Материалдар / «Қыз Жібек» жыры. Атадан қалған асыл сөз. 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қыз Жібек» жыры. Атадан қалған асыл сөз. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қыз Жібек» жыры. Атадан қалған асыл сөз. 7-сынып Оқу мақсаты:7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2022
634
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1


Пән: қазақ әдебиет

Пән мұғалімі: А.Қомпыш

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Өтілу мерзімі:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Сабақтың тақырыбы:

«Қыз Жібек» жыры. Атадан қалған асыл сөз.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Оқушылардың басым бөлігі: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, дәлелдер келтіреді.

Кейбір оқушылар: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, дәлелдер келтіреді, өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: жәдігер, лиро-эпостық жырлар, жырау, толғау, көш, қосшы, түс көру, теріс бата, күйме, шытырма, тана, көбеген, қорамсақ, милләт, оба, әлқисса, тұрман.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер


Бағалау критерийлері

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау арқылы жырдың негізгі идеясын анықтайды.

Құндылықтарға баулу

Рухани құндылықтарды құрметтеуге баулу

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Тақырып бойынша

алдыңғы білім

Лиро-эпостық жырлар, «Қыз Жібек» жыры туралы алдыңғы білімі

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурс

тар


Сабақтың басы

5 мин.

Жағымды ахуал қалыптастыру.

Топтастыру.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру.

Бүгінгі сабақта:

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау арқылы жырдың негізгі идеясын анықтайсыз.

Алдыңғы білімді еске түсіру.

  1. «Жәдігер» сөзі қандай ұғымды білдіреді?

  2. Лиро-эпостық жырлар дегеніміз не?

  3. «Қыз Жібек» жыры туралы не білеміз?

Слайд №1

Сабақтың ортасы

30 мин.

«Қыз Жібек» жыры – халқымыздың асыл мұрасы, маңызы зор ұлттық құндылық. Бұл дастан 19-ғасырдың басында қағазға түсіріліп, 1894 жылы алғаш рет Қазан қаласында басылып шықты. (шағын түсінік беру, мазмұнын түсіндіру)

Ой түрткі сұрақтар.

  1. Төлеген не себепті Шекті еліне барды?

Төлеген Жібек туралы өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады.

  1. Төлегенге әкесінің теріс бата беруінің себебі неде?

Базарбай Төлегенге «... қайыныңа ендігі жылы осы уақытқа дейін бармағын, онан кейін өзім қасыңа көп әскер қосып жіберейін, тілегімді бердің бе?» - дейді. Төлеген әке сөзін аттап кетеді.

  1. Төлеген мен Жібек неліктен қосыла алмады?

Әкесінің ақ батасын алмай шыққан Төлегенді Бекежан қапыда мерт қылады.

  1. Сансызбайдың Жайыққа баруына не себеп болды?

Сегіз жылдай ағасынан хабар болмаған соң, Төлегенді сағынып іздеп шығады.

1-тапсырма. Жырдың сюжеттік композициялық құрылымын сәйкестендіріңіз.

1.Оқиғаның басталуы

1.Ғ

А. Төлегеннің жар іздеп жолға шығуы

2.Оқиғаның байланысы

2.А

Ә. Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы

3.Оқиғаның дамуы

3.Г

Б. Бекежанның Төлегенді мерт қылуы

4.Оқиғаның шиеленісуі

4.Б

В. Қалмақ ханының Қыз Жібекті айттыруы

5.Оқиғаның шарықтау шегі

5.В

Г. Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі

6.Оқиғаның шешімі

6.Ә

Ғ.Жағалбайлы еліндегі оқиға

Енді жырдағы мәселені қарастырып көрейік.

2-тапсырма. «Балық қаңқасы» әдісі бойынша жырдағы көтерілген мәселенің шешу жолдарын көрсетіңдер.




Шығу себептері


Көтерілген

мәселе Шешімі


Дәйек


Жырда көтерілген мәселе Қыз Жібек пен Төлегеннің бірге бола алмауы.

Шығу себебі - Төлегеннің жол аңдыған қарақшы Бекжанның қолынан мерт болуы.

Дәйек – әкесінен теріс бата алуы.

Шешімі - ата-анасының ақ батасын алу.

Жырдың тақырыбы: махаббат

Жырдың идеясы: 1. Ел бірлігі мен тұтастығы;

2. Шынайы махаббат

3-тапсырма. Мәтінге графикалық талдау жасаңыз.

Shape1

  1. ЖShape3 Shape2 ырда кездесетін салт-дәстүрлер –

  2. Жібек пен Төлегенді таныстырған

жShape5 Shape4 ан --

  1. «Shape8 Shape7 Shape6 Көкжорға» кімнің тұлпары --

  2. Алғаш рет Қазан қаласында

бShape9 асылып шықты. ---

  1. ТShape10 өлеген мерт болған жер атауы ---

Shape11

Әмеңгерлік Төлеген Қаршыға

Қособа 1894 жылы


Слайд №2-3













Слайд №4

Оқулық















Слайд №5










Слайд №6







Слайд №7

Сабақтың соңы 5 мин

Қорытынды

«Қыз Жібек» жыры – сұлулық пен әсемдіктің нышаны. Қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.

  • Бүгінгі сабақта лиро-эпостық жырдың ерекшелігін біліп, «Қыз Жібек» жырының мазмұнын түсіндік;

  • Жыр сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау арқылы негізгі идеясын анықтадық.

«Ашық микрафон» әдісі арқылы кері байланыс аламын

Слайд №8

Үйге тапсырма

«Бір үзім нан» ертегісіне ұқсас ертегі құрастыру


Саралау – Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау


Өзгелерден озық оқушыларға: мәтіндегі мәселеге өз көзқарасын білдіреді

Үлгерімі төмен: сұрақтарға жауап береді.

«Ауызша мадақтау», «Өзін-өзі бағалау», Критерий бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

«Интервью» cтратегиясы арқылы кері байланыс

Оқушылардың партаға дұрыс отыруын қадағалау

Сабақ бойынша

рефлексия


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол

жеткізді ме?







Егер оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз?






Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!