400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінен өткізген ашық сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу арқылы талдау жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қорғантұз жалпы орта білім беретін

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: Ләйлә Изтлеуова





Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі

Оқу мақсаттары

Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Сабақ мақсаттары

Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу арқылы талдау жасау.

Құндылықтарды дарыту

Ізгілік, қайырымдылық, бауырмалдық

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка

Бастапқы білім

Шығарманың құрылымын жан-жақты талдау

АКТ қолдану дағдылары


Тірек сөздер

Жәудіреп қараған, жаралы жер, бала бейне,егде қолдар

Қажетті ресурстар:

Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі , А4 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер

Сабақ барысы

Сабақ басы

Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  • Алдыңғы біліммен байланыс

1-топ: Монолог оқиды. «Ләйлә полигоннан келген қасіреттің бейнесі»

2-топ: «Ләйләға хат». Ұлт басына төнген қасіреттің шығармаға арқау болу себебін түсіне отырып, хат жазады.

3-топ: «Соңғы сөзді мен айтайын» (Семей полигоны туралы мәлімет береді, слайд)

Сабақтың ортасы

Мұғалім сөзі: Ләйләнің протатипі туралы мәліметпен таныстырады

Р. Мұқанованың «Мәңгі­лік бала бейне» әңгімесінің кейіпкері Семей полигонынан зардап шеккен қыз – Ләйлә. Прототипі – Еңлік атты Семей қаласының тұрғыны. Адам қолынан жасалып, жанына бітпес жара салған осынау қасіреттен зардап шегуші тағы да - адам. Әңгімеде жаны жаралы Ләйлә көбінде аймен сырласып, бар мұң-зарын, қайғы-қасіретін соған айтумен болады.

Семей полигоны туралы бейнероликке назар аударып, зардаптары туралы айту


«Екі жақты күнделік»

1-топ:

Үзінді

Үзіндіге түсінік бере отырып, Қатираға мінездеме жаз.

Ләйлә көзін жерден алмаған қалпы:

-Адам емеспіз бе?-деп ақырын күбір етті. Сол-ақ екен, Қатира ыршып түсті:

-Сөзді қара! «Адам емеспіз бе?»-дейді.-Адам сиқы жоқ кейпіңе неге қарамайсың, а?

Қатираның ащы тілі сумаңдап Ләйләнің бала жүрегін қып-қызыл қан жоса етіп тілгілеп, пара-парасын шығарып түтіп жатыр...



2-топ:

Үзінді

Үзіндіге түсінік бере отырып, Ләйләға мінездеме жаз.

Ләйлә қыз сөйлеп отыр. Мылқау аАй дөңгелеп алыстап барады. Ләйләны да, жерді де аймалап барады. «Өз жасыма лайық қыз болғым келеді. Иә... иә... менің де әп-әдемі, нәп-нәзік қыз болғым ке...л...е...ді...» Сол сегіз жасар мәңгілік бала бейнеде өспей қатып қалған Ләйлә тамыры адырайған егде қолдарын сермеп көкке көтерді.



3-топ:

Үзінді

Үзіндіге түсінік бере отырып, ана бейнесін ашып жаз

«Сен құқрсақта жатқанда Дегелең тауының түбінен жер астын дүмпілдетіп жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма? Іңгәләп бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп, қолды-аяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдетің ес білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыс тауының етегінен көтерілген ауадағы қыа-қызыл, саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып жүгіре жөнелетін едің, қазір ше?»




Сабақтың аяғы

Топтастыру.

Қара бұлт – елге төнген қасірет. (ел қасіреті, ана қасіреті, жер қасіреті, табиғат қасіреті, адамзат қасіреті, т.с.с.)

Көк бұлт тамшыларымен – елдің болашағына тілек жазылады. (соғыс болмасын, ядро жойылсын, полигон жойылсын, сынақтар жүргізілмесі, қасірет қайталанбасын, аспанымыз ашық болсын, аналар жыламасын, балалар зардап шекпесін, бақытты балалық шақ болсын, т.с.с.)

Күн – мәңгілік елдің шуағы (күніміз сөнбесін, бейбіт күн болсын, болашағымыз жарқын болсын,т.с.с.)

Сабақты қорытындылау

Мұғалімнің сөзі бүгінгі өмірмен байланыс

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі

Үйге тапсырма

«Солай ма, жарық Ай» тақырыбында айға хат жазыңдар







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі