Материалдар / Қызыл кітап және Қазақстан 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызыл кітап және Қазақстан 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар "Қызыл кітап және Қазақстан " тақырыбындағы факультатив сабағына дайындалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5157
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат




Бекітемін:

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары: А.Саянова






Қызыл кітап және Қазақстан




Сыныбы : 8 «а»

Пән мұғалімі: Паттеева М.













2015-2016 оқу жылы



Сыныбы : 8 «а»

Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап және Қазақстан

Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал Есенәліқызы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың Қызыл кітап туралы білімдерін тереңдету

Сабақтың мазмұны:

  1. Міндетті деңгей

  • Сәйкестендіру

  • Баламалы тест

  • Географиялық диктант

  • Бұл қай өзен?

  • Кестемен жұмыс

  1. Алгоритмдік деңгей

  • Ой қозғау

  • «Қызыл кітап дегеніміз не?» бейнеролик

  1. Шығармашылық деңгей:

  • Топтық жұмыс

  • Постермен жұмыс


Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау

Пайдаланылған ресурстар:

  • «Қызыл кітап дееніміз не?» бейнеролигі

  • «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы

  • География және табиғат» ғылыми-педагогикалық журналдары

  • слайд

  • Қызылорда облысының географиясы


Кері байланыс: «бес саусақ» әдісі

Оқушы жетістігін бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»







Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 8 «а»

Күні:13. 02. 2016 ж

Сабақтың тақырыбы

Қызыл кітап және Қазақстан

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оқушылар Қызыл кітап, оның шығу тарихымен және Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдік, жануарлары мен қорғалу аймақтары жайында оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Қызыл кітаптың туралы біледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктері мен жануарлары туралы айта алады. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы жеке тұлғаның есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық ізденістерін дамытады.

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сәйкестендіру,баламалы тест, географиялық диктант, бұл қай өзен, ой қозғау, бейнеролик, топтық жұмыс, постермен жұмыс, «бес бармақ», екі жұлдыз, бір тілек

Негізгі дерек көздер

«Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы, «География және табиғат» журналдары, Қызылорда облысының географиясы

Ресурстар

Слайд, интербелсенді тақта, «Қызыл кітап дегеніміз не?» бейнеролигі

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасы

10 минут

«Ішкі сулар» тақырыбы бойынша қайталауға тапсырма берілген. Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар орындалады.


1-тапсырма. Сәйкестендіру

  1. Сәйкестендір: «Өзендер қай алапқа кіреді?»

Алаптар

Өзендер

Солтүстік Мұзды мұхиты

Іле , Аягөз

Балқаш - Алакөл

Сырдария, Шу

Каспий

Есіл, Ертіс

Арал

Жем, Жайық


  1. Мемлекеттік маңызы бар су электр станциялары

Өзен

Су электр станциялары

Ертіс

Шардара

Сырдария

Қапшағай

Іле

Бұқтырма


2- тапсырма. «Баламалы тест»

  1. Қазақстанда ірілі - ұсақты 85000 өзен бар. (Ия)

  2. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері Арал теңізіне құяды. (Жоқ. Солтүстік Мұзды мұхит алабына құяды)

  3. Сырдария өзені Каспий теңізі алабына жатады. (Жоқ. Арал теңізі алабына жатады)

  4. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. (Ия)

  5. Ертіс – Қазақстанның ең ірі өзені. (Ия)




3 –тапсырма. Географиялық диктант

  1. Бұл өзен тау мұздықтарынан басталып, солтүстік – шығысқа қарай ағып, үлкен көлге келіп құяды. Су шығынының жаз бен көктем мезгіліндегі үлесі 47% . Еліміздегі ең лайлы өзен. Лайлығы - 1200г/м3. Қазақстан аумағында бір ғана саласы бар. Жағалауында халық тығыз қоныстанған және суармалы егіншілік жақсы дамыған. Бұл ............ өзені ............... алабына жатады.

  2. Жыл бойы суы мол болады. Өзеннің орта ағысы Қазақстан жерімен өтеді. Өзен бойында ірі бөгендер мен су электр станциялары көп салынған. Бұл өзен халық шаруашылығы үшін өте маңызды рол атқарады. Өзеннің барлық бөлігінде кеме жүзуге қолайлы. Өзен суы Орталық Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етеді.

..................................... алабына жататын .................... өзені Қазақстанның ірі өзені болып саналады.

  1. Суының молдығы жөнінен елімізде үшінші орын алады. Негізінен қар және мұз суымен қоректенеді. Өзен алабындағы тау өзендерінде тасқын жиі болып тұрады. Басында тау өзені болғанымен орта және төменгі ағысында жазық өзенге айналады. Өзеннің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Өзен алқабында еліміздегі ең ірі қала орналасқан.

Бұл ........................ өзені ...................... алабына жатады.

  1. Еліміздегі бұл өзен солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай ағады. Жылдық су шығынының 80% көктем мезгіліне келеді. Өзен өте бағалы бекіре балығымен әйгілі. Бұл өзеннен Жем мұнай кәсіпшілігі су құбыры тартылған. Өзен атырауы екі тармаққа бөлінген. Өзен жағалауында құм, саздан түзілген биік жарқабақтар көп.

..........................өзені ............................. алабына жатады.


Географиялық диктант жауабы:

  1. Сырдария өзені, Арал теңізі алабы

  2. Солтүстік Мұзды мұхитына жататын Ертіс өзені

  3. Іле өзені, Балқаш-Алакөл алабы

  4. Жайық өзені, Каспий теңізі алабы


4-тапсырма. Бұл қай өзен?

Өзен

Су шығыны

Салалары

Қорек-тенуі

Еліміздегі ұзыңдығы

Өзен

бастауы

Сағасы

Ертіс

960 м3

Үлбі, Шар, Бұқтырма

Аралас

1700 км

Алтай

Обь

Жайық

400 м3

Самара, Ор, Ойыл, Сағыз

Қар суы

1082 км

Орал

Каспий

Сырдария

673 м3

Арыс, Түрген, Талғар

Қар, мұз

1400

Тянь-Шань

Арал

Іле

464 м3

Күрті, Шілік

Қар, мұз

815 км

Тянь-Шань

Балқаш



5-тапсырма. Кестені «+» бойынша толтыр

Көлдер

Ағынды

Тұйық

Каспий



Арал



Зайсан



Балқаш



Марқакөл



Қорғалжын



Мағынаны тану

20 минут

Жаңа сабақ.

Ой қозғау

«Адамзаттың – табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың – оны айтатын тілі жоқ» деген сөздің мағынаын ашу.
Бейнеролик

«Қызыл кітап дегеніміз не?» (уақыты 6:20)

Мен не түсіндім? (бейнеролик туралы оқушылар пікірі)

  • Оқушылар Қызыл кітаптағы әр түстің қандай ерекшеліктері бар екен?

  • Қара түс (жойылып кеткен түрлер; мысалы,теңіз сиыры)

  • Қызыл түс (жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер; ілбіс, Уссуриий жоларысы)

  • Сары түс (саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер; ақ аю , қоқиқаз)

  • Ақ түс (қашанда саны аз болып келген жануарлар мен өсімдіктер; көк кит)

  • Сұр түс (зерттелмеген, тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер; анаконда)

  • Жасыл түс (жойылып кету қаупінен аман қалған түрлер; құндыз)




ІІ. Сынып оқушылары топқа бөлініп мәтінмен жұмыс жасайды.

Мағынаны тану үшін сынып төрт топқа топтасып, мәтінмен жұмыс жасап, постер қорғайды.

1-топ. Қызыл кітап

2-топ.Қазақстанның Қызыл кітабы

3-топ. Қазақстанның қорықтары

4-топ. Қызылорда облысының ерекше қорғалатын аумақтары

Тақырыпты оқушылардың меңгеруiн жеңiлдету үшiн «Қызыл кітап деген не?» тақырыбындағы бейнероликті пайдаланамын. Әpi қарай оқушылардың танымдық, ойлау, талдау, iздену қабiлеттерiн дамыту мақсатында өзiндiк жұмыстар тапсырылады.

Оқушылар берілген тақырыптар бойынша мәтінмен жұмыс жасайды, интеллект картасын құрастырады.



Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты.

Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды.1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік  зоологиялық  парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.



Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс  Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.



Қазақстанның қорықтары

Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 9 қорық жұмыс істейді.




Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл – Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85,4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды.1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500–2000 м – даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т.б. жануарлар кездеседі.

Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурзым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 87,7 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286-ден астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі.Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.

Алматы қорығы 1961 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800–2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғақтар мекендейді.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 16,8 мың га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953–1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген.



Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжын және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.

Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт арқасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музейлер, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.


Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың га жер көлдің аса маңызды бөлігі бола түрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы –26° –27°С, ал кейде аяз –55°С-қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы +14° +17°С, ең жоғарғысы +30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.

Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы – Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 260-ге жуық түрі бар, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар да кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке , майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.




Үстірт – республикадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың га республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын-шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі – үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші. Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар және т.б. сирек аңдар кездеседі.


Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс

Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық су – батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 283 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 323 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз және т.б.) қорғау.


Ой толғаныс



10 минут


Постермен жұмыс. Оқушылар топтық жұмыс барысында жасаған постер бойынша тақырыпты қорғайды.


