Материалдар / қызықты математика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет. Бұнда 2 сыныпқа факультатив сабақ ретінде математика пәнінен пайдаланасыздар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2018
7223
85 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Бағдарламаны жасаған білім мекемесі: «Боралдай» жалпы орта мектебі.



Бағдарламаның атауы: «Қызықты математика»



Пәні: математика.

Қай сыныпқа арналған: 2-сынып.



Жылдық сағат саны: 34 сағат.



Бағдарламаның авторы: А. Орынбаева.



Елді мекен: «Боралдай» ауылы.





Бағдарламаның жасалған жылы: 2018 ж.




























Боралдай жалпы орта мектебі.















Таңдау курсының тақырыбы:

«Қызықты математика».









Құрастырған:

Бастауыш сынып мұғалімі: А. Орынбаева.











2018жыл.

Таңдау курсының тақырыбы: «Қызықты математика».

ТҮСІНІК ХАТ.

Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің бірі, қарым-қатынас жасау мен дүние танудың құралы, баланың ақыл ойы мен шығармашылығын дамытудың басты арнасы. Өйткені, осы пән арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті сезіне бастайды, санау машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Сонымен бірге оқу барысында оқушылар алғашқы санау мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойлары, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Сол себепті курс осы айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік беретіндей сипатта құрылды.

Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, ой-өріс деңгейін биіктетеді. Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра мен геометрия элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Курстың мақсаты


Қоғамның даму деңгейі жоғарырақ болса, соғұрлым адамның өзіне, оның даму деңгейіне, жалпы мәдениетіне  жоғары  талап қойылады. Қоғамдық өмірде болып жатқан процестер,  кең ойлау мен талдау  қажеттілігін, терең ойлау қабілеттілікті тудырады. Осы арада – логикаға ерекше  мағына  беріледі. 

Оқушылардың өзектілік позициясынан  өздеріне: ғылым сфераларында өз тағдырын өзі шешу, өнер техникасында, математикалық логика  курсын оқу барысында бағыт таңдауға саналы түрде дайындау.

Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді  шешуге үйрету,  есептердегі  олардың практикалық маңыздылығын көрсету, соның ішінде тұрмыстық есептерде  конструктивті ойлайтын оқушыларды айқындау. Олимпиадалық есептерді шешу барысында  алған  білімдерін практикалық түрде пайдалана білу.

 Білім қызметінің мамандандыру элементтерін еңгізу: оқушыда әр алуан пәнаралық байланыс арқылы математика туралы біртұтас ой қалыптастыру, логикалық есептерді шешу әдістері туралы ертерек алған білімдерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. 

Қызықты математика ” эликтивті курсын меңгеру позициясынан: оқушының логикалық мәдениет қалыптастырады.

Сонымен қатар топтық, жұптық жұмыстар жасауға, сынып ішінде еркін жүруге өз ойларын еркін айтуын дамыту. Кейбір математикалық ойындар , есептер командалық жарыстармен, сайыстармен өтіледі. Бағдарлама 2-сыныпқа арналған. Бағдарлама 1 жылға жасалған. 34 сағат, аптасына 1 рет, ұзақтығы 40 минут. Конструкторлар , электронды математикалық ойындар(компютермен жұмыс), математикалық басқатырғыштар, шығармашылық есеп. Бір «орталықта» бірнеше бала жұмыс жасайды, «орталықта» жұмыс жасап 7-8 минуттан соң топ келесі ортаға ауысады. Балалардың топтық, яғни командамен жұмыс жасауын дамытады.

Міндеттері:

-Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларын игерту

-«Қызықты математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру

-Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту

-Мектептің негізгі сатысында окуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру

Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарда жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.

Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

оқушының ойын дамыту;

Кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  Оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

   Оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам  және дұрыс орындау  іскерлігін дамыту.

Салмақты ойластырылған шешім қабылдауға,  өзінің және өзгенің  ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің  ой жүгіртулеріндегі қателерді  таба білу.



Күтілетін нәтиже.

Математикалық білімі дамыған, логикалық ойлау қабілеті жоғары, ізденімпаз, еркін ойын айта алатын, топпен жұмыс жасағанда көпшілікпен ой бөлісе алатын, математикалық терминдерді дұрыс қолданатын , тәрбиелі тұлға қалыптасады.


Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, бейнелеу, жаратылыстану, геометрия, алгебра.

Уақыт көлемі: Бағдарлама аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Қолданылған технологиялар: «Миға шабуыл», «Шаттық шеңбері»

(сергіту сәті), «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша, «Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл бойынша, «Джигсо» әдісі Элиот Аронсон бойынша, «INSERT» әдісі, «Мюллердің ғажайып саны» тәсілі , «Ыстық орындық -1, 2» әдісі, «Бес саусақ» әдісі интернет желісі т.б

Қорытындылау формасы: интеллектуалды сайыстар, пәндік олимпиадалар.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

1-ші және 2-ші жарты жылдықтың соңында өткізілген тақырыптар бойынша қорытынды тест сынағы өткізіледі.

Интеллектуалды сайыстарға қатысқан оқушыларды мадақтау;

Қалалық олимпиадаларға қатыстыру.

Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

. Сандарды өсу, кему ретін білуі;

. Көбейту кестесін білуі;

. Бөлу кестесін білуі;

. Ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерді білуі;

. Теңдеу, теңсіздіктерді, өлшем бірліктерін білуі;

. Сандарды көркем етіп нормаға сай жаза білуі;

Оқушылардың негізгі қызмет түрлері:

Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты ұйымдастырудан өзгеше болуы керек: оқушыға ойлануға қажетті уақыт бере отырып, болжамдар жасауға үйрету. 

Курсты оқу барысында оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне   белсенді қатыстыруы арқылы  жүзеге асады:

Оқушының қажетті математикалық алғашқы білімдерінің бар болуы және өз интеллектуалды білімдерінің белсенділігі мен ой іскерлігінің дамуына байланысты жаңа тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде енгізу;

Алдынғы жұмыстарда зерттелген, жиі қолданылатын маңызды қасиеттер «қатынас» түріндегі сабақтарында тағы бір реттеледі. Мұндай сабақтарда әрбір оқушы мұғалім және оқушының ролінде болып, өз жауабымен көршісінің  жауабын бағалай алады;

Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып,  өзіндік  жұмыстарға арналған тапсырмаларды келесі талқылаумен шығару;

Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу, оқушыларды іздемпаздық және шығармашылық  қызметке  қосу, қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғыну, интуицияны дамытуға мүмкіндік береді. 

Үлгілі тақырыптық жоспар.

1Сабақ. «Сандар әлемі» . Балаларға сандар түрлері : араб, рим сандары және латын алфавиті туралы түсінік беру. Рим сандарымен есептер шығару, латын алфавитін пайдаланып теңсіздіктер, жиын, геометриялық фигураларды белгілеп үйрену.

2Сабақ. «Крестик- нолик» . Ойын сабақ: ойын «Крестик- нолик», конструктор «Танграм» электрондық құрал «Математика және конструктор». Ойындар «Ғажайып таяқша», «Үздік қайықесуші».

3 Сабақ. «Таңғажайып қар ұлпалары». Геометриялық кескіндер. Симметрия. Кескіндердің заңдылығы. Таблицамен жұмыс: «Геометриялық кескіндер. Симметрия».

4 Сабақ. «Жасырын фигуралар». Ойын сабақ : Суреттердегі геометриялық фигураларды табады. Санын анықтайды.

5 Сабақ. «Құпия тапсырма». Стандартты емес есептер мен тапсырмаларды орындау. Өлең түріндегі есептік тапсырмалар.

