Таңертеңгілік жаттығу бала
денсаулығының жақсаруына, нығаюына, денесінің өсуіне бағытталған.
Үнемі жасалған жаттығу жігерлілікке, табандылыққа, тәртіптілікке,
қажырлылыққа тәрбиелейді.
Дидактикалық ойын- «Үнді
елінде қалай жүреді?» (Педагогикалық сырсандықты
қара).
Балаларға өз еріктері бойынша
бөлме ішінде айналып жүруді ұсынады. Олардың соңынан басқа топ
бастарына кітапты қойып жүреді. Балалар өз достарының жүрісі мен
дене бітіміне назар
аударады.
Бақылаудан қорытынды
шығарылады. Бойы биік, ер тұлғалы, дене бітімі сымбатты, жүрісі
әсем ер бала өте керемет, сол сияқты жүрісі жеңіл, арқасы, иықтары
тік, ал жүзінде күлкі ойнап келе жатқан қызды көргенде қызыға
қарайсың.
- Дене бітімі дегеніміз не?
Кімнің омыртқасы түзу болуы
мүмкін?
Балаларға омыртқаның түзу
болуы үшін жаттығулар жасау
ұсынылады.
- Басқа сөмке қойып
жүр.
- Кітапты басыңнан түсіріп
алмай айналып кел.
- Гимнастикалық тақтайшаның
үстімен су құйылған пластик стаканды басыңа қойып жүріп
өт.
Бала сабақта отырғанда,
тамақтанғанда, теледидар көрген кезде дене бітімін дұрыс ұстап,
дұрыс жүре білуді үнемі қадағалауы
керек.
Әңгімелесу.
- Егер ұзақ отырсаң, арқаң
талады.
- Массаж қан
жүгіртеді.
Балаларға осыдан
соң «Омыртқа
дегеніміз -
адам агзасының тірегі,
денеге түскен салмақтың бәрін өзіне алады»
деген түсінік
беріледі.
Балаларға омыртқаның қисаюы -
сколиоз ауруына әкеп соқтыратынын түсіндіреді. Сколиоз ауруы туралы
ерте жастан ата-аналары, дәрігерлер баланың өз жүрісіне, дене
бітіміне, омыртқа құрылымына көңіл бөлу керектігі туралы ескертуі
өте мақызды.
Денсаулығың мықты болсын
десең, таңертеңгі дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен
шұғылдан.
Әліппе-дәптермен
жұмыс.
Балалармен бірге омыртқаның
негізгі көмекшісі табан екенін, оның жүріс кезінде
үлкен рөл атқаратынын
талқылайды.
Табан пішінінің бұзылуы
«жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады. Бұндай ауруға жол бермес үшін
Дәрігер Салауат табанға арналған жаттығулар жасауды
ұсынады.
Әліппе-дәптерге қарап,
жалпақтабандылықтың алдын алу жаттығуларына назар
аудару.
Балалар педагогпен бірге
табанның қасиетін анықтайды. Балаларға табанға арналған келесі
жаттығуларды орындауды
ұсынады:
• Аяқ саусақтарымен қарындаш
жина.
• Аяқ саусақтарымен сүлгіні
жина.
• Таяқшаларды табанмен тербет
(әр баланың таңдауына
қарай).
Бұл жаттығулар ұлдарға күшті,
жылдам болуға және ауырлықты жеңе білуге көмектеседі. Мысалы, суда
жүзу жүректің және бұлшықеттің мықты болуына
көмектеседі.
Ал қыздар үшін конькимен
сырғанау, гимнастика және би өнерімен шұғылдану дене бітімінің
түзу, жүрістің өдемі болуына ықпалын
тигізеді.
Таңертеңгілік жаттығу тек
жағымды сезім туғызып қана қоймай, бұлшықеттің шынығуына,
омыртқаның дұрыс қалыптасуына, жалпақ табандылықты болдырмауға және
тыныс алу жүйесін жаңсартуға
көмектеседі.
Тыныс алуды дамытуға
арналған жаттығулар
Шармен ойын: «Кім шарды тез
үрлейді».
балаларға терең тыныс алып,
тыныс шығаруды ұсынады. Адам өкпемен тыныс алады. Тыныс алған кезде
өкпеге өмірге қажетті ауа
барады.
Тәжірибе:
балаларга жарғақ қапшық
таратып беріп, алдымен оған ауа үрлеуді, содан кейін ауаны сорып
алуды ұсынады.
Ауаны жұтқан кезде, өкпе
қапшық секілді кеңейеді, ауаны шығарғанда қалпына
келеді.
Жұмбақ
Түсі бар
кәрінбейтін,
Біртұтас
бөлінбейтін.
Тынысы ол
тіршіліктің,
Ешқашан
жерінбейтін.
(Ауа)
Ауа мұрын, ауыз арқылы кіреді.
балаларға мұрындарын және ауыздарын жабуды ұсынады. Не
байқалды?
Тәулік бойы адам ауаны жұтып,
оны сыртқа шығарады, яғни тыныс алады. Адамдармен қатар жануарлар
да, өсімдіктер де ауамен тыныс алады.
«Иісі арқылы анықта»
ойыны
балаларға көзін жұмып, жемісті
иісін иіскеу арқылы табуды ұсынады.
Адам мұрынмен тыныс алып
қана қоймайды, иіс те сезеді. Мұрын
-
иіс сезу
мцшесі.
Адам тыныс алған кезде шаң
мен микроб мұрындағы шаш талшықтарына жабысып, залалсызданады. Егер
адам ауызбен тыныс алса, ауа өкпеге тазармай түсіп, ауру
шақырады.
Түшкіргенде, жөтелгенде
міңдетті түрде қолорамал пайдалану керек, ауа арқылы сау адамның
өкпесіне микроб түсуі мүмкін.Егер суық тигенде уақытында емделмесе,
асқынып, құлақ, өкпе, жүректің ауыруы мүмкін. Ауырмас үшін шынығу
қажет.
Есіңе
сақта!
- Мұрынды саусақпен, үшкір
затпен шұқуга болмайды.
• Мұрынға бөгде зат тығуға
болмайды.
• Қатты сіңбіруге, мұрынды
тартуга болмайды, бұл құлақ ауруына шалдықтыруы
мүмкін.
• Басқа адамның қолорамалын
пайдаланба. Әр адамның жеке өзінің қолорамалы болуы
қажет.
Мұрынды шынықтыруга болады. Ол үшін күніне екі рет тұзды
сумен шаю керек (бөлме температурасындағы жарты стақан суға жарты
шай қасық тұз).
|