400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

рефлексия

Материал туралы қысқаша түсінік
кері байланыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рефлексивті есеп

11-қаңтар күні «Шал мен балалар» Спандияр Көбеевтің әңгімесін өттім.Негізгі мақсатым: тақырыптың мән-мағынасын ашу.Оқушылардың қиялын,шығармашылық қабілетін дамыту.Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу.

Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі,бағалайды,мәтінмен жұмыс жасайды,оқиғаға өзіндік баға береді.Топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.

Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарын ояту,түрлі ой тастау,психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Жылы сөздер» жаттығуын өткіздім.Қыс мезгіліне байланысты ойындар,мерекелер жайлы сұрап, суреттегі заттарға қарап топтарға біріктіріп отырғыздым.

Үй тапсырмасы «Атасы мен немересі» еді. «Мина» әдісі бойынша сұрақ –жауап, жоспар бойынша өз ойларын әңгімелеу, «Отбасы» тақырыбына эссе жазып келгендерін оқыды.

Өткен сабақты « Фишбоун» әдісін қолдана отырып қорытындылады.

Жаңа сабақтың мазмұнын айқындау мақсатында АКТ-дан ата-аналар туралы әндер тыңдатқыздым.Тыңдап болған соң пікірлерін тыңдадым. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауды ұсындым. Сабақтың тақырыбын қиындықсыз айта білді де,мақсатын менің сұрақтарымның көмегімен кідіріңкіреп барып айтты,бұрын соңды сабақтың мақсатын өзім айтатынмын.Оқушылар сыни ойлауға бейім екенін көрсетті және де мақсат қоя білуге,қорытындылауға үйренді.Авторлар жайлы мәлімет берілді.Өлеңдегі боранға байланысты теңеу сөздерді «Ассоцация» әдісін қолданып жазды. Шығармаға сүйеніп «Бес жолды» өлең құрады. «Айналмалы бекет» әдісі арқылы екі шығарманы салыстырды.Осы кезде оқушылар бір-бірімен сөйлесіп,топ болып ақылдасып,ұтқыр шешімдер айту арқылы кеңінен мазмұндай түсті. «Сәйкестендіру тесті» арқылы сабақты қорытындыладым.

Бұдан кейінгі сабақтарымды жоспарлағанда бағдарламадан алған теориялық және практикалық білімді пайдаланып, үздіксіз көтеріп отыру, К.Д.Ушинскийдін сөзімен айтқанда « Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Алдағы уақытта сындарлы оқытуды мақсат ете отырып, оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беремін;өзін-өзі бағалау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі түзету, өзін-өзі бақылау, өзіндік рефлексияны сабақта қамтуға тырысамын.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
941
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі