Материалдар / Рационал сандарды бөлу 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рационал сандарды бөлу 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
978
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2 А Мектеп: №97

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Аяпова Райкүл

Сыныбы: 6 Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы:

Рационал сандарды бөлу

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

6.1.2.16 рационал сандарды бөлуді орындау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей рационал сандардың бөлу ережесін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады.

Кейбір оқушылар: Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей сандарды бөлуге 3 минутта теңдеу құра алады.

Бағалау критерийлері


1. Таңбалары әртүрлі сандарды бөледі.

2. Теріс санды теріс санға бөледі.

3. Рационал сандарды бөлуге теңдеу құра алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

- екі теріс санның бөліндісі туралы сипаттайды;

- есептер шығаруда рационал сандарды бөлу амалының ережелерін түсініп қолданады.

Пәнге бағытталған лексика және терминдер: рационал, таңба, бөлу

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Таңбалары бірдей екі санның бөліндісі он сан, себебі ...

Құндылыққа баулу


Құрмет, ынтымақтастық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы оқу:

Рационал сандарды көбейту

Жоспар

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығулар: (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы:

2 мин





2 мин







2 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Көңіл-күй» әдісі

Үй тапсырмасын есептің жауаптарын дайын жауап үлгімен тексеру арқылы оқушылар өз-өздерін тексереді.

500

1. -4а·5=-20а 7. m·(-3) ·(-5)=15m

2. 8в·(-3)= -24 8. n·7· (-2)= -14n

3. (-5с)·2= -10с 9. (-k5· (-3)=15k

4. 4х·(-3)= -12х

5. 9у·(-5)= -45у

6. -7m·(-8)= -56m

ҚБ: Өзін-өзі бағалау

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау:

«Ашық микрафон» әдісі бойынша арқылы өткен сабақты қорытындылаймын.

1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

2.Санды 0-ге көбейткенде ........

3.Екі теріс санды көбейткенде ................

4.Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

5.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

6.Қарама-қарсы сандардың қосындысы........

7.Теріс санды 0-ге көбейткенде....

8. Рационал сандарды қосу үшін...

9. Рационал сандарды азайту үшін...

10.Рационал сандарды көбейтуге кері амал?

«Жалаушалар» әдісімен бағалау

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:

«Мозайка» әдісі арқылы "Рационал сандарды бөлу" тақырыбын шығарып аламын

І топ (Қызыл түс) ІІ топ (Сары түс) ІІ топ (Жасыл түс)

-2,5·(-1,3) ·4= (-9) ·15·(-2)=

Бүгінгі сабақта біздер "Рационал сандарды бөлу», ережелерімен танысып, оларды амалдар орындауда қолданатын боламыз.





Т. А . Алдамұратова, К. С. Байшоланова, Е. С. Байшоланов «Атамұра», 2018 ж






















Кеспе парақшалар




Ортасы:

15 мин






















5 мин
















3 мин























5 мин
















ІҮ. Жаңа сабақ: «"Рационал сандарды бөлу"

(Тж) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

І –топ.Өрнектің мәнін тап.

1) -0,9

ІІ-топ. Аралас санды ондық бөлшекке айналдырып алып, бөлуді орындаңдар.

ІІІ-топ.Теңдеу құру арқылы шешіңдер.

Осы шығарылған есептерден кім ереже қорытып шығара алады?(ой бөлісу)

Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:

1)бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;

2)шыққан бөліндінің алдына "-" таңбасын қою керек.

Теріс санды теріс санға бөлу үшін, бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.

(-):(+)=(-)

(-):(-)=(+)

(+):(-)=(-)

(+):(+)=(+)

Дескриптор:

-Теріс санды оң санға бөле алады;

-Оң санды теріс санға бөле алады;

-Теріс санды теріс санға бөле алады;

ҚБ:"Екі жұлдыз бір тілек" әдісі арқылы топты бағалау.

2.Кеңейтілген тапсырмалар

(ЖТ) 1. Математикалық диктант.

  1. Таңбалары әртүрлі _______ бөлу үшін бөлінгіштің ________ бөлгіштің модуліне бөліп, шыққан ________мәнінің алдына __________таңбасын _____керек.

  2. Теріс санды ______ санға _______ үшін __________ модулін бөлгіштің _______ бөлу керек.

1. Математикалық диктант жауабы:

  1. Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу үшін бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөліп, шыққан бөліндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.

