Материалдар / Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие мен білім беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие мен білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру аясында тәрбие жұмысын жандандыру, оқушылардв жан-жақты дамыту, ұлттық бағытта тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Автор: Рахимжанова Шолпан Серікқызы

«№23 орта мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

директордың тәрбибе ісі жөніндегі орынбасары


Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие мен білім беру


Аңдатпа

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге көшті.

Мақсаты - әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кіру.

Тәуелсіздік жылдары біз бірқатар ірі бағдарламаларды қабылдадық және жүзеге асырдық.

2004 жылдан бастап Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді және нысандарды қалпына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда біз ауқымды және фундаменталды жұмыстарды бастаумыз қажет.

Сондықтан, Елбасымыз біздің біртұтас Ұлт, біртұтас Ел және жауапты болуымыз үшін болашаққа қадам басып, қоғамдық ой-сананы өзгертуде өз болжамымен бөлісті.


Аннотация

Казахстан вступил в новый исторический период.

Цель известна – войти в тридцатку развитых государств мира.

За годы Независимости нами был принят и реализован ряд крупных программ.

С 2004 года была реализована программа «Мәдени мұра», направленная на восстановление историко-культурных памятников и объектов на территории Казахстана.

А сегодня мы должны приступить к более масштабной и фундаментальной работе.

Поэтому Президент решил поделиться своим видением того, как нам вместе сделать шаг навстречу будущему, изменить общественное сознание, чтобы стать единой Нацией сильных и ответственных людей.


Annotation

Kazakhstan has entered the new historical period. We know our purpose – to become one of thirty high developed states of the world.

For years of independence we have realized a number of large programs. Since 2004 the “Madeni Mura” program directed to restoration of historical and cultural monuments and objects in the territory of Kazakhstan has been realized.

And today we have to get to more large-scale and fundamental work.

Therefore the president has decided to share his vision of our way, how to make a step towards to the future, change public consciousness, to become the united nation of strong and independent people.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған

Жолдауында «Мәңгілік ел- ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік

ел», -деді. Сондықтан да, біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай

мұрамыз салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен  таныстыруымыз керек.

Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны

көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың»

деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды

қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны

белгілі. Ендеше, бұл тұрғыда ата-ана мен ұстаздың атқарар ролі зор.

Осы мақсатта мектебіміз 2018-2019 оқу жылына Тәрбие жұмысы жоспарын бекітті. Жоспарда өскелең ұрпақты ұлттық идеяның құндылықтарымен тәрбиелеудің негізгі тұжырымдары берілген. Олар әлеуметтік

құндылық, тәрбие ұстанымдары мен ойларын біріктіру, халықтар мәдениетін

үйлестіру және сақтау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Арнайы кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат міндеттері мен күтілетін нәтижесі анық көрсетілген осы жоспар аясында біздің мектебімізде белгілі бір міндеттер құрылып, жұмыс жасалуда.

Мақсатымыз - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету. Оқушыларға рухани жаңғыру аясында

ұлттық төл мәдениетімізді , салт-дәстүрлерімізді насихаттау.  Міндетіміз - білім беру үдерісіндегі қолданатын жұмыстардың ерекшелегін анықтау, инновациялық технологияларды қолдана отырып өзгерту, «Мәңгілік ел» идеясының сан қырлы формаларын қолдана отырып, педагогтың

шеберлігін көтеру. Сол арқылы оқушылардың бойында

азаматтық, патриоттық, өзіндік сан-сезімді қалыптастыру. Жоспар аясында

орта білім беру ұйымдарында білім беру саласын басшылыққа ала отырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға байланысты әр түрлі тақырыптарда сыныптан тыс іс-шаралар, кеңестер мен дөңгелек үстелдер,

ата-аналармен бірлесіп атқаратын жұмыстар жобада жоспарланған.

Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдері Солтүстік өңірінің көрнекті жазушысы, ақыны, публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай 6 - шы сынып оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кейін мектептің тәрбие ісі жоспарына сәйкес мектеп оқушылары ақынның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сартомар ауылына экскурсияға барып, ақынның кіндік тамған жерімен танысты. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.

Осы ісшараныңң негізгі мақсаты - дені сау, рухы таза, ойы жетік, шешен де шебер болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осы ісшара негізінде балаларды

тәрбиелеу мен оқытуда халық педагогикасын кеңінен пайдалана отырып, ұлттық

салт-дәстүрлерімізді осы бастан ақ бала бойына сіңіру болып табылады.

Үлгі:

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін әдеби кешінің жоспары.
1 - жүргізуші: -
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ұлы күн бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналады.
2 - жүргізуші:  -Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына байланысты
« Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін әдеби кешімізге « Қош келдіңіздер!».
1 - жүргізуші: - Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.

