Материалдар / Қызанақ биологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызанақ биологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
қызанақтың өсу тарихы мен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫЗАНАҚ БИОЛОГИЯСЫ

Қызанақ (Lycopersicum esculentum Mill.) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық, мықты өзекті тамыр жүйесі бар (1.5-2.5 м дейін) шөптесін өсімдік (Solanaceae). Қызанақ жылу мен жарықты өте жақсы көреді. Оның көктеуі үшін қажет оңтайлы температура 22–25˚С. Ауа температурасы 13–15 ˚С-ге дейін төмендегенде өсімдіктің гүлшанағы ашылмай, түйнегі түсіп қалады, ал 10˚С-та өсімдіктің өсуі тоқтайды. Жеңіл қатқақ (- 1–2˚С) қызанақтың көптеген сұрыптарының үсікке шалдығуына алып келеді, ал әлсіз қатқақ болғанда (- 0,5–0,8˚С) тек гүлдері мен жемісінен айырылады. Қызанақ құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Топырақ ылғалдығы жоғары, ал ауа ылғалдығы төмен болғанда жақсы (45–55%) өсіп, өнім береді. Қызанақтың ең мол өнімін жеңіл құрылымды, жақсы қызатын және органикалық заттарға бай топырақта алуға болады

ҚЫЗАНАҚТЫ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қызанақ- күтімді ең көп талап ететін дақылдардың бірі. Ол тек мол өнім алуға ғана емес, оны сақтап қалуға да бағытталған көптеген шараларды қолдануды қажет етеді. Олардың бірі – қызанақтарды шпалерге байлап өсіру. Жерге қағылған тіректер бір-бірімен кергілер арқылы бекітіледі. Бұл – оған байланған бұталар салмағымен керілген кезде, шпалерлер құламай, берік тұруы үшін қажет. Сондайақ, әрбір 4-5 бұтадан кейін аралық тіректер қосып, оларға да шпалерлер бекітуге болады. Бұталардың биіктігіне қарай, бұл мақсатта көлденең қимасы 3-6 мм алюминий, болат сымдар және синтетикалық арқан қолдануға болады. Қызанақты шпалерде өсірудің тағы бір жақсы тәсілі - әрбір екі өсімдіктен кейін биіктігі 1,5 метр қазық қағып, байлам жіп - Флорида торын - пайдалану. Қызанақты шпалерде өсірген жағдайда өсімдіктердің сабағын артық бұтақшалардан арылтып, пішінін қалыптастырып отырған абзал. Өсімдіктерді артық бұтақшалардан арылту ( бұтақсыздандыру) негізгі сабақтың тез өсуіне, соның арқасында жемістердің жақсы бекуіне ықпал етеді.

ҚЫЗАНАҚ ЗИЯНКЕСТЕРІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ: Қызанақтардың майда және өте тез көбейетін зиянкестерімен күрес бұталарды инсектицидтермен өңдеуді талап етеді: Олар - Конфидор макси, Ратибор, Протеус, Қызанақ құтқарушы, Децис профи, Акарин АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР ҚАНДАЛАСЫ Қызанақтардың жасыл жемістерімен қоректену барысында айшықгүлділер қандаласы жемістің қабығын тесіп, жеміс піскен кезде қызыл түске ие болуына кедергі жасайтын фермент бөледі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!