«Бекітемін»
«____» ____________ 2021
жыл
Аудандық оқушылар
үйінің
директоры:
И.Абдибекова
Қармақшы ауданының оқушылар
үйінде
«Жас ұрпақты
шығармашылыққа тәрбиелеу – басты
нысана» тақырыбындағы аудандық семинар
аясында «Робототехника» үйірмесіндегі «Арқан
тартыс» робо спорт
сайысының
Ж о с п а р
ы
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындарды
насихаттау. Балалардың шығармашылық
қабілетін арттыру. Жаңа технологияларды меңгеруге және ұлттық
ойынмен байланыстырып, ұлттық ойын түрлеріне негізделген робо спорт
сайыстарын дамыту. Өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу.
Өтетін
уақыты: 19.02.2021
Өтетін
орны: Аудандық оқушылар
үйі
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
1.
Сәлемдесу
2. Оқушыларды топқа бөлу,
таныстыру.
ІІ. Негізгі
бөлім:
-
«Арқан тартыс» жарысы туралы
мағлұмат беру.
-
Робо сайыстың ережелерімен
таныстыру.
-
Сайысқа қатысушы топтардың
жасаған роботтарының құрылысы мен орнатылған бағдарламаларын
таныстыруы.
-
«Арқан тартыс» робо спорт
сайысы.
ІІІ.
Қорытынды
-
Жеңімпаз команданы
марапаттау
-
Сайысты
қорытындылау
«Робототехника» үйірмесінің жетекшісі:
Н.Малаев
Қармақшы ауданының оқушылар
үйінде
«Жас ұрпақты
шығармашылыққа тәрбиелеу – басты
нысана»
тақырыбындағы аудандық семинар
аясында «Робототехника» үйірмесіндегі «Арқан
тартыс» робо спорт
сайысының
Сценарийі
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер, қазақтың
ұлттық ойын түрлеріне негізделген, заманауи «Арқан тартыс» робо
спорт сайысына қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушы командалармен
таныстырып өтейін.
-
«_____________________________________________»
тобы.
-
«_____________________________________________»
тобы.
Бүгінгі робо спорт сайысына
қатысушы командаларға сәттілік тілеймін.
Оқушылар бүгінгі ойынымызды
бастамас бұрын, ұлтымыздың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» сайысының
шығу тарихымен таныс болайық.
Арқан
тарту – әлем бойынша кең таралған ойын болып
есептеледі. Арқан тарту бір жағынан ойын болса, бір жағынан
тартысты спорт болып табылады. Ойынның тарихы 1900 жылдан
басталады. Тарихқа сүйенетін болсақ, ХІХ ғасырдың соңында және ХХ
ғасырдың басында, осы спорт түрінен республикалық және халықаралық
деңгейде жарыстар ұйымдастырылатын. 1900 - 1920 жылдары Арқан тарту
олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін. Осы уақыт аралығында
бұл спорт жеңіл атлетика дисциплинасының бірі болатын. Кейіннен
жеке спорт түрі болып қалыптасты. Олимпиада ойындарында бұл
спорттан әр елден жеке құрама командалар құралатын. Командалар бір-
бірімен тартысып, тартысты бәсекеде жеңіскерді анықтайтын. Әр
олимпиадада жеңіскерлер ауысып отыратын. 1900 жылы Швеция құрама
командасы чемпион болса, 1904 жылы АҚШ құрамасы жеңімпаз атағына ие
болды. 1920 жылғы олимпиадада Арқан тарту соңғы рет олимпиадалық
ойындардың арасында болды. Қазақ халқы да осы спортты жақсы көреді.
Себебі, біздер күш сынасқанды жақсы көретін
халықпыз.
«Арқан тартыс» ойыны ережелері.
Бейнеролик
Жүргізуші:
Оқушылар сайыстың жалпы
тарихымен таныс болсақ. Бүгінгі сайысымыз «Арқан тартыс» робо
спортының жалпы ережесімен таныстырып
өтейін.
