Материалдар / Қызықты жаттығулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қызықтыру мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1117
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саусақ жаттығулары



  Піл досым



Шынжыр.

 Оң және сол қолдағы басбармақпен  баланүйрек саусақтары түйісіп,  жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.



Піл.

 Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса,   баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.




Доп. 

Алақандар  бір-бірімен жабысады (доп пішінін жасайды)






Гүл. 

Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады,  Саусақтар ашылады

Гүл сыйлағым келіп тұр.












Санамақ

Балаға қарама-қарсы отырып,тәрбиеші көрсетіп отырады,  қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді. Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп, «Кел,санайық санамақ, саусақтарға қарап ап. Басбармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.» Бала қозғалыстарды қайталайды.

Саусақтар жүреді. 

Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап,  алға-артқа  жүреді



Құстар қанат қағады

 

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ-деп, ән салады.



























Мысық

Пеш түбінде мысық отыр,            (Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады. Ортантерек)

Екі көзін қысып отыр.                (Ортантерек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды  қимылдатады)

Тышқан етін жегісі кеп,               (Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі бір-бірін қашай қозғалтады )

Тісі оның қышып отыр.

Добым-добым домалақ

Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,                                  (Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпін жасау.Өлең

Тарелкені сындырдың.                                                     мазмұнына қарай қимылдар жасау)

Тентек болып кеттің, деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.


Дидактикалық ойындар
1. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық» 

Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды  саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.

Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;

Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.

Қос саусақ арасымен  моншақты  қысып ұстау;

 

-Балалар, енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін мына шимай жолдар арасынан өтуіміз керек. Сол кезде ғана біз қуыршақ Сәулеге көмектесе аламыз.



2. Дидактикалық ойын: «Моншақтың саяхаты» ойыны

Мазмұны: Шимай жолдар арасымен жалғыз  моншақты саусақтарымен итеріп, жүру арқылы моншақты көтермей домалату.

Жасалу жолы:

Қабатталған екі картон қағаздың бірінші бетінің (моншақ басқа жаққа домалап кетпеу үшін) шимай жолдары кесіліп алынған, сол жолмен моншақты домалатады.

 

-Жарайсыңдар, балалар, енді бізге сандықшадағы басқа да моншақтарды алуымызға болады. мына моншақтарға назар аударайық. Қандай керемет моншақтар. Бұл біздің кәдімгі тағам жасайтын макарон өнімдерінен жасалған әр –түрлі моншақтар.  Бұл моншақтарды түстеріне, көлемдеріне қарай, дәл суреттегідей етіп, тізбектейік.



3. Дидактикалық ойын: «Макарон моншақтар»

 Мазмұны: әр балаға макарон өнімдерінен  тізбектелген моншақтар суреттері беріледі.Суреттегідей етіп, әр-түрлі түсте боялған  үш түрлі көлемдегі макарон өнімдерінен жасалған моншақтарды жіпке тізбектейді.

Саусақ жаттығуы: «Түтікше»

Қолдарын жұдырықтайды, жұдырық арасымен моншақтарды өткізеді, саусақтарының икемділіктерін  арттырады.

 -Ал, балалар мына моншақтарды қараңдаршы, өзі сондай кішкене, сүйкімді, әдемі моншақтар екен. Біздің қуыршақ Сәуле  қонаққа барғанда киетін көйлегіме сәйкестендіріп,  моншақ жасап беріңдерші,- деп, өтініп жатыр. Мына түрлі-түсті моншақтарды тізбектеп, Сәулеге тағы да әдемі моншақ жасап берейік.

Мен әдемі моншақпын,

Нүктелерім бар сонша көп.

Ақылың болса адаспай,

Тізбектеші шатаспай.

