Тақырыбы:«Қызанақ»
Ғылыми жұмыстың мақсаты:Қызанақтың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қызанақты тұрмыста сақтау және пайдаға асыру жолдарын ашып көрсету.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- қызанақтың шығу тарихын анықтау;
- қызанақ көкөнісіне кеңінен сипаттама жасау;
- қызанақтың сұрыптарына зерттеу жүргізу;
- қызанақты бау-бақшада өсіру және оны күтіп-баптау тәсілдеріне тоқталу;
- қызанақтың адам ағзасына пайдалы жақтарын айқындау;
- қызанақтың қолдану және одан тұздықтар дайындау тәсілдерін көрсету.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Өсімдіктердің ішінде күнделікті тағам ретінде пайдаланатын көкіністердің ішінде қызанақтың адам ағзасына пайдалы екенін көп жағдайда біле бермейміз.Қызанақ көптеген ауруға шипа өсімдік. Сондықтан күтімді көп қажет етпейтін қызанақты адам химиядық жолмен дайындалған дәрі - дәрмектің орын ауыстырып, әр түрлі ауруларға ем ретінде қолдансақ экономикалық жағынан да тиімді болатындығын өзекті мәселе ретінде зертеген.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:Қызанақ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы қызанақ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Зерттеу нысаны: Бақша өсімдігі қызанақ , оның емдік қасиеті.
Зерттеу әдісі:Ғылыми-теориялық
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды, далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне, осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.
Ерте
заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің,
жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - Әли ибн - Сина, Беруни. Әл -
Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т. б. ғылымдар халық
медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып
пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен
дайындалады.
Жанға
шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.
Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп
қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 78%, ішек-қарын,
бауыр ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін
дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен
алынады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады.
Сондай-ақ, бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер
жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер
астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті
заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса
пайдалы.
Адам
баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым
алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды.
Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды.
Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп,
оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз
тәжірибелерінен өткізген.
Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған.
ІІ. Теориялық бөлім
II. 1. Қызанақтың шығу тарихы
Қызанақтың отаны – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Эквадор мемлекеті болып табылады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен.
Кейбір деректерде қызанақтың б.з.д V ғасырларда перуан тайпаларында өсірілгендігі де айтылады. Үндістер бұл жемісті «помидорль» деп атайды екен, біздер қолданатын «помидор» сөзі осыдан шықса керек. Айтпақшы, ең қызығы француздықтарда қызанақты «махаббат алмасы» деген мағына беретін «pomme d’amour» деп атайды екен. Осындай романтикалық атауға ие болған көкөніс Еуропада бастапқы кезде тек сәндік өсімдік ретінде өсірілген, ал оның жемісін улы деп саналып келген. Германияда қызанақ терезе алдындағы тақтайларды, Францияда күркелерді сәндеу үшін қолданылса, Англия мен Ресейде сирек ұшырасатын гүлдердің қатарында өсірілген екен. Қалай болғанда да, қызанақтардың бүгінде әлем халықтарының сүйіп жейтін сүйкімді жемістерінің бірі екендігіне дауымыз жоқ.
Валенсияға жақын, кішкене испан қалашығы Буноль жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде қызанақты өлермен шайқас - Ля Томатинаның орнына айналады. Осылай созылмалы фиеста аптасы аяқталады. Шайқас алдындағы түні қызанақтары бар жүк машиналарының дайындығы жүреді, олар келесі күні шамамен азаңғы сағат 11-де қалашықтың негізгі алаңына шығады. Мерекенің жүргізушілері екі сағаттық "қанды" шайқасты бастайды. Шайқастан кейін өзенде суға түсіп алуға, сосын теңдесі жоқ жергілікті шараппен іше отырып, әйгілі паэльді жеуге болады.
Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro – алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.
Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1,50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 330С –қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.
Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30-40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25-500 г, кейде 800-900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5-8,1% құрғақ зат, 3,5-8,5% органикалық қышқыл,минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150-200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12-15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қызанақ өсімдігінің маңызы»

шағым қалдыра аласыз