Материалдар / Робототехника арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Робототехника арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Робототехниканы білу – заман талабы, балаларға шексіз мүмкіндіктер береді және технологиялардың әрі қарай дамуына жол береді. Роботтар мен технологиялар заманы деуге болады. Мектептердегі Робототехника туралы білім беру бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді. Оқушылар алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2021
999
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 2 «Робототехника арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру»


Тайтулеуова Гулнар Серикбековна

ШҚО Семей қаласы, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей»КММ


Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Робот бұл адамның жазған бағдарламасы арқылы іс-әрекеттерді орындайтын, автоматтандырылған құрылғы. Робототехника – ғылыми әдістемелік дамудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «балаларға арналған технопарктері желісін» қалыптастыру арқылы әлемнің озық ғылымында бәсекелестікті арттыру қажеттілігін тапсырған болатын.

Робототехниканы білу – заман талабы, балаларға шексіз мүмкіндіктер береді және технологиялардың әрі қарай дамуына жол береді. Роботтар мен технологиялар заманы деуге болады. Мектептердегі Робототехника туралы білім беру бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді. Оқушылар алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады.

Балаларды 3 жастан бастап робототехникаға баулыған жөн. Неге 3 жастан бастаймыз? Бұл жастағы бала қосымша дамуға толығымен дайын болады. Әр іске қызығушылық білдіріп, өзіне керек дүниелерді бойына сіңіре бастайды. Оларды қабылдап алу жылдамдығы жоғарғы деңгейге көтеріледі. Дәл осы сәтте LEGO Education-ға келген баланың мүмкіндігі өте жоғары болмақ. Біз білімді ойын арқылы береміз. Бала өзінің қалай дамып жатқанын байқамауы да мүмкін. Дегенмен, оның көзқарасы өзгеріп, қабілеттілігі арта түседі. LEGO құрастырғыштарымен танысып, арнайы маманның нұсқауы бойынша топпен жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізуге дағдыланады. LEGO қазіргі кезде барлық балалардың ең сүйікті ойыншығына айналған. Балаңызды орталыққа келуге көндірудің де қажеті жоқ. Бөлшектері өте ыңғайлы, үлкен платформалы болғандықтан, тіпті 1,5 жастағы сәби де өзінің ойлау қабілетін дамыта алады. Бала робототехника арқылы механик, құрылысшы немесе роботты ойлап табатын адам бола алады, яғни баланың ой өрісі, логикасы жеткілікіті түрде дамиды. Тіпті ол мамандыққа пайдасын тигізбеді деген күнде де, баланың ұсақ моторикасын дамытады. Моторикасы дамыған кезде мидың бөліктері әлбетте дамиды. Өйткені бала жұмыс барысында ойланады қандай элемент керек екенін сонымен қатар оларды өлшейді, неге не керек екенін табады, көлемін, енін есептейді. Мәселен, жылдамдық үшін қандай резина, қандай балон керек екенін және қай балонда жылдамдық тез болатынын, қай балонда жылдамдық баяу болатынын бала ойланып табады. Сонымен қатар бала тек ойланып қана қоймайды, бала роботты құрастыру барысында ұстап көру тері арқылы дамиды. Яғни робототехниканың элементтері баланы Кенестикалық тұрғыда да дамытады. Қазіргі таңда балаларды ойландыруды ауқымды проблемалардың біріне жатқызуға болады. Педагогтардың баланы оқытуда ойын технологиясы басты фишка болып саналады. Себебі, ойын технологиясы арқылы баланы оқыту ең тиімді жол. Ойын технологиясының басты құралына робототехниканы жатқыза аламыз деп біз нық сөзбен айта аламыз.

Робот істеу - әр адамның ойлай білуіне байланысты. Мұнда мақсатқа жету маңызды. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мектепте робототехниканы үйрету жөнінде үйірме ашылады. Оқушылар сабақтан кейін үйірмеге қатысып, құлтемір жасауды үйренеді. Робототехника дегеніміз - бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Мұндағы басты мақсат - балаларды ғылымға баулу. Робототехника курсының бағдарламасы мұғалімдерге сабақты балаларға қызықты болатындай етіп жоспарлауға көмектеседі. Ал балалар болса бір-бірімен әріптесе жұмыс істеуге, бірлесе әрекет етуге, ұжымдық жұмысқа үйренеді. Сабақ кезінде пайдаланылатын бағдарламалардың түсінікті екені де маңызды рөл ойнайды. Бағдарламаның интерфейсі түсінікті де жатық, сондықтан тек білікті оқытушы ғана емес, кез келген бала түсінеді. Балалар робототехника сабақтарына өздерінің идеяларымен келеді, оларды жүзеге асырудың барлық мүмкіндігін қарастырады. Педагогтардың міндеті – оларға осы ізденіс барысында көмектесу және қателіктен қорықпауды үйрету. Курсты жүргізетін педагогтар робототехника сабақтары өз оқушыларын жақын тануға, олардың айрықша қабілеттерін, бейімі мен ойлау стилін бағамдауға мүмкіндік бергенін айтады. Бұл әр балаға жеке көзқараспен қарауға да көмектеседі. Оқушылар курс барысында әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Сабақта теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар жұптасып немесе шағын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды. Оқу құралдағы берілген қызықты тапрсырмалар, түрлі тәсілдер мен нұсқаулықтар арқылы шығармашылық тұрғысынан ойлауға,өз бетінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйретеді. Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып құралған. Әр балаға арналған жұмыс дәптері дайындалған. Дәптердегі тапсырмаларды орындай отырып, балалар өз беттерінше жұмыс істеуге үйренеді, орындаған жұмысына талдау жүргізіп, өзін-өзі бақылай алады.

Робототехниканы оқыту тәжірибесі мен практикасы білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: Lego Mindstorms EV3, Arduino,Lego Wedo және т.б. Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр. Ойын-оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдісі мен тәсілді болып табылатыны сөзсіз, оның үстіне ол оқушыларға білім алу үдерісін байқамай-ақ үйренуге мүмкіндік береді.

Осылайша, робот техникасы заманауи өндіріс талаптарына жауап бере отырып, негізгі мектеп пәндері бойынша оқушы білім тереңдетуге және жүйелеуге жағдай жасап, болашақ мамандықты таңдауға бағыт беретіндігін ескерер болсақ, оның мектептегі оқытуды дамытуда әлеуметі зор екенін көруге болады. Робот техникасының базалық мектеп пәндерімен жан-жақты пән аралық байланыстарының көмегімен оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері сапалы жаңа деңгейде шешіледі, шынайы ақиқаттың күрделі міндеттерін шешуге арналған кешенді тәсіл үшін негіз қаланады.

Сонымен, робототехниканы меңгерген әр бір бала жан-жақты дамыған, білімді, ойлау қабілеті жоғары, ұшқыр ойлы, жаңа технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, өзі робот ойлап таба алатын, шығармашыл бола алатынын сонымен қатар Еліміздің дамуына зор үлесін қосатын, робототехниканы меңгерген ғалымдар шығатынына сеніміміз мол.











Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» -Астана, 2017.

2. М. Рахатқызы «Робототехника қайтсе дамиды?» http://www.aktobegazeti.kz/

3.Робот техника пәні бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. — 2018. — 222 б.

4.https://infourok.ru/bilim-beru-zhyesindegi-robototehnikani-rli-3236159.html

https://el.kz/news/tehnologiya/robototehnikamen_ainalisudin_paidasi_kandai



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!