Рабғузи "Лұқман хакім" әңгімесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рабғузи "Лұқман хакім" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рабғузи "Лұқман хакім" әңгімесін оқу арқылы түрлі топтық жұмыстар жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші әңгіме:


Лұқман хакім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын еді. Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей: «Қарызын бермей кетейін»,-деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір жерге демалады. Сол кезде бір құс ұшып келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі. Құс Лұқман хакімнің үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда түйіншегі жерге түсіп кетеді.

Қарыз алған кісі Лұқман хакімге қайтып келеді, тағы мың алтын беруін өтінеді. Ішінен:«Егер осы жолы берсе, мың алтынын екі мың қылып қайтарармын-ау», - деп ойлайды.

Лұқман сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың алтыннан он мың пайда көреді. Лұқманның алған қарызын екі есе қайтарады. Сонда Лұқман хакім: «Бірінші алғанда бермей кетейін деп арамдық ойлап едің , ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма»,-дейді.






Екінші әңгіме:


Лұқман хакімге қожасы: «Жақсы ет асып бер»,-деді. Лұқман хакім бір қойды бауыздап, оның тілі мен жүрегін асып береді. Біраз күн өткен соң, қожасы тағы: «Енді маған жаман ет асып бер»,-дейді. Лұқман тағы да қойдың тілі мен жүрегін асып береді. Қожасы мәнісін сұрағанда: «Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен»,-депті.







Үшінші әңгіме:


Бір залым патша Лұқман хакімді ұлымен бірге зынданға тастатады. «Данышпандығын көрейін, осы құдықтан қалай аман шығар екен»,-дейді. Құдықтың аузын диірменнің тасымен бекіттіріп, үстіне егін ектіреді.

Лұқман ұлына: «Арқама мініп тұрып, бір кісі отыратындай пышақпен ой»,-дейді. Ұлы орнын сайлап болған соң, 40 түйір құрма беріп, сол жерде қалдырады да, ары қарай қазып кете береді.

Лұқман құдықта жеті жыл жатады. Баяғы патша өліп, оның орнына басқа кісі болады. Бір күні патша құрма жеп отырып, тамағына сүйегі тұрып қалады. Қақалып өлуге таянады. Сонда бір қарт кісі: «Мұның амалын Лұқман деген кісі табар еді. Бірақ ендігі өліп қалған шығар»,-дейді. Патша лезде құдықты аштырады. Баласы өліп қалған екен, кірпігі қимылдап жатқан Лұқманды тауып әкеледі. Лұқман хакім құдықтың жанынан үй тіктіріп, тамақтың иісін иіскеп қана жатады. Содан соң: «Енді сандық әкел, денеме жел тигізбей, соның ішіне салып шығар»,-дейді. Лұқман түрлі дәрі қайнаттырып ішіп, тағы үш күн жатады. Ақыры, патшаға алып барады. Оған: «Сіз өз балаңыздың жүрегін пісіріп жемесеңіз, жазылмайсыз»,-дейді. Патша оған көнбей қиналады. Ақыры , уәзірлерінің айтуымен көнеді. Лұқман баланы патшаның алдына перде тұттырып қояды. Жасырып, тағы бір қойды аяғынан байлап әкеледі. «Ей, жігіт, саған ажал, маған бұйрық келді. Әкең үшін сені бауыздаймын».-деп, қойды тамағынан пышақпен қор еткізіп тартып жібереді. Патша талып түседі. «Ах!» - дегенде сүйек атып шығады. Есін жиып қараса, баласы алдында тірі отыр екен. Патша қатты қуанып, Лұқманға көп сыйлық беріп қайтарады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2023
394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі