былайша суреттеген...)
3.Неліктен?... деп басталатын 6
сұрақ
дайындаймыз.Сұрақтар мен жауаптардың дұрыс құрастырылуын
қадағалаймыз.
4.Төлегеннің Жібекпен бақытты болмауына не себеп болды?
Ойларыңды жырдан мысал келтіре отырып
дәлелдеңдер.
5. «Әдеби қонақ бөлмесі» әдісі бойынша Жібек пен Төлегенді
шақырып, өздеріңді толғандырған сұрақтарды
қойыңдар.
|
Бағалау
критерийі
|
Дескрипторлар
|
Кейіпкерге талдау
жасай алады.Жырдан үзінді тауып оқиды,
дәлелдейді.
|
1.Кейіпкер бейнесін
анықтайды;
2.Кейіпкерлерге
сұрақтар мен жауаптар қойып
үйренеді;
3Өзіндік бағасын
береді..
|
|
|
Сергіту
сәті
|
Мұғалім мен оқушылар
би билейді
|
Ойтолғаныс
|
|
Жинақтау
|
. «Хан
жарлығы» стратегиясы бойынша
жырдағы Жібек пен Төлегеннің бейнесі арқылы жырдың бізге айтпағы не
екенін мысалдар арқылы дәлелдейік.
.Төлеген мен Жібектей
болу, қазіргі уақыттағы осы бір нәзік сезімді аңсау әркімнің де
арманы. Соның бір дәлелі ретінде Роза Әлқожаның әні мен сөзіне
жазылған «Жібектің елі» атты өлеңді
тыңдасақ.
|
Оқушылар Жібек пен
Төлегеннің бейнесі арқылы жырдың идеясын
анықтайды.
Роза Әлқожаның әні мен сөзіне жазылған
«Жібектің елі» атты
өлеңін
тыңдайды.
|
|
Бағалау
|
Алған
ақпараттарымызды тұжырымдап, өз жетістігімізге баға
берейік.
Үйге
тапсырма. «Махаббат деген...»
тақырыпқа жырдан алған әсерлері бойынша эссе жазып
келу.
|
Өзіндік баға
береді.
1.Білім – тақырып
бойынша алған ақпараттарым:
2.Эмоция – сабақтағы
көңіл күйім:
3.Баға – жетістігіме
беретін бағам:
4.Сын – өз бойымда
нені дамытуым керек?
5.Идея – маған
келген жаңа ой.
|
Қосымша
мәліметтер
|
Өткізілген сабақ
бойынша мұғалім жазбасы
Сабақ барысында
қолданылған әдіс – тәсілдердің
тиімділігі:
Жүргізілген жұмыс
түрлері қаншалықты тиімді:
Оқушылардың
белсенділігі:
Сабақтың мақсатына
жету жолындағы қадамдардың
маңызы:
Кездескен кедергілер
мен оны еңсеру жолдары:
|