Материалдар / Реферат "Асауды ауыздықтаған ару"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реферат "Асауды ауыздықтаған ару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ. Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс – әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымының, жерінмің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.Зерттеу неәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Екпініді ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Екпініді ауылынды небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
505
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балым Бірімова құжаты бойынша 1923 жылы туған деп жазылған. Бірақ өзінің әңгімесінен 1920 жылы Байғанин ауданының Доңызтау деген жерінде шыр етіп жерге түскенін білдік.

Сапарбай деген кісі баласына қыз айттырмақшы болып ойланады. Таң алдында бір ақсақал аян береді: «Алдыңнан бетінде меңі бар қыз кездеседі, сол сендермен өмір бойы бірге болады» дейді. Таңертең Сапарбай жолға шығып, Балымның әкесі Өтебайдың үйіне түседі. Есікті бетінде меңі бар, бойы сұңғақ, ақсары қыз ашады. Сонда Сапарбай ақсақал: «Ойбай, айналайын-ай, іздеп жүргенім сен екенсің ғой!» - депті. Соның арты Өтебай екеуі қол алысып, құда болады. Балым келін болып түскеннен кейін төрт айдан соң 1938 жылы күйеуі әскер қатарына алынады, одан әрі фин соғысына қатысады, ақыры Ұлы Отан соғысына тап келіп, сонда опат болады. Күйеуі кеткенде аяғы ауыр он сегіз жастағы келіншек Балым кейін ұл туады, ол бала шетінеп кетеді. Сөйтіп, жиырмаға жетпей жесір қалған қызының жайын естіп әкесі келіп төркініне алып кеткісі келеді. Ата-енесі: «Біз ештеңе айтпаймыз, баланың өзі шешсін» - дейді. Балым әкесіне ермей, «не көрсем де жасымнан түскен босағамда көрейін» деп, соғыста екі баласынан бірдей айырылып отырған ата-енесінің қолында қалып қояды. Соғыстың уақыты, қол қусырып отыратын жағдай жоқ, атасымен бірге қой бағады. 1938 жылдан 1944 жылға дейін шопан ата таяғын ұстап, ер-азаматтың орнын жоқтатпайды. 1944-тен бастап атасы екеуі жылқы бағуға шығады. Өйткені ерлер майданда, жылқыны бағу анау-мынау кісінің қолынан келмейді, өзінің қажыр-қайратына сенген 24 жастағы келіншек тәуекел деп іске кіріседі. Басында атасы асауларды шідерлеп үйретіп береді, біртіндеп Балым да жылқының жайын түсіне бастайды.

Балым апамыз жылқыны бағып жүріп, бұл малдың ерекшеліктерін байқап, солардың ыңғайын біліп, құдды адаммен түсініскендей жанына жақын көріп кетеді. «Ауа райының қалай болатынын да жылқының әрбір қимылынан байқаушы едім. Күн қатты боран болатын болса, құлындар құйрықтарын шошайтып, үйірден-үйірге шапқыласып жүргені. Жылқылар ішін тартады» - дейді Балым апа. – Бірде қатты аязда боран соғып, жылқыларым айдаған жағыма жүрмей ыққаны бар. Мұндайда кәнігі жылқышылар жылқыдан көз жазбау керектігін айтатын. Және де ауық-ауық семіз ат ауыстырып мініп отырсаң, тоңбайсың дейтін, жағың қарысып қалмас үшін жылқының жалынан қиып алып, сағыздай шайнап отыру керектігін де ескертетін. Осы әңгімелердің бәрінің де жаны бар екен, жалғыз өзім қиналғанда маған үлкен көмек болды. Ыққан бетімізбен 500 жылқыдан шашау шығармай, құдай оңдағанда Шалқардың «Жаңа қоныс» деген жеріне аман жетіппіз. Соңымыздан іздеушілеріміз де жетті. Менің баққаным – қарабайыр қазақы жылқы. Құрық-жалы жерге түсетін, сонысы суықтан қорғайтын. «Адам жылқы мінезді» дейді, мен жылқы адам мінездес пе деп ойлаймын. Жылқы өзі кірпияз, сезімтал, қасиетті мал ғой. Жылдың төрт мезгілінде де оның жағдайын жасау керек. Үйір-үйір жылқыны атам екеуміз шыңырау құдықтан қауғамен су тартып суаратын едік.

Мен жылқыларға, жылқылар маған бауыр басып кетті. Өзім де ыссылы-суыққа үйрендім, енем қолының місекері бар шебер адам еді, қойдың терісінен тон да, күпі де, тон шалбар да тігіп берді. Мен ер адам секілді үй шаруасына қарайламай жылқымды бақтым.

Құлақасқа, Қарақасқа деген байталдарым, Кежікқара, Шаштықара деген айғырларым болды, мен жүгенді сылдырлатқанда, оқыранып қоя беруші еді жануарлар. Сол Құлақасқа атымды жылатып бір өкіл мініп кетіп еді, бірақ оған мал болып құтаймады.

4-5 жылда төселген жылқышы болып шыға келдім. Тақымымнан ат кеткен жоқ, жалынан ұстағанда ат дір ете қалушы еді. Қайратымды жылқы да мойындайтын секілді көрінетін, соған өзім іштей қанағат қылатынмын. Соғыс бітеді-ау, рахат заман болады-ау деп ойлаған жоқпыз, ер-азамат майданда мерт болып жатқанда, бізге не жоқ деп жатпай-тұрмай еңбек еттік».