6 Сабақ. «Сіріңкелер» конструкторы. Сіріңкелер немесе санағыш таяқшаларын пайдаланып берілген бейнені құрастыру. Санын анықтау.

7 Сабақ. «Геометриялық калейдоскоп». Берілген элементтен көпбұрыштар құрастыру. Танграм. Берілген қиындылардан немесе геометриялық фигуралардан бейне құрастыру, санын анықтау.

8Сабақ. «Санды басқатырғыш». Сандар атауынан ребустар құрастыру немесе шешу. Кроссвордтар шешу (судоку).

9Сабақ. «Болашаққа қадам» . Конструкторлар: «Сіріңкелер», «Полимино» электрондық оқулық «Математик және конструктор». Ойындар: «Сиқырлы таяқша», «Үздік қайықшы», «Кімнің ақшасы көп».

10 Сабақ. «Айналамыздағы геометрия». Геометриялық заттарды анықтау, есептер шығару.

11 Сабақ. «Нүктелерге саяхат». Нүктелі қағазға геометриялық фигуралар орналастыру. Жұмысты тексеру.

12 Сабақ. «Айналамыздың құпиясы». Айнала. Айналаның радиусы (ортасы). Берілген суреттерден ортасын табу (циркульмен), өздері құрастыру.

13 Сабақ. «Математикалық саяхат». Топтарға бөліну. 1-ші оқушы сандар қатарынан бір санды таңдайды оны берілген саннан азайтады: Мысалы 14, екіншісі -18-ді қосады, үшіншісі 16 санын азайтады, 4-іншісі 15-ті қосады.

5-раундқа дейін жазылады.

1-ші раунд: 34-14=20 20+18=38 38-16=22 22+15=37

14 Сабақ. «Уақыт әлемі». Уақыт өлшемі туралы білімдерін дамыту. Бір-бірінің туған жылын , күнін, қай апта екенін анықтайды. Сағаттарды тура анықтап үйренеді.

15Сабақ. «Математикалық ойындар». Математикалық пирамида құрастыру: «100-ге дейін көбейту». Палитрамен жұмыс.

16 Сабақ. «Басқатырғыштар». Сандар арқылы жасырынған сөздерді табу, немесе сандарды анықтау.

17 Сабақ. «Тапсырмалар құпиясы». Стандартты емес тапсырмалар орындау.

18 Сабақ. «Интеллектуалдық сергу». Орталықтарда жұмыс жасау: конструкторлар, электронды математикалық ойындар, математикалық басқатырғыштар, қосымша тапсырмалар.

19 Сабақ. «Көбейту әлемі». Көбейту таблицасымен жұмыс, «Математикалық домино». Математикалық жиынтық «Карточки- считалочки»: бір бетінде- сұрақ, ал екінші бетінде жауап.

20 Сабақ. «Бөлу әлемі». Bilim lend, ai mektep сайттарындағы тапсырмаларды орындау.

21 Сабақ. «Математикалық фокустар». Жасырған сандарды табу. Айтылатын сөздер: бөлеміз, көбейтеміз немесе қосамыз, азайтамыз. Басқаша шахмат тақтасындағы ат жүрісі арқылы табу.

22 Сабақ. «Математикалық эстафета». Олимпиадалық тапсырмаларды орындау

( «Ақ желкен», «Алтын ұрпақ», «Кенгуру» т.б олимпиадаларға дайындау).

23 Сабақ. «Өзіндік жұмыс». Тесттік тапсырмалар беру(деңгейіне қарап).

24 Сабақ. «Графика әлемі». Берілген суреттердегі бояу үшін, әр түстің санын білу. Суреттегі есептерді шығарып шыққан сан арқылы түспен бояу.

25 Сабақ. «Арифметикалық ребустар, логикалық ойын есептер.». Ребустар, ойын есептер шығару.

26 Сабақ. «Математикалық лабиринт». Сандық және есептік лабиринт құрастыру.

