Интелектуаллды сайыс
Сабақтың тақырыбы:
«Қызықты физика»
интелектуаллды сайыс
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды сайыстыра отырып, физика
курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық
құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге
үйрету;
Дамытушылық:
Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік,
ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау
қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой
шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Сайыс сабақ
Сабақтың
әдісі: топтық жұмыс,
көріністер
Көрнекілігі: слайд,
презентация
Құрал-
жабдықтар:
интерактивті тақта , жайпақ тарелка, жұмыртқа, топ аты жазылған
тақтайшалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
-
Таныстыру (топтың аты, ұраны,
эмблема)
-
Ой ширату (викториналық
сұрақтар)
Барысы:
- Армысыздар, қадірлі ұстаздар және
білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым
арқылы өз орнын табады. “Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды
жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда
білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші
болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Қызықты физика ” атты
кешімізге қош келдіңіздер,- дей отырып сайысымызды
бастайық.
Олай болса:
а)
Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.
б)
Әділқазылар алқасын сайлау.
-
Ньютон
----Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
-
Архимед----Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
1.
Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп
кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме?
(Өзгермейді)
2.
Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене,
вакуум)
3. Аспан денелерін бақылауға,зерттеуге арналған
құрал? Телескоп
4. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай
алмайсың? (көлеңке)
5. Сағат тілі ұшының
қозғалыс траекториясы қандай сызық
сызады.
(Шеңбер тәрізді
траектория)
6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
(буланады)
7.
Қозалып келе жатқан денеде қандай энергия болады?
(кинетикалық)
8.
Қант қайнату заводындағы қызылшадан қантты шығарып алу қандай
құбылысқа негізделген./Диффузия/
9.
Архимед күшінің әрекетінен пайда болатын жылудың
түрі. /конвекция/
10.
Жаңғырық көмегімен бағдар жасауға болады ма?
/жоқ/
-
Аспаптар ( 5
ұпай )
1) Аспапты
білеміз бе? Нені өлшейміз?
Динамометр
Мензурка
Электроскоп
Амперметр
Вольтметр
Барометр
-
Сергіту сәті (Кел,
күлейік)
-
«Жұмбақ шешу» сайысы. (Әр дұрыс жауапқа 5
ұпай)
1. Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы, достар, кім ашқан?
(Г.Галилей)
2. Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді
(Молекула)
3. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
(Электр тогы)
4. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла, ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді.
(Үтік)
5. Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(Ауа)
6. Хабар алған алыстан.
Екі өріс табысқан
(Электромагниттік толқын)
7. Таба алмай оң мен солыңды,
Адассаң қапалыста.
Дәл сілтер, көрсетіп жолыңды,
Шығысқа, Батысқа.
(Компас)
8. Көкке қараған, жұлдыз санаған.
(Телескоп)
Оның түсі -
ақ. Ол бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз.
Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл. Ол атом реакторы
іспетті. Оның сыртының температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1
миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К.
/Күн/
Адамға қарағанда 6 қабырғасы артық, 30 қабырғалы,
517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4
саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр қашықтықтан
көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар
қалай аталады /Мысық/
Қажетті сөздерді тауып, физикалық заңды
оқыңдар
|
|
Е
|
Р
|
И
|
Д
|
Ж
|
Ә
|
Б
|
О
|
Д
|
Е
|
|
Н
|
Г
|
А
|
А
|
Ы
|
Н
|
А
|
Л
|
Р
|
Н
|
Д
|
Э
|
И
|
Қ
|
Ж
|
Д
|
Е
|
Д
|
М
|
Ү
|
Е
|
А
|
Ы
|
Я
|
Ш
|
О
|
Й
|
Е
|
Й
|
А
|
Т
|
К
|
С
|
Н
|
Д
|
Е
|
Ғ
|
А
|
Ш
|
А
|
Й
|
Р
|
І
|
Ы
|
Е
|
Е
|
Е
|
А
|
М
|
Қ
|
П
|
Д
|
І
|
Н
|
У
|
М
|
Н
|
Н
|
Н
|
Л
|
А
|
Н
|
Ы
|
Б
|
Ш
|
А
|
Е
|
Е
|
Е
|
Е
|
Е
|
Й
|
А
|
,
|
К
|
І
|
Е
|
С
|
Д
|
К
|
Д
|
Г
|
Е
|
Д
|
О
|
Е
|
Т
|
Г
|
Е
|
Р
|
І
|
І
|
Е
|
Ш
|
Д
|
Л
|
Т
|
Ү
|
Р
|
Б
|
І
|
Н
|
Ш
|
К
|
Ө
|
І
|
.
|
Жауабы: Сол жақтағы қиық бұрыштан бастап
төменнен жоғары қарай фигура бөлшектенген квадраттардың
диогналдарының бойымен ирелеңдете оқығанда : «Энергия ешқайда
жоғалмайды және ешқайдан пайда болмайды ол тек бір түрден екінші
түрге ауысады немесе бір денеден екінші денеге көшеді» деген сойлем
шығады
-
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан
топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар
алқасына береміз."Қызықты физика әлемі" атты интеллектуалды
сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз
білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен
алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау
болыңыздар
-
1
топқа сұрақтар
1. Сандыққа
нені тығып қоюға болмайды? ( жарық
)
2. Күн
күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген
дауысты естиміз бе?
(найзағайды)
3. массасының
өлшем бірлігіне не алынған?
