Материалдар / Рентген сәулелері Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рентген сәулелері Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылару арқылы адамның сезім мүшелерін, көз-көру қызметін толығымен түсінеді қалыптастырып дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2019
905
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Курс:

1

Топ:

11

Сабақ нөмірі


Мамандық:

1504000 – «Ферма шаруашылығы»

Пән/модуль атауы:

физика

Сабақ тақырыбы:

Рентген сәулелері

Күні:


Ұзақтығы:

1 сағат (45 мин)

Өткізу орны:

Математика-физика кабинеті

Сабақ мақсаты:

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылару арқылы адамның сезім мүшелерін, көз-көру қызметін толығымен түсінеді қалыптастырып дамыту

Сабақ міндеті:

Білімділік: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Дамытушылық: Студенттерге білім сапасын арттыруға және пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын, алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру, байқау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерге эстетикалық талғамдарын қалыптастыру нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Студенттер физика тілінде сипаттама беруді үйренеді

Сабақ типі

Аралас сабақ

Оқыту әдістері, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар

Постер қорғау, сәйкестендіру кестесі, бағдаршам әдісі

Қажетті құралдар мен жабдықтар:

Физика, электронды окулық, плакаттар, суреттер, құралдар; интерактивті тақта, дидиактикалық материалдар

Қосымша ақпарат көзі (әдебиет):

Б.Конгарт,В.Кем,Н.Қойшыбаев. Физика (Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук)

Оқытушы жайлы байланыс ақпарат

Альмуратова Гулжан.Бимуратовна

Тел: 87028218620

g.almuratova@mail.ru











Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Студенттің әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

Ұйымдастыру кезеңі


3 мин

Үйге берілген тапсырманы студенттерге доп лақтыру арқылы сұрақ-жауап қойып, әр топты диалогқа түсіру.Өткен тақырыпқа арналған үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі


Студенттер топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы топтың алтын ережесін құрады.Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады


Білу


6 мин

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

1.Фотоэффект дегеніміз не? Оның ашылуына қандай тәжірибе себеп болды?

2. Эйнштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін қандай жолды таңдап алды?

3. Электронның шығу жұмысы деген не?

4. Фотоэффект үшін Эйнштейннің формуласы қалай жазылады?

5. Фотоэффектінің қызыл шекарасы деген не?

6. Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?

7. Фотоэффект қайда қолданылады?


Студенттердің мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

Өткен тақырыпқа қатысты сұрақ- жауап

Доп лақтыру әдісі бойынша

Түсіну



10 мин

Жаңа тақырыпты ашу үшін тақтада бейнеролик көрсетіледі. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.

1 топ «Рентген сәулелерінің ашылуы»

2 топ «Рентген сәулелерінің қасиеттері»

3 топ «Рентген сәулелерінің қолданылуы » Көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып, топпен талқылайды, сосын топтар өздеріне берілген тапсырманы тақтаға шығып, постер арқылы қорғайды.


Студенттердің мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу.

Топпен жұмыс жасау

Қайталау мақсатында қосымша тапсырмалар таратылады .Жаңа тақырыпқа қадам басу үшін

Қолдану


10 мин

Студенттердің қабілеттеріне сай "Автобустық аялдама" әдісі бойынша әр топтың алдына сұрақ жазылған парақ беру. Олар жауап жазып келесі топқа жіберіп отырды.


Студенттер тапсырма мен сұрақтарды орындап келесі топқа береді, олар сұрақ пен тапсырманың дұрыстығын тексеріп пікір алысады.

Жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар пайдалану үшін «Автобустық аялдама» әдісін пайдалану

Сергіту


1 мин

Студенттермен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

«Роботтар биі» атты жаттығу жасау

Талдау


5 мин

Тақырып бойынша әр топқа есептер берілді.

1 топ

Егер рентгендік түтік 150 кВ кернеуде жұмыс істесе, онда электронның кинетикалық энергиясы неге тең болар еді?

2 топ

а) 4140 эВ; ә) 2,07 эВ энергияға ие болатын фотондар қандай сәуле шығарады?

3 топ

Натрийға толқын ұзындығы 0,2 мкм монохромат жарықпен әсер еткен кезде, металл бетінен ұшып шыққан электрондар үшін тежеуші кернеу мәнін анықтаңыз (натрий үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы – 680 нм).

Әр топтан бір-бір білім аушы шығып, тақтаға берілген есептерін шығарады.

Ойлан тап әдісін пайдалану

Жинақтау



5 мин

Берілген әдіс бойынша студенттер бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін студенттер өз ойларын айтады.




Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жеке дара тапсырмаларды орындайды.

Топпен жұмыс «Инсерт әдісі»


Бағалау


2 мин

Бағалау парақтарын таратады.

Бір- бірін бағалауды қадағалау.

Топты бағалау

Өзін өзі бағалау


Бағдаршам, бағалау парақшалары

Рефлексия

2 мин

Студенттерге стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Стикер ілу

Үйге тапсырмасы

1 мин

Оқытушы үй тапсырмасын береді

Оқытушы берген тапсырманы орындау.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!