400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызыл кітап құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызыл кітап туралы мағлұматтар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің технологиялық картасы


Тобы: Мектепалды даярлық


Тәрбиеші: Бижанова Людмила Есимовна


Білім беру саласы: «Таным»


Бөлімі: Экология негіздері


Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.


Мақсаты:Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.Жануарлар, құстардың және өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Слайд, суреттер, марбльс тастарын қолдану.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-қызметі

Мотивациялық -қозғаушы

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң, құсқа, аңға да,

Қайырлы таң, жайдары жанға да

Қайырлы таң алға ассын,

Кешке дейін жалғассын!

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз,

«Қайырлы таң!» деп айтамыз

Бір болып кешке қайтамыз!


Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастыру-ізденушілік

Балалардың алдында кітап көрмесі бар.Осы кітаптарды қандай топтарға бөлуге болады?

-Бүгін мен сіздерді тағы бір өте маңызды кітаппен таныстырғым келеді? «Қызыл кітап» слайд көрсету.Балаларға сұрақ қою.

-Бұл кітап қалай аталады?

-Сіздер қалай ойлайсыздар, бұл кітап не жайында?

-Неліктен ол «Қызыл кітап» деп аталады?

-Қызыл кітап- сирек кездесетін және жойылып кетуі қаупі бар жануарлар, өсімдіктердің түрлері тіркеледі.


«Қызыл кітап» дидактикалық ойыны. Суретте бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлар, өсімдіктер, құстарды тапқызып, олардың атын атау.Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызады.






Сергіту сәтін өткізу.

«Қызыл гүлім –ай»


Көбелек те, гүлде бір.

Қызыл –жасыл күллі өңір

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт

Саңқылдаған саз әні,

Көлде құстың базары


Дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр». Балаларды үш топқа бөліп, құрастырмалы суреттерді тарату. Әрқайсысына жеке сипаттама беру.





Шығармашылық жұмыс:

-Балаларға үкі, қызыл түлкі, алоэ суреттерін ұсыну.



-Құстардың қандай пайдасы бар?






-Өсімдіктердің пайдасы?





-Жануарлардың пайдасы?

Балалардың жауабы: ертегі, тақпақтар, әңгімелер т. б.



Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

«Табиғаттың қызыл кітабы»

Жануарлар, өсімдіктер, құстар туралы.

Қызыл- қауіптілік түсі, дабыл, ескерту дегенді білдіреді.









Құстар, өсімдіктер, жануарлар деп үш топқа бөлу. Балалар үлгі бойынша жауабы: Арқар, құндыз, барыс, бүркіт, тұңғиық, қызғалдақ т. б.

-Бүркіт құсының саны азайып барады.Сондықтан оны қорғауға алу керек.Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды...


Өлеңге қосылып, сергіту жаттығуын орындайды.









Аққу, барыс, қызғалдақтың суреттерін құрастырып, оларды марльбс тастармен атын жазып, буынға бөлу.




бейнеленген құс, жануар, өсімдіктердің суретін марльбс тастарды қолдану.


Құстың қауырсынын қалам ретінде қолданған, көпшік жасайды, сәукелеге таққан, баланың бесігіне, домбыраға таққан т.б

Өсімдіктерден әр түрлі емдік шөптер, дәрілер , әтірлер , су сабындар жасайды.


Адамдарға ішік, тон, былғары аяқ киімдер жасайды.



Рефлексивті түзетуші

Тәрбиеші сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы балалардың сабақта алған білімдерін пысықтайды.

-«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, ал табиғат оны айтуға тілі жоқ»- дегендей, өсімдіктер мен жануарларды қорғау әрбір адамның парызы.






Бәріміз дос бауырымыз,

Ажырамас іргеміз.

Қиындыққа мойымай,

Сау болыңыз, дейміз біз!...






Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы

Нені игерді: Жануарлар, құстар, өсімдіктерді қорғау.

Нені меңгерді: Өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға, құстарға қамқорлық көрсету, өсімдіктерді күтіп баптау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.01.2021
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі