Материалдар / Радостней сделать жизнь

Радостней сделать жизнь

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану орыс тілді топқа қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
269
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қол өнері

Сабақтың мақсаты:
Оқу процесінде студенттердің белсенділік рөлін арттырып, бірлесе шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік, шеберлікке үйрету. Қолөнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету, эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау, киімді көркемдеп сәндеу, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту.
Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, баяндау, әңгмелесу.

Сабақтың көрнекілігі: көрменің бұйымдары, даналық сөздер, мақал-мәтелдер,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (Үй тапсырмасын тексеру, бағалау)

ІІ. Жаңа сабақ.Даналық сөздердің мағынасын ашу, әңгіме өткізу.
«Өнерліге - өріс кең»
«Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас»
«Өнер көкке жеткізер»
«Өнер жұтамас байлық, таусылмас азық»
Халқымыздың қолөнерінің сыры мол, өрнегі ғажап. Әрбір оюдың ізінде, әрбір оюдың өрнегінде ұлағат сыр, тарихы мол шежіре бар. Өткен тарих шежіресін біз бүгінде «Технология» пәні арқылы біліп, заман көшіне білімімізбен ілесіп отырамыз. Шынайы өнердің адамға әсері мол. Ою - өрнектер, сырлы суреттер, қолөнері ұлттың нағыз шынайы, пәк өнері.Әр халықтың өзіне тән қолөнері болады. Қазақ халқы да өзге ұлттан асыл мұрасы, ою - өрнегі арқылы ерекшеленеді. Әрбір текемет, сырмақ түрлерінен, алқа, сырға бұйымдарынан ойы ұшқыр, сезімі жоғары, қиялы терең, талғампаздықты көреміз.«Өнерім – жақсылардың жан азығы» - деп өнердің рухани нәрін халқымыз ерекше атаған. Талай ғасырдан сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік қойма, алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз. Зергерлік өнер – қолданбалы көркем шығармашылықтың ең көне түрлерінің бірі. Бұл өте нәзік те күрделі өнер.
Қазақ ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс тіршілігінде кеңінен қолданылып, ерте заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнер түрінің бірі. Егер шынайы ынтамен үйренуге, түсінуге құлшынсаңдар, өнер тереңде жатқан тамырларын, биікте тұрған шынарын алақандарына салады. Әрине, мұның өзі өздігінен келмейді. Ерінбей еңбектеген, ойы ұшқыр, қиялы қанаттылар ғана жан - жақты меңгереді.
2.Мақал - мәтелдер

Өнер, еңбек туралы және халықтық болжамдар мен тиым сөздер.
1. Шебер көп жерде - өнер көп.
2. Оюды оя алмаған – ойланбаған.
3. Ойсыздан оюшы шықпайды.
4. Білмеген нәрседі сұрап алуды ар көрме,
Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді.

Еңбек туралы мақал - мәтелдер:
1. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткіз.
2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей.
4. Көз қорқақ, қол батыр.
Тиым сөздер.
Қазақ халқының табиғатты қорғау, үлкенді сыйлау, малды аялау жайындағы үлгі - тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер болған.
1. Қарлығаштың ұясын бұзба!
2. Құс балапанына, жұмыртқасына тиме!
3. Мал көгенін аттама!
4. Бос бесікті тербетпе!
Халықтың табиғатты болжаулары:
1. Аспанда жұлдыздар көп болса, күн жылы болады.
2. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
3. Мысық мияулап үйден қашса, жер сілкінеді.
4. Сиыр егіз тапса, жұт болады.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.Әр істің өз шебері болады: кестеші тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы. т. б.
 
ІІІ. Практикалық жұмыс (өз таңдауы бойынша қолөнер бұйымын бастау, қауіпсіздік ережесін сақтау)

ІҮ. Сабақты бекіту. Сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма беру:бұйымды аяқтау, құралдар, құрақ маталарды әкелу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