№1 тапсырма(ТЖ): Ребусты
шешіңдер ,, ,,, Графика
Компьютерлік графика –
әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды)
компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды
саласы. Қазіргі компьютерлік
графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға
бөлінеді
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және
фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында
бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің
қалыптасу принциптері бойынша
ажыратылады.
Растрлық
графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан
тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны
немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі
ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің
өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір
ұяшық қажет.
Растрлық графиканы
векторлық графикамен
салыстыру
|
Салыстыру
критерийлері
|
Растрлық графика
|
Векторлық графика
|
Кескіндерді ұсыну
әдісі
|
Растрлық кескін
пиксельдердің жиынтығынан тұрады.
|
Векторлық кескіндер
командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
|
Шынайы суреттерді
бейнелеу мүмкіндігі
|
Растрлық кескіндер
шынайы суреттерді айқын бейнелей
алады.
|
Векторлық графика
фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік
бермейді.
|
Кескіндерді өңдеу
мүмкіндігі
|
Растрлық кескіндерді
үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы
сапасын жоғалтады.
|
Векторлық кескіндерге сапасын
жоғалтпай-ақөзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге
немесе үлкейтуге болады.
|
Кескіндердің басып
шығарылу ерекшеліктері
|
Растрлық суреттерді
принтерде оңай басып шығаруға болады.
|
Векторлық суреттер
кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып
шығады.
|
Векторлық
кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты
геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде
вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер
жиынтығы.
Векторлық графиканың
басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге,
оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы -
векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен
салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW,
Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық
редакторларда жасалады.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе
безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық
графикада растр (пиксель), ал векторлық
графикада сызық базалық элемент болып табылса,
фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент
болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект
сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген
сөз.
№2 тапсырма(ТЖ): СТО «Т
кестесі»
Артықшылығы
Кемшілігі
Дескриптор: Графиканың артықшылығы мен
кемшілігін жазады;
№3 тапсырма(Ж)
:
1.Paint графикалық редакторды
іске қосу.
2.
Эллипс құралының
көмегімен салу. Құю құралымен бояу
3.
Эллипс құралының
көмегімен салу. Құю құралымен бояу
4. Ерекшелеу, көшіру
батырмаларының көмегімен сурет бөлігін көшіріп
біріктіру.
5.Суретті «Есепшот» атауымен
сақтау.
Дескриптор: Сандық ақпараттың мысалы болып
табылатын кескінді салу. Есепшоттың суретін
салу.
№ 4 тапсырма
(Ж) Графикалық ақпараттың
мысалы болып табылатын кескінді салу. «Қыс бейнесі» тақырыбында
сурет салу.
Суретті «Қыс» атауымен
сақтау.
Дескриптор:
Білім алушы - сурет
сызықтарының қалыңдығы мен түсін таңдайды; үшбұрыш, дөңгелек және
т.б. стандартты фигураларды салу үшін құралдарды қолданады;
ауыстыру амалын қолданып растрлық кескінді өңдейді; көшіру амалын
қолданып растрлық кескінді өңдейді; өшіру амалын қолданып растрлық
кескінді өңдейді.
Сәйкестендіру
кестесі
Графикалық файлдардың
кеңейтілімдері:
BMP GIF PNG
JPEG
IV.
Ой қорыту.Сабақты
бекіту
|