Деректі фильмнен үзінді (Мағжан Жұмабаев туралы естеліктер)


2 - жүргізуші: - «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов.
1 - жүргізуші: - «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
2 - жүргізуші: - Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.

Жалбакова Диана «Мен кім?»
1 - жүргізуші: - Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.
Сонымен сіздердің назарларыңызға, «Ана», «анама», « Сүйемін» өлеңдері.


(Оқитындар: 6 сынып оқушылары Абдрахманов Тимур, Бублейник Кирилл, Елемесова Гүлден, Жакимов Ерлан)

2 - жүргізуші: - «Сарыарқа» күйі. Орындайтын : - 9 сынып оқушысы Жомарт Әлихан
1 - жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
2- жүргізуші: Танабасов Асланның  «Түркістан» өлеңі.

Слайд «Түркістан» туралы




1 - жүргізуші: - Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше «Батыр баянның жазылуы туралы естелік» деректі фильмнен үзінді.

2 - жүргізуші:  - Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.
6 сынып оқушылары «Мен жастарға сенемін».

1 - жүргізуші: - «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
6 в сынып оқушысы Манапова Томиристің оқуында «Қазақ тілі» өлеңі.

2 - жүргізуші:  - Ақын жаратылыстың сұлу заттары, яки өнерінің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”
сынып оқушысы Ибраев Ильястің «Сүй, жан сәулем.»» өлеңі.

1 - жүргізуші:  - Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
6 а сынып оқушысы Коваленко Олесянің оқуында «Алдамшы өмір» өлеңі.
2- жүргізуші: - Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
6 в сынып оқушысы Лысенко Екатеринаның «Сағындым» өлеңі.

М.Жұмабаевтың жұбайына айтқан естеліктер (деректі фильмнен үзінді.)

1 - жүргізуші: -  «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп - жұмыр жауһар дүние»
2 - жүргізуші:  - Алдарыңызда Мағжан поэзиясының табынушылары:
6
а сынып оқушысы Андрюшечкина Полинаның «Қарағым» өлеңі
сынып оқушысы Воловик Леонидтің «Өмір» өлеңі.

  1. жүргізуші:  - Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады.

Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды.«Бәрінен де сен сұлу» , «Туған жер»өлеңі өзіндік халық арасына кең таралған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті. 

«Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:

Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр, 
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл, 
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да, 
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!

1 - жүргізуші: - Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!


Бұл Тәуелсіз Қазақстанның болашақ патриотын тәрбиелеу шарттарының

бірі болып табылады. «Мәңгілік ел» идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін екенін ескерсек, еліміздің мәңгілік болуы жолында халқымыздың гүлденуі  басты орында тұр. Оған ең алдымен ұрпақтың құнды тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады. Сондықтан да , балабақшадағы барлық танымдық іс-шаралар осыған бағытталған. Төл тарихымыздың ақтандақ тұстарын балабақша тәрбиеленушілеріне жасына сай түсіндіріп,бойына сіңіріп отыру

қажет. Тарихи тұлғалар жайында айту, көрнекі құралдар арқылы көрсету, осы тарихи оқиғаларға байланысты сұрақ—жауап арқылы ойларын білу, баланың қиялын шарықтату - Отаншылдыққа баулудың мағыналы жолы деп есептеймін. Тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай атамыз айтқандай «болмаса да, ұқсап бағуға» тырысуға бағыттау қалай болғанда да өз нәтижесін берері анық. Біздің мектеп ұстаздары өз Отанын сүюге, өз елінің тарихын білуге және сол арқылы бойларында  патриоттық рухты қалыптастыруда көптеген тәрбиелік іс-шаралар жүргізіп, мерекелік ертеңгіліктерде де тағылымы мол шағын қойылымдар өткізіп келеді. «Баланың  жас ерекшелігіне байланысты білім беру салаларын сабақтастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу»  біздің мектеп алдындағы басты мәселе. Қазіргі таңда күрделі мәселелердің бірі болып отырған ана

тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру да баршамыздың міндетіміз. Елбасы

айтқан ана тіліміз Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды

іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз керек.

Жалпы мектеп ұстаздары оқушылар арасында патриоттық тақырыпқа арналған әндер байқауын, өлеңдер жинақтарын әзірлеп, еліміздің көрікті жерлері мен табиғатының ерекшеліктеріне арналған буклеттер жасап, балалардың қызығушылығын арттырып отыр. Қай бала болмасын әр нәрсеге қызығушылықпен  қарайды. Осыған байланысты баланы ұлттық

қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын іс-шараларды да өткізіп отырамыз. Мысалы, «Қош келдің, Әз-Наурыз !» мерекелік ертеңгіліктерде мектеп ұстаздары мен

ата-аналарын қатыстыра отырып, салт-дәстүрден көріністер қойып, бір –бірінің

өнерін тамашалап, бағалап қана қоймай, дәстүрді жаңғырта отырады. Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты іс-әрекет жасауға тырысамыз.

