Материалдар / Рефлексия және даму
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлексия және даму

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға өз жұмыстарына қалай кері байланыс жасау жолдары көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
481
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тютенова Бигайша Мубаряковна Мұғалім портфолиосы

ПШО Мектептегі мұғалім көшбасшылығы

Өскемен қаласы 06.06.2016 жыл

Рефлексия және даму

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімнің алдын ала ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. (МАН 10 бет) Жоғарыда айтылғанды басшылыққа ала отыра алған білімімді пайдалана отыра өзіме және іс – тәжірибеме өзгерістер енгізе алатынымды түсіндім. «Нені өзгерте аламын?» және «қалай өзгерте аламын?» деген сұрақтарға жауап іздей келе 4 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне тізбектелген орта мерзімді жоспарын құрдым. Ондағы мақсатым жеті модульді сабақ үрдісіне енгізу және тиімді пайдалана отыра оқушының білімге деген құштарлығын арттырып ынталандыру. Ол үшін бірінші сыныптан жетекшілік етіп келе жатқан 4 «ә» сыныбын алдым. Себебі осы пәнді өткізу барысында әр түрлі қиыншылықтар байқалатын. Пәнге деген қызығушылықтың төмендегі, көпшілігі орыс тілінде сөйлейтін отбасынан болғандықтан ойларын нақты жеткізе алатын оқушының аздығы. Сыныптың білім сапасы жақсы бірақ көпшілігі отбасындағы жалғыз бала болғандықтан өзімшілдік мінездері басым. Жоспарға: Н. Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты ертегісі, И. Крыловтың «Ат пен Есек» атты мысал өлеңі, Л.Толстойдың «Акула» атты әңгімесі және Эрих Распенің «Балық құрсағында» атты әңгімесі енгізілді. Әр сабақ алдында оқушылардың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында шаттық шеңберлері өткізу жоспарланды және қызықты әдіс - тәсілдерді пайдалана отыра топқа бөлдім. Сабақ барысында оқыту мен оқуда АКТ- пайдалану оқушылардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретінін ескере отыра, шағын бейне көрсетілім көрсетіліп, оқушыларға жаңа сабақ не немесе кім туралы болатыны жайлы ой қозғауға ықпал жасалынды. Бірақ түсінгенім ой қозғауға байланысты алынған материалды таңдау барысында оқушылардың жас ерекшелігін ескеру қажеттілігі. Оқушыларының сын тұрғысындағы ойлауы мен дағдысын оңтайлы дамыту үшін жоспарда топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастыру жолдары қарастырылды. Топтық, жұптық жұмыстарды сәтті жүзеге асыру үшін «ДЖИГСО», «Еркін жазу», «Ыстық орындық» «Топтастыру»әдістері және рөлдік ойындары үлкен көмегін тигізсе, «Құпия зат», «Өзіңізді тексеріңіз» әдістері біраз қиындықтар әкелді. Оқушылардың ойын жинақтай алмауы, уақытты тиімді

пайдалана алмауы сияқты келеңсіздіктер жіберілді. Оқушылардың өз беттерімен тақырыпты меңгеруіне ықпал жасап, оқушылардың топтық жұмыс барысында сұхбаттаса отыра тақырып мазмұнын және оның негізгі ойын түсіне алатынына көзім жетті. Оқушылар топта талқылай отыра бір-біріне түсіндіріп, сол арқылы өздері де түсінгені байқалды. Оқушылардың қабілетіне байланысты деңгейлік тапсырмалар түрлері де қарастырылып оларды ұтымды пайдалануға тырыстым. Бұл әр оқушының жеке қабілетіне байланысты қарастырылған таратпа материалдар болды. Әр оқушы өзіне берілген таратпа м атериалдағы тапсырманы жеке орындап, өзінің өткен тақырып бойынша білімін тексерді. Нақты нені түсінбегені туралы да ойы жинақталып кері байланыс кезінде анықталып, толықтырылып отырылды. Бұрын топтық жұмыс жасап көрмегендіктен сабақ барысында кедергілер мен келеңсіздіктер де кездесті. Бір оқушы жеке түсініспеушілігіне байланысты бір топта өзінің ұнатпайтын сыныптасымен жұмыс істегісі келмейтіндігін айтса, енді біреуі жұмыс барысында оның пікірі еленбей қалғанына ренжігенін білдіріп жатты. Сонымен бірге мүлде топпен жұмыс істегісі келмейтінін, тек өзі ғана тапсырманы орындағысы келетінін білдірген оқушылар да табылып жатты. Дегенмен бастауыш сынып оқушысы екенін ескеріп, бағыт беріп, келеңсіздіктерді жоюға тырыстым. Болашақта сабақтар топтамасын әзірлегенде қолданылатын әдіс – тәсілдерді таңдау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін жіті назарда ұстау керек деген ой түйдім.

Тізбектелген жоспар бойынша бірінші сабағым Н. Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты ертегісі. Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсінеді және мазмұнын ашып үйренеді. Осы мақсатқа жету үшін оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір – біріне жылы сөз айтып, сәттілік тіледі.Топқа «тау», «тас», «су», «орман» деген сөздер жазылған кеспе қағаздардың көмегімен бөлдім. Топ ережесі туралы түсінік беріп жұмысымызды жалғастыру үшін топ ережесін құру керегі жайлы және өздері сол ережеге бағыну керектігін айтылды. Ереже тақтаға жазылды. Келесі кезең үй тапсырмасын сұрау болғандықтан «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып әр топтан бір оқушыдан өз еріктерімен ыстық орындыққа отырып оқушылар сұрақ қойып, жауап алды. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды тиісті дәрежедегі балдық жүйемен фишкалар арқылы бағаланды. Жауап беруге қиналған сұрақтардың иесі де өздері жауап беріп әр түрлі балдық жүйемен фишкаларға ие болды. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылардан белсенділік байқалды. Көпшілігінің ыстық орындыққа отырғысы келіп, сұрақтарға жауап беруге тырысты. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырмас бұрын «Екі бақа» туралы бейне көрініс көрсете отыра ой қозғау болды. Бейне көріністің негізгі ойы не деген сұраққа жауап алу қиындық туғызды. Бұл жерде алынған ой қозғау бастауыш сынып оқушысы үшін күрделірек болды ма деп ойладым. Сондықтан болашақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болу керектігі ескерілді. Жаңа тақырыппен таныстырылып, келесі кезеңде мәтін мазмұнымен өз беттерімен танысатындарын айтып «ДЖИГСО» әдісін пайдаланып, бөліктерге бөліп, әр топ өздеріне берілген бөлімді алдымен өз беттерімен оқып, сосын топпен талқылап постер құрып, оны басқа топтарға түсіндіретіні айтылды. Бұл жерде оқушылардың тек сын тұрғысынан ойлауы мен диалогы ғана дамып қоймай сонымен бірге олардың жауапкершіліктері де арта түсті. Оқушылардың көпшілігі тапсырманы үлкен қызығушылықпен орындады. Бірақ кейбір оқушылар топтағы оқушылармен тіл табыса алмай,топпен жұмыс істеуден бас тартты. Себебі бұрын т
оптық жұмыс жасап көрмегендігі және оқушының жеке мінезінің кемшілігі. Өзім үшін болашақта оқушымен жеке жұмыс жасау керектігі ескерілді. Басым бөлігі мәтінді оқып, постер арқылы бір-біріне түсіндіруге тырысты. Келесі кезеңде топтарға рөлдік ойын ойнауды ұсындым. І- т
оп:
Өлместің тасын іздеген бірінші жігіттің басынан кешкенін, ІІ- топ: екінші жігіттің басынан кешкенін ІІІ-топ: үшінші жігіттің басынан кешкенін сахналап көрсетті. ІҮ - топ үш жігіттің әрекетін қорытындылады. Бұл әдісті өте тиімді деп таптым, оқушылар барлығы қызығушылық танытты, Рөлдік ойындар арқылы тілдері дамып, оқушылардың сөздік қорын молаятыны және мәтінді толық түсінуге рөлдік ойынның алатын орны ерекше екені белгілі. Сонымен бірге баланың зейінін еске сақтау қабілетін, ойлауын және қиялын қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Осы ойын арқылы бұл ертегінің мазмұны оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Сабақ «Ой толғаныс» әдісі бойынша қорытындыланды. Оқушыларға қабілеттеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар таратпа материалдардың көмегімен берілді. С деңгейдегі оқушыларға: «Ертегіде қай жігіт мұратына жетті?», В деңгейдегі оқушыларға: «Мұратына жету дегенді қалай түсінесің?». А деңгейдегі оқушыларға «Сен болашақта өз мұратыңа жету үшін не істер едің?» деген сұрақтар арқылы ойларын қағаз бетіне түсіру тапсырылды. Бұл кезеңдегі тапсырманы орындау барысында оқушылардың басым көпшілігі жазбаша сөйлеуі дамып, өтілген сабақ бойынша өз ойларын жеткізді. Оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы алған білімдерін нақтылап, жиынтық бағалау әдісін пайдалана отыра бағаладым. Сабақ соңында кері байланыс орнату мақсатында стикерлер таратылып, оқушылардың сабақтан алған әсері туралы бөлісуін өтіндім. Оқушылардың көпшілігі таратылған стикерге өз ойларын анық жазғаны байқалды.

Сабақтың сәтті жақтары : сабаққа деген қызығушылықтары артты, өздері үйрене отырып, басқаны үйрету дағдылары қалыптаса бастады, ойларын еркін жеткізуге тырысты.

Кездескен қиындықтар: топтық жұмысқа толық бейімделе алмауы, оқушылардың өзімшілдігінің басымдығы, тек өздері сөйлеп, өз ойларын ғана айтқысы келетіндігі, реніш, өкпе.


Мектептегі коучинг мәдениеті мектептегі педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби дағдылары жеке қабілеттері мен талантын дамытуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылады.(МАН,103 бет)

І с–тәжірибе барысында «Оқытудағы бірлескен жұмыс» тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингті топқа бөлумен бастап, психологиялық жағымды орта қалыптастырумен жалғастырдым. Осы тақырыпты жүзеге асыруда алдыма қойған мақсатым; оқытуда бірлесе отыра жұмысты тиімді ұйымдастыра білуге үйрету. Бірлескен жұмысты меңгерте отырып, мұғалімдердің іс – тәжірибесін жетілдіру.

Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасуы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуге негізделген. (МАН 78 бет.)

Әріптестердің сұрауымен бір тақырып бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде пайдаланатын әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін көрсету болатын. Сол себепте мен мұғалімдерге коучинг барысында орындалатын тапсырмалар ретінде «еңбек» және «білім» туралы мақалдарды алдым. Бірінші кезеңде тапсырма «еңбек» және «білім» сөздеріне топтастыру жасау тапсырылды. Бұл жерде әріптестер сабақта бастауыш сынып оқушыларына осы әдісті пайдалану барысында оқушының сыни түрде ойлауы, оқушының жан-жақтылығы, қалыптасатынын байқады. Сабақта пайдалану қолайлы, уақытқа да тиімді және кез келген деңгейдегі баланың орындауына болатындығына көз жеткізіп, әдістің сабақ үрдісіне пайдалану тиімділігін ұқты. Тапсырма барысында әріптестер бірін –бірі критерий арқылы бағалады. Бағалау кестесінің құрылымы: топтың толық қамтылуы,тапсырманы тиімді жолдармен көрсете білуі, уақытты тиімді пайдалану. Әрбір орындалған тапсырмалардан кейін тұжырымдама жасап отырдым.

