Рефлексивті есеп Lesson Study бойынша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рефлексивті есеп Lesson Study бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефлексивті есеп «Ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау» Конфуций Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рефлексивті есеп


«Ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау»

Конфуций


Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.

Lesson Study тәсілінің әдістемесі тиімді, өйткені ол мұғалімдерге балалардың оқу процесін бақылауға, әртүрлі жағдаяттарда іс-әрекеттерді егжей-тегжейлі айқын көруге және мұғалімнің пікірінше, балаларды оқыту кезінде не болуы керек және шын мәнінде не болып жатқандығы арасындағы айырмашылықты көруге көмектеседі. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының алтысы күні білім ордамызда «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар “Lesson study” модульін қолдану білім беру қоғамдастығын құруға ықпал ететін кәсіби дамудың тамаша тәсілі ретінде оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін реттеуге мүмкіндігін көрсету, дәлелдеу бағытында өткізілді. Семинар барысында Lesson Study тәсілінің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімділігімен танысып, өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алды. Семинар тақырыбы: «Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі» деп аталды.

Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Семинар барысында «Ашуды шығару» Психологиялық треннингі өткізілді.
Треннингтің мақсаты:  Іштегі агрессияны шығару, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ортаға мұғалімдер топ-топпен тұрады. Жіпке тізілген стакандарды  үрлеу арқылы  мәреге жеткізу. Жаттығуға қатысқан ұстаздардың ашуын шығаруы яғни әр түрлі деңгейде екендігі стакандарды мәреге қарай үрлеу барысында байқалды. Кері байланыс кезінде ұстаздар жеңілдеп қалғандарын айтты. Топқа біріктіру «Шам жағу» әдісі бойынша 3 топқа бөлінді. Қызығушылықты ояту мақсатында сыни тұрғыда ойлауға арналған суреттермен жұмыс жүргізілді. Мұғалімдерге келесі сұрақтар қойылады. Сұрақ: Егер сабақ барысында бір оқушы сөйлей беретін болса? Не көріп тұрсыздар? Неліктен бала сабақ оқығысы келмейді? Презентация арқылы «Lesson study» туралы түсінік берілді. Мұғалімдер семинар тақырыбын аша алды. Бірақ Лессон Стади туралы естгенімен, не үшін екенін айта алмады. Яғни, Лессон стадиді не үшін енгізілгені, ол не үшін керек екенін мұғалімдердің білмейтіндері анықталды.

Семинардың келесі кезеңінде Проактивті мұғалім деген кім?

Пpoaктивті мұғалім – белсенді мұғалім – өзінің оқыту стилі бар мұғалім,
соның арқасында ол өзін және оқушыларды оқуға барынша тарта алады.
Оқу процесінде өз көзқарасын өзгерте алады, сол арқылы өз көзқарасына тоқталып қалмайды деген пікір айталды.

Тыңдаушылар Эйзенхоуер матрицасымен жұмыс жасады. Бұл әдіс арқылы мұғалімдер мақсатқа жетудің тез жолдарын дұрыс жоспарлау керек екенін түсінді. Күнделікті өмірдегі мағызды, маңызды емес, шұғыл және шұғыл емес істері туралы айтып өтті. Келесі тапсырма топтық жұмысқа арналды. 1-топ: «Мінсіз оқушы» постермен жұмыс, 2-топ: «Мінсіз мұғалім» презентация және 3-топ: «Мінсіз сабақ», «Lesson study» біздің мектебімізде жүргізу керек пе? Қандай сыныптарда? Деген сұрақтарға жауап беру арқылы өз жұмыстарын қорғап, пікірлерін дәлелдей алды. Әр топ бір-бірін бағалай алды. Семинар соңында Пидд Дадлидің нұсқаулығына зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Семинар соңында кері байланыс жұргізілді. Мұғалімдердің барлығы Лессон стади әдісін түсінгенімен, қосымша семинар өткенін қалады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2023
237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі