Материалдар / Р дыбысын айтуға машықтандыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Р дыбысын айтуға машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед-дефектолог мамандарына қажет құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:  «Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру. 

Мақсаты: «Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.«Р» дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Білімділік: артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды сөзде,

буында дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын дамыту

Түзетушілік: ойын тапсырмалары арқылы ойлау, танымдық процестерін дамыту,ұсақ моторикасын дамыту-түзету

Тәрбиелілік: қызығушылық ояту, зейінді, белсенді болуға тәрбиелеу

Сабақ түрі: топтық

Көрнекілік құралдар: дыбыстардың артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, айна, слайд, қыстырғыштар,телефон, құм, «тіл» үйшігі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Мимикалық гимнастика:

Көзімізді ашып-жұмамыз

Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз

Жымию

«Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері»
А – а - а У - у – у – у
О - о – о – о И – и – и – и

II.Негізгі бөлім

-Балалар қазір далада жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі

-Көктемде далада қандай өзгерістер болады?

- Күн жылынып, қар ериді. Ағаштар бүршік жара бастайды.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға «Көктем»ханшайымы келіпті. «Көктем»ханшайымы өзімен бірге көктемде шығатын әдемі «Қызғалдақ» гүлін ала келіпті.

- Балалар, Қызғалдақ гүлі орысша қалай аталады?

- «тюльпан»

- ағылшынша ше?

- «Tulip» деп аталады.

-Көктем айларында болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

- Аналар мерекесі, ұлыстың ұлы күні Наурыз

- Жарайсыңдар!

-Ал, Наурыз ағылшынша қалай аталады?

- March

Мереке ше?

- Holiday

-Жарайсыңдар!

-Ендеше, «қызғалдақ гүлінің иісін сезінейік»


ІІІ.Тыныс алуға арналған жаттығулар.

( дұрыс дем алуға арналған жатығулар)

Мұрынмен ішке тыныс алып, беске дейін санап шығару. 3- рет.

« Көктем»ханшайымы біздің бүгінгі түзету сабағымызға өзімен бірге «р» дыбысына қатысты бірнеше тапсырмалар әкелген екен.

- Тапсырмаларды бірге орындаймыз ба?

- Иә

ІV.Артикуляциялық жаттығулар

1.Тапсырма «Көңілді тіл» ертегісі.

 (айнаға қарап артикуляциялық жаттығуларды орындайды).

Ертеде бір «Көңілді тіл» өмір сүріпті. Оның үйі «Ауыз» деп аталады екен. Үйінің бір емес екі есігі болыпты. Бірінші есігі тіс, екіншісі тіл екен. Тіл бір күні жата-жата жалығып кетіп, таза ауада демалмақшы болып далаға шығыпты. Ол далаға шығып жан-жағына қарап, достарын іздейді. «Сағат» жаттығуы. Бір кезде достарын көріп қуанғанынан секіріп-секіріп жібереді. «Саңырауқұлақ жаттығуы». Ол достарымен бірге алтыбақан теуіп ойнады. «Алтыбақан» жаттығуы. Содан соң футбол алаңына барып доп теуіп ойнайды. «Доп» жаттығуы. Бір кезде тентек тіл кеш болып қалғанын байқап, сағатына қарады. «Сағат жаттығуы». Ол достарымен қоштасып үйіне келді. Үйге келіп кесемен ыстық шәй ішті. «Кесе» жаттығуы. Шәйға тәтті бал қосып ішті. «Бал жалау» жаттығуы. Содан соң ол тісін тазалады. «Тіс тазалау» жаттығуы. Сөйтіп ол тәтті ұйқыға кетеді.

2- тапсырма Буындарға «Р» дыбыстарын қойып жаз.

-Буындарға «р» дыбыстарын қойып оқимыз және жазамыз

Ша, Сұ, Қа, Бо, То


3-тапсырма «Телефон ойыны»

Телефон арқылы бір –біріне «р» дыбысы бар сөздерді байланыстырып сөйлесу.

4-тапсырма «Қысқыштардың ертегі әлемі»

 (саусақтардың ұсақ  моторикасына арналған ойын-жаттығулар).

«Р» дыбысы бар заттарды алып қысқыш қадау.

V.Бекіту

-Балалар «Көктемнің» бізге ала келген тапырмалары ұнады ма?

- иә

«Құм терапиясы»

-Ендеше өз жұмысыңды бағала.

Кімге сабақ ұнады (құмға күннің суретін салады ).

Кімге сабақ ұнаған жоқ (құмға бұлттың суретін салады).

Несімен ұнады? Ұнаған жоқ?

VI.Үйге тапсырма


VII. Қорытынды, бағалау








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!