Балым апамыздың бойында бірнеше жігіттің қаруы болғанын ауылдастары мақтанышпен еске алады. Құмжарған округінің әкімі Нұрлан Тілегенұлы айтады: «Бала кезімізден бұл кісі туралы естіп, қайратына тәнті болып өстік. Небір қарулымын деген жігіттер асауды ұстай алмай, қолдарын қыл арқан қиып кетіп, у-шу болып әбігерге түсіп жататын. Сондайда Балым апайды көмекке шақырушы еді, ол кісі ыңғайын байқап жүріп бұғалықты асаудың үстінен дәл түсіретін де, арқанның екінші ұшын басып жерге отыра қалатын, сөйтіп талай шу асауды жуасытқан кісі ғой апамыз», - дейді.

Соғыс уақытында Украинаға қарай вагонға жылқы тиегенде Балым апамыздың қайратына сүйсінген бір ақсақал: «Айналайын-ай, затың әйел демесе, азаматтан артық екенсің!» - деген екен. Ал өзі айтады: «Аударыспақ ойнағанда ер кісілерді оп-оңай аттан аударып кете беретін едім, беу, дәурен-ай!» - деп.

Аға жылқышы Балым Бірімова 100 жылқыдан 100 құлын алған еңбегі үшін өзі секілді еңбек майданының ерлерімен бірге 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Зейнеткерлікке 1978 жылы шыққан, сонда өзінің құтты құрығы мен ер-тоқымын ізбасары Мәмбетов Елубайға сыйға тартқан. Ол кісі дүниеден ерте көшіпті, оның ісін ұрпақтары бүгінде жалғастыруда екен. Өмір бойы жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі болып жұмыс істеген Балым апа зейнеткерлікке шыққаннан кейін де жылқышыларға кеңесші ретінде қамқорлығын аямаған. Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне бірнеше рет қатысып, алтын, күміс медальдармен марапатталған. Үш мәрте Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Құмжарған ауылына кіре бергенде үзік-үзік болып ағып жатқан Жем өзені көзге түседі. Балым апаның үйіне барғанда бір кезде ауыздығымен алысқан асауларды жуасытқан арудың орнына ақ жүзінің нұры таймағанмен, кәрілік жеңе бастаған момын кейуанаға жолықтық. Артық бір қырым еті жоқ, көзі көруден қалған ақ жаулықты ананың бір кезде ажары айдай болғаны көрініп тұр. Сонау елуінші жылдары ақылды ата-енелері туған қыздарындай өз қолдарымен бір азаматқа қосқан екен. Сонда атасы: «Шырағым, қартайғанда сен бізді бағып отырсың, сені қартайғанда кім бағады?» депті. Сол үлкен кісілердің ақ батасы дарып, Балым апа екі қызды болыпты. Сол екі қыздың бірі Айсәуле анасын алақанға салып бағып отыр екен. Екінші қызы Несібелі басқа облыста тұрмыста. Балым апаның 8 немере, 2 шөбересі бар. Айсәуле анасы туралы былай деді: “Апамның мінезі керім жайлы, «жоқ» деп тарылып, бар деп мақтанып көрген емес. Ештеңеге күйіп-піспейді, қаңқу сөзді құлағына ілмейді, біреу туралы ғайбат сөз айтпайды.

Бұрын жақсы еді, 1985 жылы жамбасын сындырып алды. Содан бері шөгіп қалды. Қазір көзі қалып, ептеп бейнет шеккені болмаса, жағдайы жаман емес».

Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рас Өтеулин айтады:

«Бұл кісінің мықты жылқышы болғанын бәрі айтады ғой. Дегенмен апамның адамгершілік қасиетіне бас июге болады, келін болып түскен жерінде жастай жесір қалса да, сол үйде отырып көгеріп-көктегені таңқаларлық емес пе? Ата-енесін өз қолымен арулап жөнелтті. Сол жағы көпке үлгі боларлық өнеге деп санаймын».

Балым апа өткен-кеткеннен көп әңгіме айтты. Соның ішінде бір көңіл толқытатыны: «Күйеуім мен қайнағам соғыста шейіт болғанда үйде ата-енем үшеуміз қалып едік. Енді ана төбенің басында да үшеуміз қатар жатамыз ғой» дегені. Әңгіме арасында бұл Құмжарғанның арғы жағында «Жұрын» қой совхозының болғаны, оның әртүрлі себептермен қайта-қайта таратылып, малының баяғы күйі кеткені туралы айтты. Сол «Жұрынды» көп жыл басқарған Еңбек Ері Ғабден Аязбаевтың есімін құрметпен атады.

Құмжарған ауылының әкімшілігі, халқы Балым апаны барынша құрметтеп, жай-күйіне назар аударып отыр екен. Бұл ауыл өзі іргесі сөгілмеген, берекесі кетпеген жақсы ауыл көрінді. Тырбанып тірлік жасап жатқан жер. Жан-жағы көкпеңбек. Асыл тұқымды цигай қойын өсіретін шаруашылық. 350 жылқы, 300 сиыр, 8 мың қойы бар екен. Осындай ауылдың барлығына іштей шүкірлік еттік.

Бір кезде асау толқындары қалың құмды жарып аққан өткел бермес дариядан бастау алған Жем өзені арнасын құм басып, үзік-үзік болып қалыпты. Қазақ атын дәл тауып қойған Құмжарған мен күнінде бойында 5-6 жігіттің қаруы бар Балым апамның қазіргі тағдыры тым ұқсас көрінді.



Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Еңбегімен жеңісті жақындатқандар». «Мұғалжар» газеті. 20.04.2005;

  2. «Мұғалжар» энциклопедиясы. «Полиграфкомбинат» ЖШС. 2011;

  3. «Ақтөбе» газеті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!