Материалдар / Рефлексиялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлауда

6 - сыныптағы қазақ тілі пәнінен етістіктің мағыналық түрлерін , атап айтсам, «Болымды және болымсыз етістік», «Салт және сабақты етістік», « Есімшенің жасалу жолдары», «Көсемше» тақырыптарын қамтыдым. Басты мақсат–сынып оқушыларын етістіктің мағыналық түрлерін бір-бірінен ажырата білуге, салыстыруға және өз беттерінше қолдана алуға үйрету болатын .

Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, мен осы курс барысында оқып – үйренген 7 модульдің ішінен «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Дарынды және талантты балаларды оқыту», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Диалогтық оқыту», «Рефлексиялық оқыту» «Қалай оқу керектігін үйрену» модульдерін сабақ үдерісіне енгіземін. Әуелі, сынып оқушыларын арнайы дайындап қойған түрлі сурет, санау, төсбелгідегі таңба арқылы топқа бөлемін. Осылайша топқа бөлуде бала бойында қызығушылық пайда болады деп есептеймін. Сыныптағы бірлескен оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі екендігіне барлығы көз жеткізеді, бірте-бірте сабақ үдерісіне тартылады . Әрине, басында қиындық тууы мүмкін. Жеке тәжірибемді және алған білімімді басшылыққа ала отырып ,оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуді ең әуелі, тақырыптың мәнін ашудан бастаймын. Тізбектелген төрт сабақтың тақырыптарын өздері топшылайды, идеяларын ұсынады, оқытуды бағалауға, яғни түрлі орындалатын жұмыстарға өз үлесін қосады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға оқушылар өздері мысал келтіреді, дәлелдейді. Сонымен қоса сабақта кездесетін ең басты кедергілерді сынып оқушылары топ болып анықтайды және шешу жолдарын табады. Дәлел келтірсем , ма, ме болымсыз етістікте жұрнақ екендігін және ол түбірге қосылатындығын, ал сұраулық демеулік шылауда бөлек жазылатындығын анықтайды, екеуін өзара салыстырады. Салт, сабақты етістіктерде табыс септігінің жалғауы ашық, жасырын келетіндігін практика жүзінде дәлелдейді . Ол үшін етістіктің алдына табыс септігінің кімді?, нені? деген сұрағын қояды. Шығармашылық диктантта есімшені қолданады, екі түрлі қызметіне талдау арқылы көз жеткізеді. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағы –ғалы, -гелі екендігін өзара зерттеп, талдайды. Осылайша орта мерзімді сабақтар барысында «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Джигсо» , «Болжау» стратегияларын тиімді пайдаланамын. Бұл стратегиялар балаларды сыни ойлауға, білімін жарыққа шығаруға, өз болжамын нақты айта білуге мүмкіндік береді. Топтық, жеке, ұжымдық жұмыс түрлері жоспар бойынша жүргізіледі. Кейбір оқушылардың ынтасы мен қабілеті айқындалады. Модульдерді ықпaлдaстырa оқыту арқылы оқушылар жаңа білімді меңгереді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өзіндік қабілеттері дамиды. Бағалау, соның ішінде оқу үшін бағалау кезеңіне рефлексия, бағалау парақшасы, өзін-өзі және топты бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» және стикерлерді пайдаланамын. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін анықтаймын. Суммативті бағалау– бағалаулардың соңғы нәтижесі. Өйткені, ол барлық бағалаулардың жиынтығы болып табылады .(МАН) Себебі, оқушылар өздерін және өзара бағалау арқылы өз деңгейлерін , өз қабілетін , оқуды жақсарту мүмкіндіктерін анықтайды. Сол күнгі сабақтың көшбасшылары анықталады .

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жоспарлауда «Есімшенің жасалу жолдары» атты тақырыпты таңдадым. Сабақ басында ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі, яғни сынып оқушыларының сабаққа қатысы, оқу құралдарының әкеліну және сабаққа даярлығы тексеріледі. Оқушыларды топқа бөлуде «Пазл» ойын әдісін пайдаланамын. Жыл мезгілдерінің суреттері қиылып беріледі. Бөлінген суреттерді қалпына келтіреді. Әр бала белгілі бір топқа бөлінеді. Топтың «Алтын ережесі» еске түсіріледі. Әрбір топ тәртіпке бағынады; бір-бірін тыңдайды; кезекпен сөйлейді; уақытқа бағынады.

Оқушылардың сабаққа деген көңіл-күйін жоғарылату үшін сергіту сәтін ұйымдастырамын. Олардың әрқайсысынан кішкентай кезінде ата-аналары өздерін қалай еркелетіп атағандығын еш қысылмай, еркін айтуларын сұраймын. Бұл сергітуді таңдаған себебім, балалардың мектепке дейінгі кезеңін еске түсірту әрі жағымды эмоция тудыру болатын . Бұл өте сәтті өтеді деп ойлаймын . Осыдан кейін балалар «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің « Қызығушылықты ояту» кезеңі бойынша «Есімше» сөзінің әрбір әрпіне сөз табады. Бала оны мынадай үлгіде жасауы мүмкін. Е - естиді, С –салады , І – ілгерілейді , М – мазмұндайды , Ш – шатастырады , Е - елестетеді . Өзіміз оқып білгендей, бастапқы деңгейде есімшенің неге , қалай жасалуы , ол не боп табылуы мүмкін екендігі туралы ой қозғайды. Александердің « Диалогтік оқыту» теориясына сәйкес оқулықтан « Есімшенің жасалуы мен түрлері» тақырыбын оқып, жаңа білім алады . Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген: әңгіме-дебат; кумулятивтік әңгіме; зерттеушілік әңгіме. Мерсердің зерттеуінде берілгендей, балалар зерттеушілік әңгіме бойынша тақырыпты топта талқылайды, бір-біріне сұрақ қояды. Талқылауға арналған тармақтарда есімшенің жұрнағы туралы үзінді алынады. Құранды қосымша –тын, -тін бөлегі тұрған деген көмекші етістік болғанда, ол –а ,-е ,-й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, біртіндеп қосымшаға айналып кеткендігін ұғынады. Жазылым дағдысы бойынша 200- ,201-жаттығуларды орындай алады, талдайды, шығармашылық диктант жазады, 202-жаттығуда берілген «Адасқан абзацтарды ретте» тапсырмасымен танысып, «Джигсо» стратегиясы бойынша сыныпта жұмыс жасалады. Мен кейбір оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Фриманның (1998 жылы) дарынды және талантты балаларды анықтаудағы ғылыми негізделген критерийін басшылыққа аламын. Ондай балалар есімшені қатыстырып мәтін құрай алады. Ал жекелеген оқушылар кеспе қағаздағы есімше жұрнағының алдына етістік тауып жазады. Сол сабақта алған білімін көрсетуге тырысады. Сабақтың соңында оқушылар өзін-өзі және топты бағалай алады . Стикерге сабақтың өтілу барысы мен келесі сабақтан не күтетіндігін және тілегін өз қолымен жазады. Үй тапсырмасына құрамында есімше жұрнақтары бар нақыл сөздерді , мақал-мәтелдерді тауып, жазып келу тапсырылады. Сабақты қорыта келе, мен балаларды тиімді, сапалы білім алу үшін уақытпен жұмыс жасауға, кейбіреуін қысылмай еркін сөйлеуге баулу керектігін басты міндетім деп санаймын.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!