Кері байланыс. «Бес бармақ» әдісі


Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Қызыл кітап және Қазақстан тақырыбы жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;

3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.


«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.



Үйге тап-

сыр-ма

2 минут

Үйге тапсырма беру.

Қызылорда облысының Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктері мен жануарлары туралым ізденіп келу.




































1-тапсырма. Сәйкестендіру

  1. «Өзендер қай алапқа кіреді?»

Алаптар

Өзендер

Солтүстік Мұзды мұхиты

Іле , Аягөз

Балқаш - Алакөл

Сырдария, Шу

Каспий

Есіл, Ертіс

Арал

Жем, Жайық







  1. Мемлекеттік маңызы бар су электр станциялары

Өзен

Су электр станциялары

Ертіс

Шардара

Сырдария

Қапшағай

Іле

Бұқтырма



2- тапсырма. «Баламалы тест»

  1. Қазақстанда ірілі - ұсақты 85000 өзен бар.

  2. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері Арал теңізіне құяды.

  3. Сырдария өзені Каспий теңізі алабына жатады.

  4. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

  5. Ертіс – Қазақстанның ең ірі өзені.



3–тапсырма. Географиялық диктант

  1. Бұл өзен тау мұздықтарынан басталып, солтүстік – шығысқа қарай ағып, үлкен көлге келіп құяды. Су шығынының жаз бен көктем мезгіліндегі үлесі 47% . Еліміздегі ең лайлы өзен. Лайлығы - 1200г/м3. Қазақстан аумағында бір ғана саласы бар. Жағалауында халық тығыз қоныстанған және суармалы егіншілік жақсы дамыған. Бұл ............ өзені ............... алабына жатады.

  2. Жыл бойы суы мол болады. Өзеннің орта ағысы Қазақстан жерімен өтеді. Өзен бойында ірі бөгендер мен су электр станциялары көп салынған. Бұл өзен халық шаруашылығы үшін өте маңызды рол атқарады. Өзеннің барлық бөлігінде кеме жүзуге қолайлы. Өзен суы Орталық Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етеді.

..................................... алабына жататын .................... өзені Қазақстанның ірі өзені болып саналады.

  1. Суының молдығы жөнінен елімізде үшінші орын алады. Негізінен қар және мұз суымен қоректенеді. Өзен алабындағы тау өзендерінде тасқын жиі болып тұрады. Басында тау өзені болғанымен орта және төменгі ағысында жазық өзенге айналады. Өзеннің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Өзен алқабында еліміздегі ең ірі қала орналасқан.

Бұл ........................ өзені ...................... алабына жатады.

  1. Еліміздегі бұл өзен солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай ағады. Жылдық су шығынының 80% көктем мезгіліне келеді. Өзен өте бағалы бекіре балығымен әйгілі. Бұл өзеннен Жем мұнай кәсіпшілігі су құбыры тартылған. Өзен атырауы екі тармаққа бөлінген. Өзен жағалауында құм, саздан түзілген биік жарқабақтар көп.

..........................өзені ............................. алабына жатады.




4-тапсырма. Бұл қай өзен?

Өзен

Су шығыны

Салалары

Қорек-тенуі

Еліміздегі ұзыңдығы

Өзен

бастауы

Сағасы


960 м3

Үлбі, Шар, Бұқтырма

Аралас

1700 км

Алтай

Обь


400 м3

Самара, Ор, Ойыл, Сағыз

Қар суы

1082 км

Орал

Каспий


673 м3

Арыс, Түрген, Талғар

Қар, мұз

1400

Тянь-Шань

Арал


464 м3

Күрті, Шілік

Қар, мұз

815 км

Тянь-Шань

Балқаш



5-тапсырма. Кестені «+» бойынша толтыр

Көлдер

Ағынды

Тұйық

Каспий



Арал



Зайсан



Балқаш



Марқакөл



Қорғалжын



Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды.1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.











Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс  Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.













Қазақстанның қорықтары

Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 9 қорық жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл – Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85,4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды.1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500–2000 м – даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т.б. жануарлар кездеседі.

Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурзым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 87,7 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286-ден астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі.Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.

Алматы қорығы 1961 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800–2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғақтар мекендейді.


Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 16,8 мың га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953–1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорықтың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).

Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжын және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.

Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт арқасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музейлер, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.


Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың га жер көлдің аса маңызды бөлігі бола түрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы –26° –27°С, ал кейде аяз –55°С-қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы +14° +17°С, ең жоғарғысы +30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.

Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы – Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 260-ге жуық түрі бар, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар да кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке , майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.


Үстірт – республикадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың га республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын-шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі – үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар және т.б. сирек аңдар кездеседі.

Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық су – батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 283 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 323 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз және т.б.) қорғау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!