Материалдар / Revision of numbers
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Revision of numbers

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын және қазақ тiлi пәндерiмен бiрiктiрiлген сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні/Subject: Қазақ тілі/English Сынып/Class: 6 «а» 
Сабақтың тақырыбы
/The theme of the lessonСан есімнің мағыналық түрлерін қайталау/Revision of numbers

Бір мен екі алмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар.

Кілең төрттік алғандар

Бесті ғана армандар.


Small steps, big results,

It is all about us!


Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
 Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табу арқылы сұрақ қоюға, олардың түрлерін ажырата білуге үйрету; оқушылардың сан есімнен алған білімдерін жүйелеу; теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Дамытушылық: 
Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ана тілін қадірлеуге, тіл тазалығын сақтауға үйрету.


Lesson objectives:

All learners will be able to: follow most of the sentences and produce some language correctly in their own sentences.


Most learners will be able to: follow most of the sentences and produce some language correctly in their own sentences.


Some learners will be able to: follow the context with little support and produce language clearly and correctly in activities.


Сабақтың түрі/Type of the lesson: біріккен сабақ/integrate lesson

Сабақтың әдіс-тәсілдері/Methods of the lesson: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сызба жұмыстары, ой қозғау,талдау, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Презинтация, тірек-сызба, таратпа, бағалау фишкалары, кестелер,тест.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика, тарих, ағылшын, география пәні. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

а)Сәлемдесу ә)Оқушыларды түгендеу б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Топқа бөлу

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) «Зымыран сұрақ» қою арқылы жауап алу ә) Дәптер тексеру б) Бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ а) Тақырыптың мақсатын түсіндіру

ІV.Қорытынды бөлім а)Бекіту ә)Үй тапсырмасын беру б)Оқушылардың білімін бағалау

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Рахмет отырамыз. Оқу құралдарымызды алып, сабаққа дайындаламыз . Сабақта түгелміз бе?

Балалар, егер сан есімнің барлық алты түрімен таныс болсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар! Бүгін бізде қайталау сабағы. Олай болса жылдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші айында дүниеге келген балалар «бір топ», Бесінші, алтыншы, жетінші,сегізінші айында келгендер «екінші топ», тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші айында дүниеге келгендер «үшінші топ» болады. Топқа бөлу кезінде қандай сан есімдер пайдаланылды? Жақсы, реттік сан есімдер, күрделі және дара сан есімдер пайдаланылды. . Өздерің білесіңдер, қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне жүректері жарыла қуанған халық.Ол қуаныштарын дүйім жұртшылық алдында ақтарылған ақ тілектерін көрсетіп бөлісіп отырған.Бүгінгі өткелі отырған сабағымызда үлкен мереке. Енді, топқа бөлініп болсақ, сабақтағы қарсыластар өмірдегі достар бір – біріне сан есімдерді пайдаланып тілектерін білдірсе нұр үстіне нұр болар еді.

2. Психологиялық дайындық. «Тілек шоғы»

(Әр топ қарсыластарына сан есімдерді қатыстырып тілек тілейді) Қырықтың бірі –Қыдыр,деген төріңе Қыдыр қонсын! Төрт құбылаң түгел болсын. Сабағыңды 5- ке оқы, адал бол! Бесеу түгел болса, бес өзі келер. Қораң төрт түлікке, күнделігің бестік пен төрттікке толсын. Жеті қазынаң толық болсын. Үш арсыздан аулақ бол. т.б.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Зымыран сұрақтар» арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру.(екі тілде)

1-топ. «Бірлік» тобына

  1. Сан есімнің ережесін кім айтады?

  2. Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді? Мысал келтір.

  3. How you make the ordinary numbers?

2-топ. «Ондық» тобына

  1. Құрамына қарай сан есім қалай бөлінеді? (дара,күрделі)

  2. Деректі, дерексіз зат есімдерге мысал келтір.

  3. Give examples of numbers with ending –ty. 3-топ. «Жүздік» тобына

  1. Мағынасына қарай сан есім нешеге бөлінеді?