Ұлттық мерекелерді өткізу барысында тәрбиешілер балаларға ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру жұмыстарын қатар жүргізіп отырады. Балаларды бір-біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру, олардың келешек білім алуға даярлауға ықпал етеді. Әсіресе, мұндай жұмыстарда екеуаралық кері байланыс міндетті түрде болуы шарт.

Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, әрі қызығушылығы артады. Өзіне не қажет екенін пайымдайды. Нәтижесінде балалар  ұлттық мәдени мұраларымызбен қолөнер туындыларымен танысады. Міне, осы мақсатта біздің мектебімізде Елбасының Жолдауындағы «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» аясында «Ата-баба дәстүрі-бүгінгі ұрпаққа өнеге» ауқымды бағдарламаны жобалаудамыз. Мұндағы мақсатымыз - қазақтың салт-дәстүрлері арқылы балалардың бойына мәдени, рухани–және адамгершілік құндылықтарды

дарыту. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәдени бай мұрамызды бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Осы бағдарлама аясында балаларды ұлттық негізде тәрбиелеу үшін ұлттық нақыштағы қолөнер туындыларымен таныстыру және балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар халық педагогикасын кеңінен насихаттап, сол арқылы балабақшадағы өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие берудегі маңызын көтеруді жоспарлап отырмыз. Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық. Сондықтан да рухани жаңғыру аясында осы бағдарламаны қолға алып, жоспарлап жатырмыз. «Ел

болам десең, бесігіңді түзе», - дегендей қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық

дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтін

лайықты салт-дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа

ғасырда әр халық,ұлтын, дінін,тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға тырысады. Олай болса салт-дәстүр өсіп келе жатқан баланың ой-санасын

қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін

тигізеді. Сондықтанда осы бағытта жұмыс жасауды балабақша ұжымы болып жоспарлап жатырмыз.

Қорыта келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі

ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, туымызды жықпай, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің міндетіміз болып табылады. Жалпы мектептің педагогикалық ұжымы күш-жігері Отанды, халқымызды, туған-туысты құрметтейтін шығармашыл және талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағыталуы тиіс. Алдымызда осы құндылықты бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аябайтын, білімді иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшу бойынша білім ордамызда арнайы ақпараттық тақта орнатылды.

«Рухани жаңғыру» аясында мен өз күнделікті сабақтарымды мектептің тәрбие жұмысы жоспарын және де Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын міндетті түрде тәрбие мен білім беруде басшылыққа аламын. 21 ғасырда тәрбие және білім параллелді түрде берілуі қажет. Мақсаты: оқушылады Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыру. Сабақта мен қолданатын білім беру құндылықтары: әріптестік, азаматтық жауаптылық, ашықтық. Көрнекліктер: интеративтік тақта, бейнебаян, түрлі түсті парақшалар. Сабақ кезеңдерін жаңартылған білім беру бағдарламасымен ұштастырамын: сергіту сәті, тақырыпқа сәйкес стартерлер, белсенді оқыту тәсілдері арқылы топтық, деңгейлік жұмыстарды орындау (постер қорғау, синквейн құру, жоспар арқылы мәтінді мазмұндау, тірек сөздер арқылы сөйлем құру, түрлі сурет карточкалар арқылы топтарға бөліну, сурет салу, тірек сөздер арқылы коммуникацияға түсу, жағдаяттық оқиға құру, креативті ойлау, интервью, ыстық орындық, сиқырлы сандық, балық қаңқасы стратегиялары, рефлексия, кері байланыстың бағдаршам, қоқыс жәшігі, бес бармақ түрлерін ) қолданамын. Оқушыларға бейнебаян көрсетемін. Бейнебаян арқылы топтық тапсырмаларды орындатамын:

1 топ: Патриот кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?

2 топ: Қандай патриот адамдарды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін?

3 топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны......)

4 топ: Мен патриотпын, себебі.......

Қорытынды бөлім. Мұғалім сөзі: алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап қажет. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінгі мен ертеңді жалғайтын қазақ елінің болашағы екенін сезінейік. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!», - деп ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»,- деп бекер айтпаған. Ендеше, бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәрбие мен білімді қатар беріп, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, ашық санасы бар, білімді, білікті, рухани жаңғырған тұлғаны дайындау – біздің парызымыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!