Материалдар / Робототехника – болашақ айнасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Робототехника – болашақ айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Роботтың шығу тарихы туралы мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
279
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Робототехника – болашақ айнасы

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.

С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің

информатика пәнінің мұғалімі

Айгелдиева Гүлнар Мақсұтқызы

Моб.тел. 87023715373



Қазіргі уақыт – ақпараттанған уақыт яғни робототехниканың заманы. Елімізді дамытып ілгерілету үшін робот техника саласына көп көңіл бөлуіміз қажет.. Қоғамдық салалардың барлығын ақпараттандыру, білім үдерісін қарқындандыру негізгі жалпы білімді жаңғыртып, жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Осы аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға білім берудің робот техникасы сияқты саласының маңыздылығы орасан зор.

Мектептердегі білім беру робот техникасы қазіргі кезде маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Жалпы технология оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді. Оқушылар бастапқы уақытта кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Біз үйірмеде «Lego» роботтары негізінде үйретеміз.

Робот істеу – әр адамның ойлай білуіне байланысты. Мұнда мақсатқа жету маңызды. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламасын жазуға келгенде түрлі келеңсіздіктер тууы әбден мүмкін. Роботты құрастырып шығу мен бағдарламасын жазып шығу үшін ол роботтың қиындығына байланысты болады. Робот құрастырғанда оның мықты болуына да аса көңіл бөлген дұрыс. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Болашаққа жылжып келе жатқан жоғары технологиялар — ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныста және көптеген салаларда пайдаланылады. Осыған байланысты, қосымша білім беру ұйымдарында Робототехника үйірмелері жүргізіледі. Үйірмелерде оқушылар әлемдік робототехниканың жетістіктері және даму бағыттары туралы біледі, Лего-роботтарын құрастырады, бағдарлама жасайды және деректер моделін құрастыруды ойлап табады. Мектебімізде робототехниканы үйрету жөнінде үйірмеміз жұмыс жасауда. Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы. Робот жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жазу үшін міндетті түрде жаратылыстану пәндерінің элементтерін пайдаланады. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді.

Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың  дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.

Робототехника тарихы

1464 жыл Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құрған болатын.

1833 жыл Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас ең бірінші компьютерлік программист болып есептеледі.

1921 жыл – Rossum’s Universal Robots (R.U.R.) – Россумның Әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастика туындысы. Аталмыш туынды ағылшын тіліне «робот» ұғымын енгізді.

1949 жыл Уильям Грей Уолтер «Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботын құрастырды. Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты оны «Тасбақа» деп атады.

Ең үздік роботтар Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Бұның дәлелі, бүгінгі заманауи роботтар. Адамзат баласы өзінің қолынан келмейтін көп шаруаны осы құрылғылар арқылы игеріп жатыр. Соңғы шыққан роботтар, тіпті, адамның кейпінде сөйлеп, ойлап та жүргенін жақсы білесіздер.

Үздік 10 робот

Хирург робот Соңғы 17 жылда «da Vinci» хирург роботтарының көмегімен әлем бойынша 3 миллионға жуық науқасқа ота жасалды. Da Vinci – дәрігерге ота жасау аймағын HD-сапада көруге мүмкіндік беретін хирургиялық жүйе. Ол ота аймағында кедергісіз жұмыс жасау үшін кішкентай пішінмен жасалды.

Аспазшы робот Бұл құрылғыны жеке робот емес, тұтастай асхана деп санауға болады. Аспазшының орнын басатын роботтың адамға сәйкестендірген екі қолы бар. Осы екі қолының көмгімен ақылды құрылғы мәзірде тапсырыс берген пәрмен бойынша бұйрықты орындайды. Адам қанша уақытта дәмді ас әзірлей алса, робот та дәл сол уақытта және дәмді тамақ жасауға қауқарлы. Бұл робоасхана сатылымға 2018 жылдан бастап шығады.

Бақташы робот Бұл құрылғы қазіргі уақытта енді құрастырылуда. Соңғы сынақ кезеңінің нәтижесі бойынша, SwagBot мал бағуға, заттарды орынынан жылжытуға, бау-бақшаға қарауға өте тиімді робот. Бұл құрылғыны жасау үшін Сидней Университетінің ұстаздары аянбай тер төгуде.

Киберфермер Фермерлік шаруашылықты жандандыру үшін бұл салада роботтардың бірнеше түрі дайындалған. Бау-бақша жемістерін егіп, оны баптап, жемісін теріп алуға жағдай жасайтын ол бүгінгі күннің таптырмас құрылғысы. Бау-бақша техникаларының қатарына қосылған тағы бір робот – AgBot. Оның қызметі – бақшаны химиялық және механикалық тәсілмен барлық арамшөптен арылту. Сонымен қоса, егін топырағын тыңайтады.

Қойма роботы Қоймадағы жүкті бір орыннан екінші орынға қозғалту үшін ойлап табылған құрылғы. Жұмысшыларға айлық төлегеннен гөрі осындай құрылғыларды сатып алып өз жұмыстарын ілгері жүргізіп жатқан компаниялар көп. Мысалы, 2015 жылы Қытайдың Everwin Precision Technology компаниясы жұмысшыларының 90% дәл осындай роботтарға ауыстырды.

Тасымалдаушы дрон Жүктерді жеткізу қызметі үшін таптырмас құрылғы. Адамдардың қызметтік орнын басқан роботты биылғы жылдан бастап қолдана бастады. Жаңа Зеландияның Domino’s Pizza қызметкерлері жұмыстарына көмек ретінде осы құрылғының көмегімен пицца жеткізуді бастап кетті.

Кітапханашы робот Үлкен кітапханаларда адамдар іздеген кітаптарын бірден таба алмайды. Осындай уақытта роботтың көмегіне жүгінсек, бірнеше минуттың ішінде іздеген кітабымызды оңай таба аламыз. Бұл роботтар Канзас-Ситидегі Миссури университетінде сынақ өтіп, жоғарғы деңгейдегі құрылғы деп мадақталған.

Күзетші робот Шетелдік ойын-сауық орталықтарының көлік тұрақтарында қарауылдың қызметін осындай арнайы роботтар атқарады. Жартыметрлік күзетшінің кеудесіне камера орнатылып, GPS қойылады. Бұл аппораттар Сан-Франциско және Калифорния қалаларында өз қызметін бастап кетті. 

Жауынгер робот Бұл робот аралар тыңшының қызметін атқару үшін жасалды. Соғыс жағдайында және әскери оқу жаттығуларда өте тиімді. Сарапшылардың пайымдауынша, қазір адамдар жасап жатқан қызметті алдағы жылдарда роботтар жасайды. Бірақ бұл, адамдар жұмыстан шығып қалады дегенді білдірмейді. Болашақта адамдар үшін жаңа мамандықтардың шығатыны белгілі.

Қорыта айтқанда, робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Мұндағы басты мақсат — оқушыларды ғылымға баулитыны.



































Пайдаланылған әдебиеттер мен ресурстар



  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/

  2. 2. https://bilimainasy.kz/

  3. https://videouroki.net › razrabotki › robot-tiekhni...


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!