(кг)
4. Ең кішкентай
заряд? (электрон)
5. электр
заряды жоқ бөлшек? (
нейтрон)
6. Жылдамдықты
өлшеуге арналған құрал?
(спидометр))
7. Аттас
зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ
тебіледі)
8. Басқа
денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы,
ол....? (инерция)
9. Жылу
берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле
шығару)
10. Дененің
жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама...
(энергия)
2 топқа
сұрақтар
1. Сұйықтың ең
кішкетай бөлшегі қалай аталады? (
тамшы)
2. Термометрді
кім жасады? ( Швед астрономы, физигі
Цельсий)
3. импульс
түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш
импульсі)
4. Дене
импульсінің формуласы? ( Р=mv,
)
5. Атомның
ядролық моделін жасаған ғалым? (
Резерфорд)
6. Бір заттың
малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына
өзара өтуі – бұл....
(диффузия)
7. Дене
пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация
)
8. Дененің
тірекке немесе аспаға түсіретін күші? (
салмақ)
9. Динамика
заңдарын атаңдар? ( Ньютон
заңдары)
10. Физиктер:
«... – заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы
айтқан? ( Ом заңы)
-
Сөзжұмбақ шешу.
1-ұпай
Сөзжұмбақ «Ампер» 1 -
топқа.
1. Қуат бірлігі
2. Кедергі бірлігі
3. Қысым бірлігі
4. Ұзындық бірлігі
5. Электр сыйымдылығының бірлігі
«Физика» сөзжұмбағы 2 -
топқа.
1. Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы (диффузия)
2. Итальян ғалымы (Галилей)
3. Заттың үш күйінің бірі (Газ)
4. Табиғатты зерттейтін ғылым (Физика)
5. Заттың ең ұсақ бөлшегі (Молекула)
6. Суды көлем өлшейтін құрал (мензурка)
-
Мақал-мәтелдердің физикалық қасиеттері және
физикалық жұмбақтар Көрермендермен ойын «Қызықты сұрақтарға жауап»
Көрермен көзайымы кім болады
екен?
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы)
2. Ньютонның заңын ашуға себеп болған не? (Алма)
3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)
4. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
5. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
6. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. (Күн, Ай, табиғи жарық) 7. Қармен біз жүргенде,
Сықырлайды ол неге? (сынады, қатты дене)
8. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (масса, физикалық шама)
9. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
10. Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым (Шаңғы, сырғанау, үйкеліс, қысым)
11. Шапшаң жүргенге шаң жұқпас. (инерция құбылысы)
12. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. (үйкеліс құбылысы)
13. Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді? (диффузия
құбылысы)
14. Шапқан озар, жатқан қалар. (жылдамдық, физикалық шама)
15. Басқан жерде ізі қалар,
Айтқан жерде сөзі қалар. (қысым, физикалық шама)
16. Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады. (заттың беріктік
шегі)
17. Кемпірқосақтың түстерін не деп атайды?
18. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (бор, жұғу
құбылысы)
19. Азықсыз адам, алысқа бармайды. (әлсіз, энергиясы аз)
20. Ас адамның қуаты, ат адамның қанаты.(күшті,энергиясы мол, күш
көп)
-
«Тапқырлар сайысы». Топтарға екі конверт
беріледі. 5-ұпай
1. «Физикалық приборлар» - 1 топқа
2. «Физикалық шамалар» - 2 топқа
Конверттің ішінде жеке – жеке жазылған сөздер бар, артық сөзді алып
тастау керек.
«Физикалық приборлар»: таразы, термометр, динамометр, вольтметр,
барометр, мензурка, найзағай,реостат, сағат, сызғыш.
«Физикалық шамалар»: Ұзындық, уақыт, масса, көлем, газ, жылдамдық,
тығыздық, күш, үдеу, қуат.
-
Логикалық есептер шығару
(Әр дұрыс есепке 5 ұпай)
1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек
қалды? (Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті)
2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта мысық отыр. Әрбір мысыққа
қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? (Төртеу)
3. Үстелде төрт бұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады? ( 5 бұрыш)
4. Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз.
Ең соңғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың
ортасында бір қаз және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы
неше қаз? (Үш қаз)
5. Апа қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш
жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы .
Неше тірі жан қалаға бара жатыр? (Жалғыз апа ғана)
6. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина
поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір
вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (13)
7. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)
8. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат
ойнаған? (2)
9. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай
тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
10. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі
артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында.
Барлығы неше үйрек ұшып барады? (3 үйрек)
11. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің
жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
12. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма
корзинада қалуы керек. Бұл қалай? (соңғы қызға корзинамен бірге
беру керек)
-
«Сиқырлы текше» эксперимент
жүргізу.
№1 қалта. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан
қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар:
Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез
айналады).
№2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол
тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт,
қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу
керек)
-
Келесі кезең «Портреттер жарысы». Бұл сайыста
физик – астроном ғалымдардың портреттері көрсетіледі, қай ел
ғалымы, аты-жөні, қандай заңдылықтарды ашқаны туралы табу
керек.
1.Н.Коперник- поляк ғалымы,гелиоцентрлік жүйе
2.Г.Галилей- италя ғалымы, инерция құбылысы
3.И.Ньютон- ағылшын ғалымы, БӘТЗ ашты
4.Б.Паскаль- француз ғалымы, қысым
жүргізуші:
Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап апты
Физика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ Даналарға туса игі
Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділқазылардан қорытынды
сұраймыз. Марапаттау.
жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кезедесерміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды
аяқтаймыз.