Материалдар / «Қыздарға әсемдік жарасады».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қыздарға әсемдік жарасады».

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті оқушылар! Бүгін «Қыздарға әсемдік жарасады» сынып сағаты өткелі отыр.Отанымыздың да,отбасымыздын да алатын босағасы-әйел адам,әйел-ана,ол да қыз болған.Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы,өнегелі,кішіге үлгі болатындай,әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Өнегелі,тәрбиелі қыз бала қандай болу керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар –болашақ ана,бақыт-байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.Рухани байлығы –білім мен тәрбие. Киім киісі,жүріп-тұрғаны көңілге қонымды,күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстазы да,ата-ана да мақтаныш тұтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1745
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Екібастұз қаласы №17 ЖОББМ.КММ
Тәрбие сағаты

Тақырып: «Қыздарға әсемдік жарасады». 
Сабақтың мақсаты:(11- қазан. «Халықаралық қыздар күні») 
Оқушыларды мейірімділік,нәзіктік,еркелік,қамқорлық,сүйкімділік, жұмсақтық,білімділік,шыдамдылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, ақылдылық,әдептілік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,үн таспа т.б. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұыйымдастыру 
ІІ.Кіріспе. 
Мұғалім. 
Құрметті оқушылар
Бүгін «Қыздарға әсемдік жарасады» сынып сағаты өткелі отыр.Отанымыздың да,отбасымыздын да алатын босағасы-әйел адам,әйел-ана,ол да қыз болған.Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы,өнегелі,кішіге үлгі болатындай,әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Өнегелі,тәрбиелі қыз бала қандай болу керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар –болашақ ана,бақыт-байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.Рухани байлығы –білім мен тәрбие. Киім киісі,жүріп-тұрғаны көңілге қонымды,күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстазы да,ата-ана да мақтаныш тұтады. 

Сөз кезегі сыныптағы қыздарға беріледі. 

Перизат 

«Киіміне қарай қарсы алып, Ақылына қарай шығарып салады» деген.Әрбір қыз бала өзінін кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын,кішіні сыйлайтын-жақсы қыз,өнегелі,тәрбиелі қыз. Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, бойына сіңіре білген,қалыптастыра білген адам-тәрбиелі адам. 

1.Адамның басшысы-ақылы. Аружан
2.Жетекшісі-талап.  Ильнара
3.Жолаушысы-ой.  Даяна
4.Жолдасы-кәсіп.  Томирис Сатанова
5.Қорғаны-сабыр.  Сабина
6.Қорғаушысы-мінез.  Анеля
7.Сынаушысы-халық  Ясмина

Қарлығаш
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшыраумауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған: 

1. Әдепті болу.  Айдана
2.Ар-ожданы пәк болу.  Томирис Сейсенбаева
3.Кеңпейіл, кешірімді болу.  Данеля
4.Мейір-шапағатты болу  Аружан
5.Ақыл-парасатты болу  Перизат
6.Сабырлы-салмақты болу  Ильнара
7.Адал,ақ жарқын болу  Ұлжан
8. Моральді-мұратты болу  Сабина
9. Өжет,батыл болу  Томирис Сатанова
10.Ұят намысты болу.  Ясмина

Қыздарымыз өздерінің шеберліктерін,қолөнерлерін көрсетіп таныстырады.

Перизат

Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған,қызға 40 үйден тыйым болған. 
Жарыса сөйлеуге. 
Жалғыз қыдыруға 
Жартақтап күліп,сыпсындап сөйлеуге 
Орынсыз ұрынуға 
Басқаларға қол тигізуге 
Өтірік,өсекке 
Түске дейін ұйықтауға 

Қарлығаш
Кісі алдында қасынуға,киім ауыстыруға 
Салт-дәстүрден аттауға 
Көрсеқызарлыққа 

Ұлдарымыздың қыздарға өлең жолдары.Мақал- мәтелдер.

Дияр

Қыз сұлу көрінеді білімімен 
Қыз сұлу көрінеді қылығымен, 
Жарыса төгілген қос бұрымымен 
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы

Амир

Қыз сұлу көрінеді білімімен 
Қыз сұлу көрінеді шашыменен, 
Ай қабақ , қиғаш қара қасыменен 
Қыз сұлу көрінеді толған айдай, 
Он бес пен он сегізде жасыменен 
Қыз сұлу көрінеді өрмегімен, 

Амир мен Қарлығаштың «Қыз бен бала айтысы»

Ән

Алматыда жоқ-жоқ! Астанада жоқ-жоқ!

Сені іздедім, үмітті үзбедім.

Ақтөбеде жоқ-жоқ! Шымқалада жоқ-жоқ!

Сені іздедім, үмітті үзбедім.

Аааа -аааа-аааа-аааа-а-а-а-а

Аууу-ааау-ааау Жоқ-жооқ

Оооу-оооу-оооу-о-о-о-у

Оооу-оооу-оооу Жоқ-жооқ

Ұлдар қыздарға өздерінің дайындаған парақшаларын қыздарға сыйлайды.

Мұғалім 
Бұл тыйым сөздердің мағнасын түсініп есте сақтау қажет.Айтылған өнегелі тыйым сөздер ұстаздардың,сынып жетекшілерінің үйреткен ақыл-кеңесі,білімі,ата-анаың берген тәрбисі- бәрі-бәрі адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. 

Сонымен қорытындылай келе қыздарымызға айтарым: 
-ата-анаға сөз келтірмейтін,ананың мақтаны,тәртібімен,өнерімен ұлтыңның намысын қорғайтын қыздар болындар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!