балалар, біз енді нүктелер саны мен түстерге қарап моншақты тізбектейміз.(Балаларға домалақ пішінде  түстер және  оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген суреттер таратылады)



4. Дидактикалық ойын «Моншақты жина» 

Мазмұны:  домалақ пішінде  түстер және  оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген, сол нүктелер санына сәйкестендіріп берілген түстегі моншақты тізбектейді.

Мысалы:  Қызыл домалақ түс, оның астында екі нүкте қойылған бала екі қызыл түсті моншақты жіпке өткізеді.

Ақ домалақ түс, оның астында үш нүкте қойылған бала үш ақ түсті моншақты жіпке өткізеді.

Көк домалақ түс, оның астында бір нүкте қойылған бала бір көк түсті моншақты жіпке өткізеді. Осылайша екі рет суретте берілгендей етіп қайталайды.

Балалар  нүктелер санына сәйкестендіріп,  түстерін ажырата отырып моншақты тізбектейді.

ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ



 «Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару.



«Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.



«Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару.



«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.



«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен; қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады.



«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу.



































ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР



Жүгіріп ойнау.«Жаяу көкпар». Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті  қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.



«Қарлығаш»Бұл ойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді.

«Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.



«Бүркіт».Балалар «Бүркітті» таңдайды. Қалған ойыншылар -  «қосаяқтар», «тышқандар», «құстар» болады. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша «бүркіт» ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал «бүркіт»  ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы «бүркіт» атанады.

 

«Ат шабыс». Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара  қашықтықта жарысады. Олардың шабысын тәрбиеші бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады. 



«Автомобильдер».Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.



«Торғайлар мен мысық». Бірінші «мысықты» таңдайды,  қалған қатысушылар «құстар» болып зал ішінде жүгіріп  жүреді. Дабыл бойынша «мысық» жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «құс» енді «мысық» болады.

.Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй»  құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді. 



«Қыз қуу». Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса,  онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.



«Сақина». Дөңгелек ортасында тұрған жүргізушіалақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып:«Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.



«Көкпар».  Бұл ойын «ат шабыс» ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып есестету арқылы ойналады.



«Көрінбейтін тақия». Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.



Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар.

«Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.



 «Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді:

                                Желаяқ киік шабады,

                                Жолменен киік шабады.

                                Бір, екі, үш, төрт, бес,

                                Оны қалай ұстаймыз?

                                Оны қалай ұстаймыз?

 Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады.

«Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді.



 «Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.



«Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды.



 «Жыландар».Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады.



«Айгөлек».  Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды:

                                   Айгөлек, Айгөлек

                                   Айдың беті аппақ қардай дөңгелек.

                                   Таудан биік, көлден жүйрік,

                                   Бастаймыз біз, жүгірмек.

                                   Кәне, бізге кім керек?

Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады.



«Құрылысшылар».Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.



Секіру ойындары.

«Қоян мен қасқыр».«Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар  - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады. 



«Байланған орамал».

Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.



«Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.



«Тиынды көтер».Алаңның қарама - қарсы  жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.



«Қалпақты атып түсір».Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына  белбеу алып,  секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.

«Ұя».Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық  ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады.



«Қоян мен ит».Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті -  бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады.



 «Қақпан».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда -  «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады.



«Шабыс».Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады.  Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.



«Балықшылар».Үш  «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар  - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді:

Суда балықтар жүзіп жүр,

Балықтар асыр салып ойнап жүр,

Балақтар, балықтар – тентектер

Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.

Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады.



«Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.

Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары.

«Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады. 

«Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз.



«Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады.



«Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті -  орамалды доппен қағу.



«Шұңқыр және доп».Ойыншылар кең  түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады,  қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады.



«Аңшылар».Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.



«Арқа».Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды.



«Ұшты-ұшты».Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды.



 «Доп соғу».Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады.







Кеңістікті бағдарлау ойындары.



«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.



«Инені тап».Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.



«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының  ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.



«Өз орныңды тап».Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек  құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.



«Кім кетті?».Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.



«Жұбыңды тап»Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!