Екінші кезеңде: Бірлескен жұмыс туралы және бірлескен жұмыстың тиімділігі туралы мәліметтер берілді. Әріптестер ынта қойып тыңдап, өздерін толғантқан сұрақтарын қойып білімдерін толықтырды.

Үшінші кезеңде алдарында жатқан мақалдардың мағынасын ашу тапсырылды. Яғни сурет не сызба құрып оны қорғау. Жұмыс барысында мұғалімдердің белсенділігін байқадым. Бірақ осы тапсырманы орындауда уақыт тиімділігі сақталмады сонымен қоса қорғау кезінде мұғалімдер ойын жинақтай алмай қиналып қалғандары да байқалды. Маған бастауыш сыныпқа бұл әдіс қиындық әкеле ме деген ой келді. Сол себепте әр әдісті сабаққа жоспарлау барысында оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескерген жөн екен деген тұжырым жасадым және ол туралы әріптестеріме де ескерттім.Үшінші кезеңде шығармашылық тапсырма берілді. Бұл жерде мұғалімдер алдарындағы мақалды қатыстырып өздерінің атқарып отырған қызметтерімен байланыстырып эссе жазу еді. Тапсырманы орындап болған мұғалімдер оқып өз жұмыстарымен таныстырды. Әріптестерге осы тапсырманы оқушыларға деңгейлік тапсырма ретінде ойластырып беруге болатыны айтылып кетті.

К оуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді. (МАН 103бет)

Кері байланыс шығу парағын толтыру арқылы ұйымдастырылды. Парақтан топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру ұнады, жұмыс түрлерін сабағымда пайдаланамын, осындай коучингтер келесі оқу жылында да ұйымдастырсаңыз деген жауаптарды оқып қуанып қалдым.



Осы парақты негізге ала отыра болашақта өткізетін коучингімді бірлескен жұмыстың тиімділігін кеңінен ашып, әріптестеріме қолдау көрсетсем деп ойлаймын.

Рефлексия барысында өздерінің белсенділіктерін көрсетіп,ойларын тақырыппен байланыстырып, алма суреті бейнеленген стикерлерге біреуі өзінің көп мағұлұмат алғанын жазса, екіншісі үйренгенін міндетті түрде сабақта пайдаланатынын жазыпты, енді біреуі бүгінгі бірлескен жұмысты ұйымдастыру және балаларды сабаққа қызықтыру түрлері ұнады деп жазыпты. Бұл жазбалар мен үшін болашақтағы үлкен жоспарларға себепші бола отыра жұмысымды келесі оқу жылында белсене жалғастыруға ықпал жасады дей аламын.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде мектеп әкімшілігімен кездесіп, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен таныстыра отыра, бағдарламаның міндеттерінің бірі тәлімгерлік пен коучинг екенін айттым.

Тәліп ретінде бастауыш сынып мұғалімі өзі сұранды. Алғашқы күннен тәлім алушымен кәсіби әңгімемді жүргізіп жұмысты бастап кеттім.

Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым – қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдылары: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бір қаттар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған.(Гаррет-Харрис)

Бірінші күні жасалатын жұмысымыздың жоспарымен таныстырып, ондағы мақсатымды айтып кеттім. Келесі күннің дәстүрлі сабағына қатысуыма рұқсат сұрадым. Сабақты мұғалім үй тапсырмасын оқушыларға жеке мазмұнын айтқызу арқылы тексерді. Бұл ұзақ уақыт алады және басқа балалар бір нәрсенің қайталануынан жалығып кетті. Кейбір оқушылар белсенділік танытып отырғанымен кейбіреуі олардың қалқасынан көрінбей қалды. Осының кесірінен келесі кезеңдегі жаңа сабақты да қабылдауы мен сабаққа қатысуы төмен болды. Дегенмен, мұғалім тәжірибелі ұстаз болғандықтан жалпылама сұрақтар қойып, қосымша тапсырмалар пайдалана отыра оқушыларды сабаққа қызықтырғандай болды. Сабақ соңында тәліппен бірге талдап кәсіби әңгіме жүргіздік. Тәліпті өзімнің жаңа тәсілдерді пайдалана отыра өткізетін сабағыма шақырдым.