  2. Теріс санды теріс санға бөлу үшін бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.

ҚБ « Өзін-өзі бағалау»

(Ж) 2. "Бір қалам, бір қағаз" әдісі. Жеке жұмыс

(Оқушылар дәптерге жеке жұмысты 3 минутта орындайды)

533.Асхат ойлаған санын -7-ге көбейтіп, нәтижесіне 15,7 санын қосқанда қосынды -11,6-ға тең болды.Асхат қандай сан ойлады?

Шешуі: х-Асхаттың ойлаған саны;

х·(-7)+15,7=-11,6

х· (-7)=-11,6-15,7

х· (-7)=-27,3

х=-27,3:(-7)

х=3,9

Жауабы:Асхаттың ойлаған саны 3,9.

Дескриптор:

-есептің шартын оқып, теңдеу құрады;

-рационал сандарға амалдар орындайды;

-теңдеуді шешіп,түбірін табады.

ҚБ: "Цуперман таяқшасы" әдісі арқылы сағат тілімен көршісін бағалайды.

(Дұрыс болса, таяқшаны дәптердің қызыл жиегінің жоғарғы жағына қояды; аздаған қате болса, таяқшаны ортасына қояды; қатесі көп болса, таяқшаны төменге қояды).

Сергіту сәті: "Сен қаншалықты білесің" әдісі.

Мұғалім "оң сандарды" айтқан кезде қолдарын жоғары көтереді; "теріс сандарды" айтқан кезде қолдарын алдына созады; 0(нөл) дегенде бүйірін таянады.

(Жж) 3.Сәйкестендіру тесті

Тапсырма


жауабы

1

2,4:(-0,8)=

А

54

2

-15.5:5=

Ә

1,8

3

-8,7:(-3)=

Б

-3

4

-270: (-5)=

В

2,9

5

-5,4: (-3)=

Г

-3,1

1.......; 2........; 3.......; 4......; 5......;

Дұрыс жауабы:1 Б. 2 Г.3 В. 4 А. 5 Ә

ҚБ: Өзара бағалау



Плакат, стикерлер


































Үлестірме парақшалар

























Үлестірме парақшалар


Аяқталуы:

3 мин













1 мин


1 мин

1 мин

ҮІ. Бекіту:

Жаңа сабақты қорытындылау үшін «Дұрыс, дұрыс емес» әдісі арқылы өткен сабақты қорытындылаймын.

1.Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу үшін бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөліп, шыққан бөліндінің мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.Дұрыс емес

2.Теріс санды теріс санға бөлу үшін бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.Дұрыс

3.Қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең.. Дұрыс емес

4.Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісінің мәні теріс сан . Дұрыс

5.Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді 1-ге тең болады. Дұрыс емес

График арқылы қалыптастырушы бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

Үйден №204 есепті шығарып келуді тапсырамын.

ҮІІ. Бағалау:

ҮІІІ. Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі

Кішкене бөбек «Не үйренгенін»,

Шылдыр шүмек «Қандай жетістікке қол жеткізгенін»

Ортан терек «Көңіл-күйім»

Балан үйрек «кімге көмектестім»

Бас бармақ «Неден қиналдым».








Бағалау парақшалары











стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың білімін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелері АКТ мен байланыстыру. Құндылықтардағы байланыс.

Топтық,жұптық,жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара көмек көрсетемін.Қабілеті жоғары оқушыларға СТО дағдыларын жетілдіретін тапсырмаларды беремін.Оқушыларға кері байланыс жасай отырып деңгейін саралап отырамын.

Оқушылар (ТЖ)

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалайды

(Ж) «Математикалық диктант» «Өзара бағалайды»

(Жж) «Сәйкестендіру», Өзін-өзі бағалау

«Бес саусақ»

Бағалау критерийлері:

Кішкене бөбек «Не үйренгенін», Шылдыр шүмек «Қандай жетістікке қол жеткізгенін», Ортан терек «Көңіл-күйім», Балан үйрек «кімге көмектестім», Бас бармақ «Неден қиналдым».

Физика пәнімен байланысты . АҚТ-ны қолданып,қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ұлттық сана-сезім, тәуелсіздік




Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болады?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз )

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқуды да, оқытуды да)

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Балаларды тез ойлануға, жинақтылыққа үйрету керек екенін білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!