Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі Таласова Алмагул
Танжарбаевнаның
«Өзін-өзі
реттеу» туралы рефлексивті
жұмысы.
«Қалай оқу керектігін үйрену»
модульінің атауы «өзін – өзі реттеу» үрдісіне жатады. Бұл үрдісте
оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу
тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін
дамытады.
«Метатану» термині оқушылардың
саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар
үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға
танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы
ойлау қатесін танып білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге
болады.
Бағдарламадан күтілетін
нәтижелер оқушының қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде
еркін,өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни
пікір-көзқарастары жүйелі оқушы ретінде қалыптасуын
қамтиды.
Осы тізбектелген сабақтар
топтамасында оқушылар не үйренді:Топ ережесін оқушылармен бірлесе
отырып жасау,ережеге сүйеніп, үнемі оған назар аударуды
үйренді.Өзін-өзі реттеуге арналған диагностикалық құралдарды
қолдануға,топқа бөлген кезде лидер оқушылардың бірге отырмауын
қадағалауға,әр сабақта әр түрлі әдістермен топтарға бөлініп
отыруға,тапсырманың нақты болуына, оқушыларға түсінікті болу
керектігіне,бағалаудың критерийлерін оқушылармен бірге құрастыруға
үйрендім.Бұл менің өз-өзімді реттеуімнің бір белгісі деп
білдім.Мұғалім осы бағдарламаның модульдерін толық біліп түсінгенде
ғана оқушылар өзін- өзі реттеу үшін топтың ережесін дұрыс сақтауға
дағдыланады деп ойлаймын Өзін-өзі реттеу немесе
өзін-өзі басқару адамның өзінің оң қасиеттерін жетілдіріп теріс
қасиеттерін жою жөніндегі саналы және мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі
реттеудің басты шарты бұл өзі туралы шын білімнің, дұрыс өзін-өзі
бағалаудың, өзін-өзі түсінудің белгісі.Мектептегі тәжірибе кезінде
мен сабақты барынша түрлендіріп өтуге тырыстым.Әр түрлі әдіс-
тәсілдерді қолданумен қатар оқушылар бойындағы өзін-өзі реттеуіне
ықпал еттім деп ойлаймын.Мысалы мен сыныбымдағы зерттеуге алған үш
оқушымды айтатын болсам А-деңгейлі оқушымнан мен бұрын
тәкаппарлықты,тек қана мен дейтін менмендікті байқасам ,осы
сындарлы оқытуды енгізген сабақтарда мен ол оқушымның өзін –өзі
реттеуін байқадым.Сабақ басында ол топқа бөлінгісі келмей ,
сабақтан төмен оқушылармен бір топқа отырғысы келмей тек қана өзі
жауап бергісі келіп өзімшілдік әрекет етті. Бұл зерттеудің ықпалы
ынтымақтастық орта ,топпен жұмыс жасау оның мінез- құлқын
айтарлықтай өзгертті дей аламын.Тобындағы сабақ үлгерімі төмен
оқушыларға постер қорғағанда былай сөйле деп үйретіп отырды.Ал
В-деңгейлі оқушым сабақта көп сөйлемейді,білгенін тақтаға шығып айт
демесең өздігінен айтпайтын,ол баладан мен постер салып, қорғау
барысында сурет салуға өте икемді екенін және өзі салған суретін
өзі қорғауға ұмтылып ашылысқанын,С-деңгейліоқушы бойында сергіту
сәтінде биге деген дарыны бар екенін
байқадым.
Осы зерттеулерден кейін мен
балалардың барлығы білім жағынан ғана емес өнері ,іс-қимыл
шеберлігі бар дарынды,талантты балалар болатынын және де сол
дарындылығының артуына жағдай жасайт ұстаздардың міндеті деп
ойлаймын.
Тәжірейбе кезіндегі
сабақтарымды бейнетаспаға түсіріп көрсем,балалар шашыраңқы, өзім де
барлық жерде тапсырмаларды асығыс әрекет етіп,дәстүрлі сабаққа
бұрмаланып кеткендеймін. Келесі орта мерзімді жоспарлаған
сабақтарыма өз кемшіліктерімді болдырмау үшін бұл жолы бала жауабын
асықпай тыңдап әр жетістікті марапаттап отырдым. Тапсырманы
азайтып, нақтылап беруге тырыстым. Сөзімдегі бұйрық райды алып ,
мейілінше даусымды да, қимылымды да жайлатуға тырыстым. Өз
сабақтарымда бағадрламаның жеті модулін пайдаландым. Әр сабағымнан
соң менің сабағымды барлап жүрген әріптесіммен кеңесіп, оның
ұсыныстарын ескеріп,қатем болса соны екінші сабақта көрсетпеуге
тырысып отырдым. Кері байланыс жасап, оқытуды одан әрі жетілдіру
үшін керекті дерек көзді ғаламтордан алып отырдым.Осылайша мен де
өзіме бұрынғы сабақтарыма қарағанда едәуір өзгеріс енгізгенімді
байқадым.Қорыта айтқанда Кембридж тәсілімен жұмыс жасау тәсілі бұл
үздік оқитын оқушыдан гөрі,орташа оқитын,төмен оқитын,сөйлемейтін
оқушыларға тиімдірек екені,олардың өздеріне деген сенімділігінің
оянуына,өзіндік пікір қалыптасуына,көпшілік алдында еркін сөйлеуге
үлкен әсер ететінін ұқтым.
Қорыта айтқанда сын тұрғысынан
ойлау оқушының мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуіне, пікір
таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті
мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты жеңуге жетелейтін
жоба.