Рефлексивті
эссе
XXI ғасыр
ұстазы
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты
білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты,
мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық Олай
дейтінім алғаш рет жас ұстаз ретінде осыдан 6 жыл бұрын қызметімді
бастағанымда көптеген өз мамандығыма көңілім толмаушылық , сондай
ақ кішкене қиындықтар болды. Бір күні мектебіміздегі аға ұстаз
баланы шын ықыласымен жақсы көру керек, ұстаз кешірімді болу керек,
бұл ұстаз болудың ең бірінші қасиеті деді.Бұл айтылған пікір мені
ұзақ ойландырды.Осыдан мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы
тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,
екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем,
үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді
мойнына алған маман екеніні, ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен
мәлімет беріп қана қоймай, адам болуға, қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге тәрбиелеуі керек екендігім түсіндім. Менің ұстаз болып
қалыптасу дағдым , осындай түсініктен
басталды.
Қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі
келбеті. Бұл жөнінде
Елбасымыз
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаев:
«Ғасырлар
мақсаты
–
саяси-экономикалық
және рухани
дағдарыстарды
жеңіп
шыға алатын,
ізгіленген
ХХІ ғасырды
құрушы
іскер,
өмірге
икемделген,
жан-жақты
жеке тұлғаны
тәрбиелеп
қалыптастыру»,-
деген
тұжырым
жасады.
Елбасымыз көздеген әлемдік
рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын
алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі - жастарымыздың
еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына
жағдай жасау болып табылады. Әлемдік білім беру және білім алу
кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының
бірі – әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі деп атап
өтілді.
Осы биік мақсаттарға жетелеу,
қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына
сайма-сай келетіні - білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен
сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін
құрумен байланыстырады.
Әрине,
ол өз кәсібінің
майталманы,
осы мақсатқа
рухани
күш-жігерін,
парасат-қуатын
салу керектігі
айтпаса
да түсінікті.
Бұл -
әркімнің
қолынан
келе бермейтін,
ерекше
талантты
қажет
ететін,
бай қиялды
адамға
тән қасиет.
Ол үшін бүгінгі
оқу үрдісіне
сай педагогикалық
шеберлік
қажет.
Ал,ХХІ ғасырдың
нағыз
ұстазы
қандай
болмақ
керек?.
Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін
реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде
орталық тұлға болып табылады.Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі,
біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық
нанымы. Екіншіден,
пəнді жетік
білуі,
ойын оқушыларға
жеткізу
үшін жан жақты,
терең
дайындықпен
баруы,
оқушылар
бойына
əдеп,
əдет,
дағды
сияқты
жақсы
қасиеттерді
сіңіруі,
моральдық
нормаларды
білуі.
Үшіншіден,
оқыту
мен тəрбиелеудің
əдіс тəсілдерін
міндетті
түрде
меңгеру.
Білім
берудің
ұлттық
моделіне
көшкен
қазіргі
мектепке
ойшыл,
зерттеуші,
практикалық
қызметте
педагогикалық
үйлестіруді
шебер
меңгерген
психолог
педагогтік
диагностика
қоя білетін
іскер
мұғалім
қажет.
-
Ізденімпаз ұстаз ретінде Лаура Карабаованың
CLIL- дегеніміз не ? Оқушылар сабақ материалдарын да тілді де қатар
игеру үшін не істеуі тиіс ? осы сұрақтарға жауап алып.«CLIL – пән
ен Тілді біріктіріп оқыту»- дегенді білдіретіндігін түсіндім.
Сонымен қатар Филлип Монтогомердің
лекцияларынан Физика пәнін ағылшын тілінде
оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға,
әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізу
керектігінтүсіндім.Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен
ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға
бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына
сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік
қоры толықтыру,сөйлеу дағдысы қалыптастыратындығын лекцияда атап
көрсетті.
Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер
сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін
тигізеді. Филлип Монтогомердің
лекцияларынан физика пәнін ағылшын тілінде
оқыту барысында мыналарды ескерген жөн екендігін түсіндім.
Олар:
Сабақ барысында жылы , достық
жағдай тудыру:
-
оқушының жеке басындағы
сенімсіздікті жоюға көмек беру;
-
жеке дыбыстарды, сөзді, сөз
тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді дұрыс қолданбаған
жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне акцерт
жасамау («шет тілде қате сөйлеуге құқығың бар!»
);
-
оқушының кез келген жауабын
қабылдау; кіші-гірім қиындықтардан өткеннің өзінде қолдау жасау,
енді үлкен жетістікке де жететініне
сендіру;
-
оқушының қате жауабына ескерту
жасамау, қатені түзеткен оқушының мәртебесі басқалардың алдында
жоғары деген жалған пікір
қалыптастырмау;
-
тек қайталау әдісі арқылы
қателерді жою, қиындықтардан өту.
-
Жаңа тақырып материалын тек
жағымды үлгі арқылы ұсыну.
-
Оқушының шығармашылық өсуіне
және сенімділік жағдай орнату үшін көтеріңкі көңіл атмосферасын
орнату.
-
Оқушы баға үшін оқымайтындығы
ойын қалыптастыру. Сондықтан төмен бағамен үрейлендірмеу. Тіпті
керек болған жағдайда сабаққа сынып журналынсыз
келу.
-
Сабақ барысында үйреніп жүрген
тілде араласу талабын қатаң сақтау. Тілдерді араластыруға жол
бермеу. Мұғаліммен сабақтан тыс уақытта үйреніп жүрген тілде,
немесе пән оқытылатын тілде ғана араласу шартын әрдайым
орындау.
-
Актерлік қабілетті де қолдану:
оқушы назарын «Кәнеки, назар аударыңдар! Бері қараңдар! Түгелдерің
маған қараңдар!» сияқты дәстүрден бас тарту. Қимыл, мимика, дауыс
әсеріне жүктену.
-
Қосымша қолданбалы материал
ұсыну.
-
Сабақ материалы «жанды»,
күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру. Түрлі проблемалардан жол
табу мүмкіндігін ескеру.
-
Сөздікпен жұмыс жасау әдісін
оқушының жетік түрде меңгеруі.
-
Үй тапсырмасы шығармашылықты,
тіл дамуын қажет етуі шарт (мүмкіндігінше жазба жұмыстарын, аналог
бойынша жасалатын тапсырмаларды бермеген жөн)
т.б.
Оқыту мен тəрбиенің жаңа
технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана
жұмысы жемісті болмақ.
ХХІ ғасыр
ұстазының
тұлғасы
мен іс əрекетін
жүйелі
ұғыну
үшін оған жаңа теориялық
методологиялық
негізде
талап
қойылуға
тиіс.
Осы жолдағы
алғашқы
қадам,
ауыл мұғалімдерін
арнайы
əлеуметтік
кəсіби топ деп қарай
отырып,
оларды
зерттеу
бағытында
психологиялық
педагогикалық
жəне əлеуметтік
ілімдердің
біріктірілуі
қажет.
Міне,
осындай
жағдайларды
ескере
келіп,
оның кəсіптік
мəдениетінің
өрістеуіне
жан -жақты
көмек,
көңіл
бөлу,
жағдай
жасалуын
ескерген
жөн.
Жақсы
мұғалім
—
бұл қай кезде
де ең алдымен
кәсіби
деңгейі
жоғары,
интеллектуалдық,
шығармашылық
әлеуеті
мол тұлға.
Ол оқытудың
жаңа технологияларын
өмірге
ендіруге
дайын,
оқу-тәрбие
ісіне
шынайы
жанашырлық
танытатын
қоғамнын
ең озық бөлігінің
бірі деп есептеледі.
Қорыта келгенде, мектеп жұмысы
мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім
екендігін айтқым келеді. Сондықтан, мұғалім жаңашылдыққа бейім
болып, әрдайым ізденісте болуы тиіс. Қоғамда ағылшын тілінің
өзіндік алатын орны ерекше. Сол себепті оқушыларға бәсекелістікке
қабілетті болуы үшін, заман талабына сай білім берілу
керек.
Ендеше, бүгінгі білім мен
білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті
ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы
қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз
жөн.