«Рәміздерім менің
мақтанышым»
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі
мемлекеттердің саны 224-ке жеткен. Сол үлкенді кішілі
мемлекеттердің барлығында бірінен-бірі ажырататын өзіндік бет
бейнесін айқындайтын шышан белгілері болады. Оларды «Рәміздер»
дейді.
Рәміздердің қатарына Елтаңба,
Ту, Әнұран жатады. Барлық елдер өз рәміздерін қадірлейді. Рәміздер
белгілі бір елдің басқа елмен қатынасында да маңызды рөл атқарады.
Ту шетелде екі жағдайда: мемлекет басшысының сапары негізінде және
олимпияда жеңімпаздары анықталғанда көтеріледі. Сонымен қатар осы
екі жағдайды аталған мемлекеттің гимні де айтылады. Мемлекеттік
туларды көзге көрінетін биік жерге іледі. Елтаңба әр мемлекеттің
негізгі нышандардының бірі 1991 жылы еліміз тәуелсізді алғаннан
кейін мемлекеттік рәміздерді оның ішінде елтаңбаны қабылдау
қажеттілігі туды. Елімізге белгілі суретшілер, сәулетшілер,
дизайнерлер арасында бәйге жарияланды. Сөйтіп 1992 жылы Жоғарғы
Кеңес елтаңбаны бекітті. Елтаңба авторлары Ш.Уалиханов пен
Ж.Мәлібеков. Елтаңбаның дәл ортасында қазақтың киіз үйінің шаңырағы
бейнеленген «Шаңырағың биік болсын» деген баталы сөзді білетін
шығарсыңдар. Шаңыраққа шаншылған уық сияқты жан-жаққа кері
сәулелелері шашылған. Елтаңбаның шетіндегі екі қанатты пырақ қазақ
халқын жамандықтан қорғап тұрғандай. Ту мемлекетті танытып тұратын
басты белгі. Сондықтан да Қазақстан ашық аспан асындағы еркін ел
деген түсінікті туымыздан көре аламыз.
Александр
Д
7
сынып
«Рәміздерім менің
мақтанышым»
Біз тәуелсіздікке тек ұлтжанды
ата-бабаларымызбенен аға –жеңгелеріміздің арқасында қол жеткізген
едік. Міне содан бері 26-жыл өтті. Еліміз күннен күнге өркендеп,
өсіп, көркеюде. Біз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік
рәміздерді қабылдадық. Рәміздерімізге Ту, Елтаңба, Әнұран сонымен
қатар төл теңгеміз бен ата-заңымыз да кіреді. Рәміздерге
бейнеленген әр белгінің өзіндік маңызы зор.Ту негізгі рәміздердің
бірі Қазақстан Республикасының Туы 1992 жылы маусым айында
бекітілді. Жалауымыздың аспан текті зеңгір көк түсті болуы
кездейсоқ емес. Ол адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің
нышаны. Ортасында күн және оның астында қыран құс бейнеленген.
Қыран құс-еркіндіктің белгісі. Сондықтанда Қазақстан анық аспан
астында еркін ел деген түсінікті туымыздан көре аламыз. Ал
қошқармүйіз оюы қазақстың ұлттық қолөнер туындысы. Мемлекеттік
рәміздердің өзіндік ресми қолдану тәртібі болады. Мемлекеттік ту
Қазақстан Республикасы Президентінің кабинетінде, мәслихат
сессиялары өтетін залдарда, Конститутциялық Кеңестің отырыс
залында, сондай-ақ дүниеге келген нәрестелерді және некені ресми
түрде тіркейтін орындарда, ресми адам ретінде Президент, Парламент
палаталарының төрағалары мен Премьер-Министр мінген теңіз
нөмірлерінде және басқа да қатынас құралдарында ұдайы тұруға тиіс.
Ұлттық мереке және басқа да мереке күндері Мемлекеттік Ту
көтеріледі.
Елтаңба әр мемлекеттің негізгі
нышандарының бірі. Ол 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір түс аясында күн
сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздағы пырақтар қанатымен
көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу
бар. Мемлекеттік елтаңба бейнесі ҚР Президенті резиденциясының,
Парламент пен Үкіметтік министірліктер мен басқа да орталық атқару
органдарында және консулдық мекемелердің ғимараттарында
орналастырылған.
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші
Әнұраны 1992 жылы желтоқсан айында қабылданды. Ал 2006 жылы
қабылданған қазіргі әнұран өлеңінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов
пен Нұрсұлтан Назарбаев.Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Қазір еліміз
әнұранды осы өзгертілген нұсқа бойынша шырқайды. Әнұранды әрдайым
патриоттық сезіммен шырқау керек.
Осымен өз ойымды жинақтай
келе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мынадай сөздерімен
тәмәмдағым келіп отыр: «қазақстанның аспан түстес туының бетінде
алтынға айналған бүркіт қанат берген. Осынау тәуекелі келіскен
мазмұнды да мағыналы нысанның өн бойында табиғат та, тіршілік те,
тарихта тоғысып жатыр».
Оразмаханбет А
7сынып