27 Сабақ. «Олимпиадалық есептер». Олимпиада тапсырмаларын орындау, дайындау.

28 Сабақ. «Әзіл есептер». Интернет желісінен алынған есептер шығару.

29 Сабақ. «Сауысқан не жасырады?». Сандардан құралған ребустар құрау және шешу. Қазақ тілінде және орыс тілінде мысалы: 6н, 100ік, ви3на, 100л, 3буна, т.б.

30 Сабақ. «Әзілкештер хандығында». Топтық жұмыс . Қызықты математикалық мәліметтерден математикалық газет құрастыру.

31 Сабақ. «Интеллектуалды аукцион». Сабақты дүкен немесе базар түрінде және аукцион түрінде өтуге болады. Заттарды сату, ақшаларды санау, есептесіп үйрену.

32 Сабақ. «Тесттік тапсырмалар». Тестпен жұмыс.

33 Сабақ. «Ертегі есептер». Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау және тапсырмалар құрастыру.

34 Сабақ. «Жас математиктер турнирі». Викториналық сұрақтарға жауап беру. Сабақты сайыс түрінде өтуге болады.











«Қызықты математика» факультатив сабағының бағдарламасы.

Тақырыбы.

Сағат саны

Мерзімі

1

Сандар әлемі.

1


2

«Крестик-нолик» ойыны.

1


3

Таңғажайып қар ұлпалары.

1


4

Жасырын фигуралар.

1


5

Құпия тапсырма.

1


6

«Сіріңкелер» конструкторы.

1


7

Геометриялық калейдоскоп.

1


8

Санды басқатырғыш.

1


9

Болашаққа қадам.

1


10

Айналамыздағы геометрия.

1


11

Нүктелерге саяхат.

1


12

Айналамыздың құпиясы.

1


13

Математикалық саяхат.

1


14

Уақыт әлемі.

1


15

Математикалық ойындар.

1


16

Басқатырғыштар.

1


17

Тапсырмалар құпиясы.

1


18

Интеллектуалдық сергу.

1


19

Көбейту әлемі.

1


20

Бөлу әлемі.

1


21

Математикалық фокустар.

1


22

Математикалық эстафета.

1


23

Өзіндік жұмыс.

1


24

Графика әлемі.

1


25

Арифметикалық ребустар, логикалық ойын есептер.

1


26

Математикалық лабиринт.

1


27

Олимпиадалық есептер.

1


28

Әзіл есептер.

1


29

Сауысқан не жасырады?

1


30

Әзілкештер хандығында.

1


31

Интеллектуалды аукцион.

1


32

Тесттік тапсырмалар.

1


33

Ертегі есептер.

1


34

«Жас математиктер» турнирі.

1




 






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Өзіндік жұмыс» 1-4 сыныптар.

  2. Математикадан бастауыш сыныптағы оқушылар үшін бақылау жинағы. Бейсеков Ж. Қамбарова Ж. Исаева А. Шымкент. 2010 жыл.

  3. Математика оқулығы. «Атамұра» . Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова.

  4. «Бастауыш сыныптар үшін әдістемелік көмек». Ұлмекен Жазықбаева.

5 .ҚР-сы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты ;

6.Сыныптан тыс жұмыс түрлері;

7.С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»

8.Ә. Наурызбайқызы, Қ. Әубәкірқызы, С.Мұқамбетқызы

9.«Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар»

  1. .Л.Л. Глазырина «Математика» пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы.

  2. . Агаркова Н. В. Нескучная математика. 1 – 4 классы. Занимательная математика. Волгоград: «Учитель», 2007

  3. . Сухин И. Г. Занимательные материалы. М.: «Вако», 2004

13.Шкляров Т. В. Как научить вашего ребёнка решать задачи. М.: «Грамотей»,2004

14. Сахаров И. П. Аменицын Н. Н. Забавная арифметика. С.- Пб.: «Лань», 2010












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!