Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қызықты химия әлемі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қызықты химия әлемі»
(8 -9 сыныбы)
Дайындаған: химия пәні мұғалімі Айтбаева Ақмарал Ералбайқызы
Соғанды ауылы
2020-2021 оқу жылы
Сыныптан тыс жұмыс
«Қызықты химия әлемі» интеллектуалды-танымдық ойыны
Мақсаты: Жалпы химиядан алған
білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін
арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру, сұрақ тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу, есептер шығару,
тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту, білімділік пен
дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа,
тазалыққа үйрету.
Көрнекілігі: :
слайд - презентациялар,
үлестірмелі қағаздар, көрермендерге арналған
жұмбақтар;
Жүргізуші:
Біліммен ашасың жол ғылымға,
От боп лаула, су боп кейде құйыл да.
Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,
Айтылыпты ақындардың жырында.
Химия мен медицина дамыған
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әркез биік тұрады
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!
8 сынып оқушылары арасында өткізіліп отырған «Қызықты химия әлемі» интеллектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Жоспармен таныстырып өтейін:
1-бөлім. «Бәйге»
2- бөлім. «Ой қозғау »
3-бөлім. «Мен кіммін?»
4-бөлім.“Химиялық портрет”
Сайысымызды әділ бағаларын қойып, бақылап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі
бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте Бәйге- сайысы.
-
бөлім. «Бәйге» (Әр дұрыс жауапқа 5 балл)
-
топқа қойылатың сұрақтар
1. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)
2. Авагадро саны тең? (6, 02 *1023)
3. Газдың моль көлемі? (22, 4л/моль)
4. Өндірісте сутекті қалай алады? (электр тогының әсеріне судың айырылуы)
5. Қышқылдар қандай болады? (сұйық және қатты)
6. Реттік номері 29 - шы элементтің неше электрон қабаты бар?(4)
7. Периодтық жүйеде неше период бар? (7)
8. Қай элементтің атомдық массасы 12? (Mg)
9. Реакция типтерін ата?(қосылу, алмасу, айырылу, орынбасу)
10. Емдік қасиеті бар улы газ? (H2S)
-
топқа қойылатын сұрақтар (Әр дұрыс жауапқа 5 балл)
1. NH3 молекуласындағы химиялық байланыс? (ковалентті полюсті)
2.Химия пәні нені оқытады? (заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін оқытады)
3. Оттектің аллопоропиялық түр өзгерісі? (озон)
4.Сілтілік металдардың периодтық жүйеде орналасуы? (І топ, негізгі топша)
5.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)
6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)
7. Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)
8. Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)
9. Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)
10.Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)
Жүргізуші:
Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой,- деп екінші тапсырмамызға кезек
берейік.
ІІ. «Ой қозғау»
Оқушылардың валенттілік ұғымын қалай меңгергендігі, химиялық формулалар құрастыру біліктіліктері тексеріледі (Әр дұрыс жауапқа 1 балл)
І топ
1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)
SiH4, CrO3, H2S, CO2 , K2O, CO
2.Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:
VI II II I III I VII II
СrO, BaCl, AlH, MnO
ІІ топ
1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)
HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3 , SO3, Al2O3,
2.Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:
II I III I V II III II
CaCl PCl NO CrO
Жауаптары:
І топ
IV I VI II I II IV II II II VI II
SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3
СrO3 BaCl2 AlH3 Mn2O7 P2O3
ІІ топ
I I V II VII II III I I II III II
HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3
CaCl2 PCl3 N2O5 Cr2O3 Cl2O7
Жүргізуші:
Химия мен медицина дамыған,
Өндірісте химияны таныған.
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әр кез биік тұрады,- деп үшінші тапсырмамызға келейік.
Жүргізуші:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әркімде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,-деп ендігі кезекте «Мен кіммін» ойыны
ІІІ-«Мен кіммін?» ойыны: (Әр дұрыс жауапқа 5 балл)
І
топ
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау. (азот)
2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан
есім (озон)
ІІ топ
3. Бірінші бөлігім тасқын су,
екінші бөлігім мал құлағына салатын белгі. (селен)
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші
буыным шараппен улану деген мағынада
(алмас)
ІV-бөлім. «Химиялық портрет»
Бұл бөлімде сіздерге тапсырмалар оқылады. Қай топ бірінші жауап берсе ұпай сол топқа беріледі. (Әр дұрыс ұпайға 10 балл)
І
Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері (Д.И. Менделеев)
ІІ
Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, суретші, тарихшы (М.В. Ломоносов)
ІІІ
1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп атаған итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)
Ойынымыздың соңғы бөлімі:
«Шығармашылық
сәт» деп аталады. Мұнда оқушылардың
шығармашылық қабілеттері анықталып, тиісті ұпайлары беріледі. Әр
дұрыс жауап үшін 1 ұпай.
1. Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып, мақал-мәтел
құрастыру.
(Ауыл, қала, орда – алтын; Жылқы, қой, түйе –
қорғасын;
Алтын, қорғасын, темір – тас;
Алтын, платина, темір – шыққан ).
Жүргізуші:
Білім сайыс болғаннан соң
шабысы
Қосылады әр сыныптың мықтысы
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Көрінеді алған білім табысы – дей келе келесі кезекті әділқазы
алқасына берсек.
Әділқазылардың шешімі
Жүргізуші:
Ойын – толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын- толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - деп бүгінгі « Қызықты химия әлемі» интеллектуалды-танымдық ойынымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп-көп
рахмет!!!
Бағалау парағы
топ |
Бәйге |
Ой қозғау |
Мен кіммін? |
Химиялық портрет |
Шығармашылық сәт |
ҚОРЫТЫНДЫ |
І –топ 8-сынып |
|
|
|
|
|
|
ІІ- топ 9-сынып |
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы