Тақырып бойынша 18 материал табылды

Республика күні – ел мерейі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Республика күні ел мерейі»

Құндылық

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

Мақсаттары

  • Оқушыларға Республика күні мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру.

  • Елге, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

  • Оқушыларды патриоттық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар











Негізгі бөлім

Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады, топтарға бөледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Республика күні туралы қысқаша ақпарат береді.

Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII жарлығымен "Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы бұл заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды. Республика күнінің мәртебесі қалай қайтарылды 2022 жылғы 16 шілдеде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды. Ұлттық мереке мен мемлекеттік мерекенің айырмашылығы қандай? Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Республика күнін мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтаруды "маңызды және тарихи шешім" деп атады. "Осы заңға сәйкес 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл – тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев. Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады? Электрондық үкімет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күн жұмаға сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс болмақ.

Республика күні неліктен маңызды? Деген сұрақ тастап, оқушылардан жауап алуға тырысады.

Әнұран тыңдатып, талқылайды (Әнұранның мәні мен мағынасы)


Оқушылар «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» туралы сұрақтар қояды.

Ел рәміздері мен олардың мағынасы туралы түсіндіреді.

«Болашақтағы Қазақстан» тақырыбында деват ұйымдастырады.


Шығармашылық тапсырма

Топқа бөледі әр топқа тапсырма береді:

Бірінші топ-Республика күніне арналған плакат жасайды.

Екінші топ-қысқа өлең немесе ұран шығарады.

Үшінші топ-«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазады.

Оқушылардың жұмыстарына баға береді, пікір білдіреді.

«Біз – Қазақстанның болашағымыз» деген оймен сабақты қорытындылайды.

Сабақ соңында Республика күніне байланысты жақсы тілек айтуға шақырады.

Рефлексия

Оқушылардан сабақ бойынша әсерлерін стикерге жазуды немесе ауызша айтуды сұрайды.

Орындарына отырып, топтарға бөледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тыңдайды.

Тыңдайды, сұрақтар қояды, тақырып төңірегінде өз ойларымен бөліседі.









































































Әнұранды бірге орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа қатысады.Болашақ Қазақстан туралы қиялдарын айтады.





Топта жұмыс істейді, тапсырмаларын орындайды.

Шығармашылық жұмыстарын сынып алдында қорғайды.



Өз жұмысын қорғап, қорытынды ой айтады.



Сабақ туралы әсерлерін бөліседі.

















Тақта

Презентация






ҚР Әнұранының аудио жазбасы










Маркерлер

Қағаз

Сурет салу құралдары
















































Стикер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2024
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12