  2. Туынды зат есімдерге мысал келтір.

  3. Give examples with ending – teen.

ІІІ. - Балалар, біз өткен сабақтарда сан есім туралы бастауышта алған білімдерімізді тыянақтадық, дара және күрделі сан есімдер бар екенін ұқтық. Сан есімнің мағыналық алты түрі бар екенін біліп, олармен таныстық. Ал бүгін сол өткен тақырыптарда алған білімдерімізді нығайтып, тиянақтап, бір жүйеге келтіріп қорытып, теориялық білімімізді практикамен ұштастырамыз. Ендеше дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Сан есімнің жазылу емлесі:

1.     Мен биыл 6-сыныпқа барамын.

2.     Сен «Абай жолы» романының  II томын оқыдың ба?

Ескерту: 3. 2009 жыл, 22 наурыз.

(оқушыларға мысалдарды оқыта отырып, өздеріне ереже шығарту)

Соңында мұғалім өзі ережесін айтып береді.

Мұғалімнің айтуымен  тақтаға сан есімді сөз тіркесін жазу.

1.     Мен 2-қатарда отырамын.

2.     Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.

 

а)«Постер қорғау» (екі тілде) Әр топқа плакат таратылады. «Бірінші» топтың плакатында ҚР-ның картасы бейнеленген, екінші топта England, үшінші топ – Сарапшы топ болады. «Бірлік», «Ондық» тобы сан есімдерді қатыстырып әр топ мәтін құрайды.  Сан есімдердің алты мағыналық түрін де қатыстырып, көп қолданған топ бағалау фишкасын алады. 

Сарапшы «Жүздік» тобы қарсыластарының сан есімдерін тауып, мағыналық түрлерін анықтайды. Әр топтан бір – бір оқушыдан шығып тақтаның артында жасырынған  «Қызықты сөздермен» жұмыс жасайды. Тапсырманы бірінші орындаған оқушы өз тобына ұпай алып береді.                                        

К+2+л=

К+3=

Қ+10+ақ=

Кү+1=

5+ік=

Тү+1=

Б+6+р=

9+құмалақ=

Жел+90=

Дер+5=

7+стік=

Қ + 10 + ақ =

Сәйкесін тап!

Бір асым                                    тұз

Бір ұрттам                                 қамыр

Бір жайым                              сөз

Бір ауыз                                 су

Бір шымшым                         ет

Бір үзім                                  қазы

Бір елі                                     нан


б) Мұғалімнің әрекеті. Оқушылар берілген тапсырманы орындап жатқанда оқушылардың орындығына мұғалім келесі тапсырманы жасырады. Тапсырмада қазақ мақал-мәтелінде, нақыл сөздерінде, салт дәстүрінде көп кездесетін «жеті». «қырық», «он екі» сан есімдері болады. Әр топ білімдерін ортаға салып, сөйлем құрап, тақтаға морфологиялық талдауға шығады.

"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және
"Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.
Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады.
Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны -
қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты.

в) Семантикалық картамен жұмыс

  • Мәтіннен сан есімдерді табыңыз.

  • Құрамында сан есімдері бар мақал-мәтел.


г) «Жұмбақ айтыс» бөлімі бойынша екі оқушы айтысады.

Айдын көлге жұп аққу

Бақытжан: Ұшып келіп қонысты

Үш қаз және екі үйрек

 Жүзіп жүріп жолықты

Қарсы алуға оларды

Төрт балапан шығысты

Жауабын тез айта салшы

Барлық құс нешеу болысты?

2+3+2+4=11

Бауыржан: Алдымда

Әкем, анам бар

Білмесеңдер біліңдер

Әпкем, көкем бар
Өзім бармын, інім бар
Қанша болдық бәріміз?
Қанша болдық біліп ал.   (6 адам)

Кері байланыс «Даналық ағашы» (екі тілде)

ІV. Сабақты қорыту. Жаңа тақырыпты пысықтап, екі топтың ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтау

 VІ. Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

 VІІ. Үй тапсырмасын беру.

  1. Сан есімдерді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбына эссе жазу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!