«Робо Арқан тартыс»
категориясы бойынша роботтар
сайысы
Сайыстың
шарты:
-
-
«Робо Арқан тартыс»
сайысына қатысу үшін, қатысушыларға қарсыласын тиімді жолмен
сызықтың бергі жағына тарта алатын әр команда екі автономды
роботтар болуы қажет.
-
Сайыс екі роботтың арасында
өтеді.
-
Раундтың өту ұзақтығы – 3
минут.
Робот
-
-
Робот автономды болуы
қажет
-
Сайысқа LEGO Mindstorms
конструкторы бойынша құрастырылған роботтар қатыса
алады.
-
Робот қозғалысын іске
қосқан сәттен 3 с-тан кейін бастауы
қажет.
-
Роботта арнайы жарыс
арқанын ұстай алатын (ілуге арналған) жасақтамасы болуы
қажет
-
Робот құрылысында сайыс
алаңын бүлдіретін жасақтар болмауы керек. Дөңгелекке немесе
денесіне жабысқақ сұйықтықты
қолдануға.
-
Қарсылас роботқа қандай бір
зат лақтыратындай механизм
қолдануға.
-
Қарсылас роботқа және
электрондық жабдықтарға инфрақызыл немесе басқада датчиктер арқылы
кедергі келтіруге.
Қолданылатын
арқан
-
Арқанға «шарғы жіп»
материалы қолданылады
-
Жіптің екі жағында роботқа
ілуге арналған тұйық ілмек бар.
-
Жіп ұзындығы – 50
см
-
Арқан ортасы қызыл түспен
белгіленген.
Сайыстың
өткізілуі
«Робо Арқан тартыс»
роботтар сайысы бірнеше кезеңнен, бір раундтан
тұрады.
-
Роботтар «бетпе-бет» қарап
орналасады.
-
Өтіп жатқан турда екі
роботтың да бірін-бірін өз алаңына тартып алуға екінші
мүмкіндіктері бар.
-
Екінші мүмкіндік төмендегі
жағдайлар орын алғанда беріледі:
-
Роботтар турды сыртқы
кедергілерге байланысты аяқтай алмаған
жағдайда;
-
Жарыс алаңының талапқа сай
келмеуіне байланысты роботтар жұмысына кедергі
келтірілсе;
-
Төрешінің жіберген
қателігінің кесірінен;
-
Егер Старт командасынан
кейін 10с ішінде екі робот та белсенділік
танытпаса.
Осы жағдайлар кездескен
жағдайда екінші мүмкіндік сол турдың соңына
қалдырылады.
Жарыс
қорытындысы
-
-
Раунд аяқталған уақытта
алаң ортасындағы сызықтан алшақ тұрған робот жеңімпаз болып
табылады.
-
Топтық кезеңде екі немесе
одан да көп жеңіске жеткен робот келесі кезеңге
өтеді.
-
4 (3) команда қалған кезең
жартылай финал деп аталады.
-
Финалдық кезеңді жеңген
робот жеңімпаз аталады, ал одан ұтылған робот екінші орын алады.
Үшінші орынды анықтау үшін жартылай финалда жеңілген екі робот
арасында қосымша жарыс өткізіледі.
Сайыс шарттарымен таныс болсақ
, жарысқа қатысушы топтарға сөз кезегі беріледі. Топтар өздерін
таныстырып, жарысқа қатысуға дайындаған роботтары мен құрған
бағдарламаларын таныстырып, робо «арқан тартыс» сайысымызды
жоғарыда көрсетілген ережеге сай
бастаймыз.
Жеңімпаз топты анықтау,
мадақтамамен марапаттау.
Оқушылар жарысымыз өз мәресіне
жетті. Бүгінгі «Арқан тартыс» робо спорт сайысында жеңімпаз болған
«___________________» команданы
құттықтаймыз.
Бәріміз естелік суретке
түсеміз. Оқушыларымыздың робо көрмесімен таныс
болыңыздар!
Қызылорда облысының
білім басқармасының
Қармақшы ауданы
бойынша
«Қармақшы ауданының
оқушылар үйі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
«Арқан
тартыс»
робо спорт
сайысы
«Робототехника»
үйірмесінің жетекшісі:
Н.Малаев
Жосалы
кенті
2021
жыл