Сабақ соңында тәліптің ойын тыңдадым. Ол өзіне жаңаша тәсілде өткізілетін сабақ үлгісінің ұнағанын, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқағанын және топтық жұмыстың тиімділігін түсінгенін айтты. Олай болса мен өзіме тәліпті жаңа тәсіл бойынша сабақ өткізу үрдісіне қызықтыра алдым деген тұжырымдама жасадым. Тәліп осындай сабақты сыныбында өткізгісі келетінін айтты. Мен өз тарапымнан қажет көмек беретінімді білдірдім. Келесі кездесу барысында тәліппен кәсіби әңгіме жүргізіп жеті модуль туралы мәліметтер бере отыра, оларды сабақ үрдісіне қалай ықпалдастыратыны жайлы түсінік бердім және ұзақ, қысқа мерзімді жоспарларды құру, смарт мақсат қоя білу туралы да айта кеттім. Тәліп өз сабағын дайындап, қатысуға шақырды. Сабақ әдебиеттік оқу пәнінен «Шешендік өнер» тақырыбына құрылыпты. Сабақ арысында мықты тұстары да біраз әлсіз тұстары да орын алды. Сабақты ұйымдастыру, үй жұмысын сұрағанда «Сен маған,мен саған» әдісін қолдануы, ондағы балалардың еркін, белсене қатысуы болса, жаңа сабақ барысында постер қорғау кезінде жұмыстардың эстетикалық талапқа сай болмауы, барлық топтың жұмысқа жұмыла кірісе алмағандығы, ал мұғалім елемегені байқалды. Осы әдіс балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырмады. Себебі балалар мәтін мазмұнын өз беттерімен оқып түсінуге дағдысы қалыптаспағандықтан ба деп ойладым. Келесі кезеңде оқушыларға жазбаша түрде осыған ұқсас ертегі құрастыру тапсырылды. Бұл тапсырманы белсене орындады және өте сәтті шықты. Ең енжар отырған баланың өзі үш –төрт сөйлемнен тұратын ертегі құрастырып, қолын көтеріп оқып берді. Сол себептен де сәтсіз тұстары болса да сабақтың пайдасы тиді деген тұжырымға келдім. Сабақта үш бағанды күнделікті пайдалана отыра кері байланыс, тілек ағашының көмегімен рефлексия жасалды. Сабақ үрдісі оқушылардың басым бөлігінің көңілінен шыққанын білдік.Соңында сабақтың сәтті және сәтсіз тұстары тәлім алушы талдап ойын білдірді. Ең бастысы жіберген кемшіліктерін байқап, саралап айтып берді. Бұл - болашақта мұғалім осы келеңсіздіктерді болдырмау үшін жұмыс жасайтынына кепілдік. Әрине әлі де тәлімгер ретінде көптеген көмек керектігін түсіндім. Сондықтан келесі оқу жылына бірлескен жұмысымызды жалғастыратынымызды айтып болашаққа сәттілік тіледім.

Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасындағы қарым – қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне – өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі. Себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген. (МАН-106 бет)

Тәлімгерлік кезінде түсінгенім егер әрбір мұғалім жаңа тәсіл арқылы сабақ өткізуді өзінің сабақ беру үрдісіне енгізсе мектептегі білім сапасы артып қана қоймай сонымен бірге оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, алған білімдерін өмірде қолдана алар еді. Сондықтан болашақта мектептегі көшбасшы ретінде жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп мұғалімдер мен оқушылардың оқытумен оқуға өзгеруіне ат салысамын.




Пайдаланған әдебиеттер:


1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2. Үлестірме материалдар 4 апта



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!